Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыздарға)

0
221

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыздарға) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыздарға) на казахском языке

Қыздарды көрсем, бір түрлі
Өзімнен-өзім мұңданам.
Тиям да бейқам күлкімді,
Өзімнен-өзім сыр бағам.
Қымбат-ау,қыздың ар-мұңы,
Қиын-ау, қиын, тым қиын.
He болар екен тағдыры?!
Үйіріліп соқса бір құйын.
Тоймайды көзім жүз көрсем,
Жайқалған менің гүлдерім!
Тоң тұрып жерге, күз келсе
He болар екен күндерің?!
Түрткілеп күдік жанымды,
Кетеді жүрек дыз етіп…
Әзірге жасыл бағымды,
Отырмын, міне күзетіп

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!