Өлең: Өзіме берген кеңесім
Күтпегейсің! Асықпай басса қадам
Қарауға есігіңнен, не болды?- деп
Басыңа іс түскенде ауыр,жаман
Ұмытқайсың! Деп тұрса-Мен толғанмын!
Өткен кезді ұмытып, кім болғанын
Берген уәде-сөэдері ұшса егер
Сезінгенде оңынан жел тұрғанын
Шақырмағын! Енжарды әуре болып
Ол бәрі-бір келмейді қолын созып
Оларда тек денеде сыртқы мүше
Басқа мүше бермеген оған қосып
Іздегейсің! Адамды есітетін
Көп ішінен бұрылып кезігетін
Өзіңменен тағдыры жоғарыдан
Жіп-жіңішке жіппенен есілетін
Ұстанғайсың! Адамды адал ұғым
Қайғы-мұңды бөлісе алатұғын
Қаншалықты болсада пікір талас
Ең соңында сенімен қалатұғын
Сене білгін ұятты білетінге
Ақша емес иманмен жүретінге
Бос уәдені ешқашан бермейтұғын
Уәде берсе орындап өлетінге
Асыққайсың! Өзіңе құштар жанға
Қуанатын көргенде анда-санда
Бір мезет дидарласу нәр беретін
Бір жыл бойы жетерлік әр-бір таңға
Сақтағайсың! Қымбат жанды жүрегіңе
Уақыттыңда көнбейтін үкіміне
Сондай адам болса егер бақыттысың
Жетелейтін биіктің биігіне
Көп ғой жандар бұл өмір-тұрағыңда
Бөленгендер Алланың шуағына
Кездескенде солармен өмірдегі
Жауабыңды табарсың сұрағыңа
Автор: Лилия Собко,
«Советы самой себе» өлеңін қазақ тіліне аударған
Нұрсат Мүбарак ұлы