Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қашанғы бұлай өтеміз)


Қашанғы бұлай өтеміз,
Қашықтап жүріп екеуіміз!
Анамыз тасқа жерік боп,
Тас болып түстік пе екенбіз!?
Мен көнсем кейде, сен көнбей,
Сен көнсең кейде, мен көнбей;
Түнереміз де жүреміз,
Әкеміз бүгін өлгендей.
Өтеміз бе өйстіп, үнделмей?!
Өтті ғой бәрі, өтті ғой…
Өтінем сенен, кекті жой.
Қосылмас рельстердің де,
Қосылар шағы жетті ғой