Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жомарт жандарға)

0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жомарт жандарға) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жомарт жандарға) на казахском языке

Қуанышпен,
не берсеңдер де
аламын,
Азық-түлік, аздап ақша,
Баспана, бақ,—
қажеті ғой адамның.
Жырларымның ақысы ғой,
көз жасы ғой қаламның.
Штаттарда,
қаңғырғанда,
жолаушымын, сый алам,
Конақүй,
қорек,
әрине, керек,
оның несіне ұялам?
Тіршілікте,
тірі адамға,
сый тартпайтын мен бе едім
Барлығына,
бар ғаламның,
бар байлығын бергемін

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз