Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тағдырмен бетпе-бет)

0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тағдырмен бетпе-бет) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Тағдырмен бетпе-бет) на казахском языке

Хабар жоқ саған кеткен елшілерден,
Ей, Тағдыр!
Сөйлесейік, келші бермен.
Қаншама соқпақтарға бастасаң да,
Сенімен сөйлесуді ерсі көрмен.
Білесің бе?
Мен саған бағынбаймын!
Бар ма тағы беретін зарың, қайғың?!
Көлденеңдеп жолымда тау боп тұрсаң,
Мен — мұнартқан басыңда сағымдаймын!
Сондықтан да жібер деп жалынбаймын.
Heгe жаның ашымай тірі адамға,
Heгe сала бересің бұралаңға?
Өз тағдырым — өзіме ана емес пе ең,
Жұбатпайсың неге сен жылағанда?
Жақсылықтың қимайсың қалдығын да,
Қарғысың ба, қалдырған жарлығың ба?
Мен дегенде жыландай жиырылып,
Керісінше істейсің барлығын да

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!