Өлең: Қадыр Мырза Али (Белгісіз Бальзак) » ZHARAR

0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Белгісіз Бальзак) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Белгісіз Бальзак) на казахском языке

Жастығы мен арманы қатар жанған
Жігіт кезде жарлылық батар жанға.
Әлі әлемге белгісіз бала Бальзак
Мансарда да тұрады пәтер жалдап.
Қасы түгіл,
Жақыны,
Досы күлген
Жоқтыққа өзін үйреткен осы күннен.
Қара суық соғады терезеден,
Қырау кіріп тұрады есігінен.
Тоңған қолын жылытып от ерінге,
Түршігеді ұйқыға кетерінде.
Әйел де жоқ жанында,
Сәби де жоқ,
Мақсат бірге тұрады пәтерінде.
Табамын деп бәрінің бір амалын,
Тастамайды аузынан ұран-әнін.
Жазады да жатады повестерін,
Жазады да жатады романын.
Кейде сондай қалжырап дана миы,
Салмағынан зіл-ойдың талады иық.
Жаза-жаза жанары қарауытып,
Жаза-жаза саусағы қалады ұйып.
Іссіз оның арайлы таңы тұман,
Босамайды бір мезет қамытынан.
Бүкіл әлем өртеніп жатса-дағы,
Бас тартатын ол емес бағытынан.
Тынады деп ойлайсың түбі немен,
Жарығы оның сөнбейді түніменен.
Терезеден үңіліп,
Үн шығармай,
Тыңдайды оның күбірін тынып емен.
Болашаққа жеткізер мұрат асыл.
Бальзак күшті амалсыз ұнатасың.
Маңдай тері тамшы боп тамады оның
Қиындықтың тесем деп қара тасын.
Жары болып сен оны аймала, түн,
Жақын, сірә, күні де бәйге алатын.
Жұмыс деген «қамытта» қасиет бар
Даңқ-тәжге түбінде айналатын

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com