Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тірі адамдар өлмесін) » ZHARAR


Өлім, өлім, өлім деп,
Неғыламыз күрсініп.
Өлген адам көмілмек,
Тірі адамға — тіршілік.
Өлім, өлім, өлім деп,
Өкінеміз несіне.
Өлген адам көмілмек.
Тірі адамға — несібе.
Тірі адамдар өлмесін!
Тіршілікке келгесін,
Шамы ертерек сөнбесін.
Шаруасын жөндесін,
Жаманшылық көрмесін,
Тірі адамдар өлмесін!
Жасай берсін тірі адам,
Жыламасын, шаттансын.
Бір адамнан — мың адам
Мына өмірге аттансын.
Мың түтін боп от жансын
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com