Өлең: Қадыр Мырза Али (Ағаның «ақылы») » ZHARAR
Айтайын сыр саған мен:
Дойбы ойнап бір ағаммен,
Үш-төрт рет қалдырдым,
Құмарымды қандырдым.
— Жақсы ойнадың, інішек,
Біз де бір кез білгіш ек!—
Деді ол түйіп қабағын,—
Нашар бірақ сабағың!
Көп ойнайсың дойбыны,
Зияны мол,
Қой мұны!
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com