Өлең: Мұхтар Шаханов (Жұбайлар бар әңгімесі таусылған)

0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Жұбайлар бар әңгімесі таусылған) казакша Өлең: Мұхтар Шаханов (Жұбайлар бар әңгімесі таусылған) на казахском языке

Тағдырыңды қатыгез де, сараң де,
Сен сүйгенмен, ол сүймесе — шараң не?
Махаббат ол — қос жүректің әні ғой,
Өзіне сай дауыс керек әр әнге.
Сүйіктім-ау,
Сәнсіз өмір мәнді ме?
Мәнсіз адам шырқай алмас әнді де.
Бәсеңдетпе,
Қарлықтырма дауысыңды,
Бақытсыз боп қалмау үшін мәңгіге.
Сүйіктім-ау,
Әнсіз өмір мәнді ме?
Ән түзелсе, түзейміз ғой сәнді де.
Жұбайлар бар әңгімесі таусылған,
Ал махаббат — таусылмайтын әңгіме!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!