Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өмірімді несіне жек көремін)

0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өмірімді несіне жек көремін) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өмірімді несіне жек көремін) на казахском языке

Өмірімді несіне жек көремін,
Ауыр-жеңіл болса да өткеремін.
Өмір қашып барады құсқа мініп,
Мен артынан жетем бе деп келемін.
Тағдырыма несіне өкпелейін,
Мойын бұрмай келіп ем, көпке дейін,
О, өмір, ұстатпаған уың бар ма?
Әкел, әкел, оны да жеп көрейін!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!