Өлең: Мұхтар Шаханов (Жұбайлар жыры)

0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Жұбайлар жыры) казакша Өлең: Мұхтар Шаханов (Жұбайлар жыры) на казахском языке

Қуаныш пен бақыттан мүсіндеген,
Келбетіңнен сенімнің күшін көрем.
Сен сияқты мені ешкім еркелетіп,
Сен сияқты мені ешкім түсінбеген.

Қайырмасы:
Асыл жарым,
Жайнаған жасыл бағым.
Бағаласаң — бақытыңмын,
Сағынсаң — қасыңдамын.
Арманды дара қумаймыз.
Құстың қос қанатындаймыз.
Жүректе от жанып,
Тауларды бетке алып,
Бірге ұшып барамыз болашаққа.

Сен бар жерде керегем кең сияқты,
Кең сияқты, терезем тең сияқты.
Ешкім мені дәл сендей өкпелетіп,
Жұбата да алмаған сен сияқты.

Шаттығымның бастауын сенен көрдім,
Сенен көрсем қалайша төмендермін.
Енді, сәулем, бәрі де әділетсіз,
Бізді бақсыз, бақытсыз дегендердің

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!