Өлең: Мұхтар Шаханов (Баба Түркістан)

0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Баба Түркістан) казакша Өлең: Мұхтар Шаханов (Баба Түркістан) на казахском языке

Түркістаным, бабалардың қалғымайтын көзіндей,
Ардақтысың, қара күшке жеңілмеген сезімдей.
Сені танып білмегеннің даңқы биік жанбаған,
Олар ылғи тамырсыздық сырқатынан сорлаған.

Қайырмасы:
Фарабиден шуақ көрген,
Иассауиге қуат берген,
Күллі түрік әулетіне астана
Асыл қала, Ғасыр қала,
Жаны мәңгі жас қала —
Түркістаным — бабам,
Түркістаным — бабам,
Батанды бер маған.

Талай-талай өр кеудені ай қондырған төсіне,
Жоқтамады, қайсар тарих сақтамады есіне.
Сенің бағың — ғасырынан озып туған ұлдарың,
Сондықтан ғой, қалың елге мақтаныш боп тұрғаның.

Адамдығын аласартқан пенделердің бәрі де,
Жете алмайды сен ұсынған өнегенің мәніне.
Әрқашанда ізгілікке бұрып елдің санасын,
Сен тұра бер нұрландырып қазақтың кең даласын

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!