Өлең: Мұқағали Мақатаев (Үміт)

0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Үміт) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Үміт) на казахском языке

Түнек түннің ішінде,
Көз ұшында алыстан,
Әлде ой, әлде түсімде,
Тек бір сәуле танысқан.
Ол сәулеге ұзақ қарап,
Қимадым тастап кетуге.
Алып ұшып жігер-талап,
Ұмтылдым мен де жетуге.
Ұстатар емес ол сәуле,
Келемін қуып, жетпедім.
Болмаса игі босқа әуре,
Талпына жігер еткенім.
Ол сәуле — үміт шырағы,
Талайлар қуып жығылған.
Жай тауып қалай тұрады,
Ұштаспай оған шыбын жан

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!