Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жантықтың туысқаны)


Адамның баласынан жерімеп ем,
Достастым періменен, серіменен.
Жөніңе кет, жарқыным, жөніңе кет
Ат кекілін кестім мен сеніменен.
Қайда ғана сиясың, қайда ғана?!
У таратып болдың ғой айналаңа.
…Арамзаны ақ сүтпен асыраған,
Айдаһарға қор болған, қайран ана?
Досты апарып досына жамандатып,
У таратып, лаң caп, арандатып,
Ағайынды аздырмай ала жылан,
Жөніңе кет, жымысқы, қараң батып.
Ақыл айтып тұрғам жоқ, туыстарым,
Алданбаңдар!
Азғынға жуыспағын.
Абай болғын арыңды нық ұстағын,
Араңда жүр Жантықтың туысқаны