Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сағатым қайда сағатым)

0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сағатым қайда сағатым) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сағатым қайда сағатым) на казахском языке

Қалған ба тағы таң атып?!
Жайған ба жасыл қанатын?!
…Таусылмас менің тағатым
Соқ, соқ, соқ, менің сағатым!
Келген бе тағы күн шығып?!
Күн шығып,
Жерге құлшынып,
Енген бе тағы тіршілік?!
Армысың, асау тіршілік!
Тұрмысқа қажет табатын,
Беретін және алатын,
Мезгіл де болып қалған ба,
Алатын жерге баратын?!
Таусылмас менің тағатым
Соға бер,
Соқ, соқ, сағатым!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз