Өлең: Қадыр Мырза Али (Етікші) » ZHARAR

0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Етікші) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Етікші) на казахском языке

Көрдің, әлде көрмедің,
Етікші атам бар менің.
Қартпын деп ол айтпайды,
Қол қусырып жатпайды.
Тук-тук, тук-тук,
Қол қусырып жатпайды.
Құрып алып малдасын,
Жалпақ басты балғасын,
Пышағы мен бізін ап,
Отырғаны қызық-ақ.
Тук-тук, тук-тук,
Отырғаны қызық-ақ.
Қоңыр күзде, көктемде,
Қара жаңбыр төккенде
Кетпесін деп сыз өтіп,
Тігеді ол бізге етік.
Тук-тук, тук-тук,
Тігеді ол бізге етік

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз