Өлең: Мұқағали Мақатаев (Лашынға)

0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Лашынға) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Лашынға) на казахском языке

Бүгін де, кеше де, өткенде
Іздесең қателік көп менде.
Қауғадай басыма барлығы
Сірә да соқпай бір өткен бе…
Іздесен, қателік көп менде,
Сен бірақ түңілме, жек керме!
Лайсаң, жауындар, дауылдар
Болмай ма күн шуақ көктемде.
Өмірде кең, даңғыл жол қайда…
Дауылдар, жауындар болмай ма,
Бас қорғап жататын ондайда
Айтшы өзің, мен шымшық торғай ма?
Лайсаң жауындар, жауыңдар,
Жауыңдар, жауыңдар, жауыңдар.
Лай су шаймайтын арым бар
Дауылдан қорықпас жаным бар!!!
Іздесең қателік көп менде
Бүгін де, кеше де, өткенде,
Сен бірақ түңілме, жек көрме!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!