Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қайырымды қарындас)

0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қайырымды қарындас) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қайырымды қарындас) на казахском языке

Meн бұларды білмейтінмін,
Білмейтінмін тегін де,
Бұйырса бір дастан жазам қарындастар жөнінде
Тіршіліктің бар шипасын барлық жанға егуде
Таныдым ғой, таныдым мен тақалғанды өлімге
Мың сан алғыс қарындасқа мың сан алғыс келін ғо.
Сырқат жанға келеді де, халін сұрап ізетпен,
Инесімен шипа құяр, сәл-пәл ғана тыз еткен.
Аңдып тұрған азуы алты қарыс ажалдан,
Сырқаттанған байғұстарды күні-түні күзеткен.
…Әлдекімнің үні естілді анау шеткі бөлмеден,
Үні естілді, демек тірі… демек тірі… Өлмеген…
Абайсызда бөлмеге енген ажал екен,Қарындас
Өмір — өлім ортасында тұра қалды көлденең.,
Өмір күлді.
Аузынан ажал заһар таратты.
Қайырымды қарындасым, жеңді білем, таң атты
Таң атты да, тамаша Күн қақты-ау дейсің қанатты
Ақ кебіні сүйретілген ажал сорын боратты.
Күн де осылай, түн де осылай,
Қайырымды қарындас,
Игілікті ісінен бір қарыс адым арылмас
Өмір-өлім ортасында арпалысқан сырқатқа,
Қарындастай қайырымды жан бұл өмірден табылмас.
Табылмас-ау…
Табылмас!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!