Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өзім үшін)

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өзім үшін) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өзім үшін) на казахском языке

Жылату көп, көңілді жұбату жоқ,
Қалай жүрсең күйесің, бәрі бір от.
Лаулап жанған арманның ұшқынынан,
Жүрегімде тұтанып жайнады шок.
Талаптанам өмірдің нұрын көріп,
«Күмәнсіз» келешекке адал сеніп.
Өмірімді ойланумен өткізермін,
Амал не, жүрек гүлі қалса семіп!
Адам боп дүниеде жаратылдым,
Мылқау емен надан боп қалатұғын.
Талабым зор, жүректе шырағым бар,
Өмірден оз үлесін алатұғын.
Біреу айтады:
«Ардақты боламын», – деп,
Әр адамның өзінше мақсаты көп.
Өріне өмір шіркін кім шығарын,
Дамылсыз миды қажып ойланам тек.
Өзім үшін от жағып, өзім күйем,
Өз ісімді өзгеден артық сүйем.
Ой топас, санам керең болса егер,
Әлекке сап жүректі неге тием?
Өзім үшін өмірге келгенмін мен,
Хабар күтем келешек үмітімнен.
Мен де адам, менің де сезімім бар,
Жат алдында жабырқар қай жерім кем?
Өзім үшін жылаймын, күлемін де,
Өзім үшін шаттанып жүремін де.
Өзім үшін тіршілік оты сөніп,
Суық көрпе ішіне кіремін де.
Дерт суын сылқып жұтқан мешкей ішім,
Жиналмай быт-шыт болған бойда күшім.
Өз тәнім өз қолымда, өз жүрегім,
Не етсем де жарайды өзім үшін

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...