Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тірі адамдар өлмесін) » ZHARAR

0
114

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тірі адамдар өлмесін) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тірі адамдар өлмесін) на казахском языке

Өлім, өлім, өлім деп,
Неғыламыз күрсініп.
Өлген адам көмілмек,
Тірі адамға – тіршілік.
Өлім, өлім, өлім деп,
Өкінеміз несіне.
Өлген адам көмілмек.
Тірі адамға – несібе.
Тірі адамдар өлмесін!
Тіршілікке келгесін,
Шамы ертерек сөнбесін.
Шаруасын жөндесін,
Жаманшылық көрмесін,
Тірі адамдар өлмесін!
Жасай берсін тірі адам,
Жыламасын, шаттансын.
Бір адамнан – мың адам
Мына өмірге аттансын.
Мың түтін боп от жансын

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com