Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Қара нар керек біздің бұл іске) » ZHARAR

0

Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Қара нар керек біздің бұл іске) казакша Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Қара нар керек біздің бұл іске) на казахском языке

Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қайтіп
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір — біріндеп сөксе де,
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске.
Маң-маң басқан сары атан
Маңғыстап шығар өріске.
Бұрынғыдай қарыны
Қона алмадық қонысқа,
Келе алмадық келіс.
Жағалай қонып қонысқа,
Тағы жақын келдік орысқа.
Ат басына соқтырып,
Ата-енені сөктіріп,
Нәлет болсын, жігіттер,
Біздің осы жүрген жүріске
Тағыда таңдап су ішкен,
Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген,
Тағы сынды мырза едік,
Тағы да келдік тар жерге.
Таңдансақ тағы болар ма,
Тәңірінің салған бұл іске

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com