Өлең: Мұқағали Мақатаев (Майгүлге)

0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Майгүлге) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Майгүлге) на казахском языке

Қалақтай едің,
Қабірінде қалақ тұр.
Туғаныңды, өлгеніңді санап құр.
Сенің аңқау құлағыңдай қалқиып,
Қыр басынан қала жаққа қарап тұр.
Қызым менің,
Гүлім менің,
Аяулым!
Жатыр молаң жотасындай қоянныц
Құлпытастың құны маған бес тиын,
Бірақ таспен қалай жаншып қоярмын?!
Қойман, ботам.
Керегі не көк тастың.
Қыста ақ қар, жазда шалғын шөп бассын.
Өзің келген май айында ақ нөсер,
Ағыл-тегіл бізбен бірге жоқтассын.
Керегі жоқ көк тастың
Бұлданба, жүрек, бұлданба!
Жиылып досың тұрғанда,
Жиырып сені жентектер,
Жымысқы қайғы-мұң бар ма,
Бұлданба, жүрек, бұлданба!
Қызығы тайып, қызы өлген,
Жалғыз-ақ сен бе бұл маңда?!
Қыс қайтып, жасыл көктемде.
Қызғалдақ өсер қырларда.
Өкініш айтып өткенге,
Бұлданба, жүрек, бұлданба!
Сары алтын дейді сабыр іс,
Тепкілей берме, өкпемді.
Қыз деген құрғыр сағыныш,
Сағынту үшін кеткен-ді.
Бұлданба, жүрек, бұлданба!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз