Өлең: Фариза Оңғарсынова (Үйім – менің отаным) | фариза оңғарсынова Үйім – менің отаным өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Үйім

- Жарнаманы баса кетіңіз -

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Үйім - менің отаным) казакша Өлең: Фариза Оңғарсынова (Үйім - менің отаным) на казахском языке

Үй – сарай өткізердей хандар күнін
(мұндай жай – біраз жұртқа арман бүгін),
сыңғырап бұлақ үні, Күн әйнектен
төгеді біздің үйге таңнан нұрын.
Балкон ба? Балкондағы елес бөлек!
Гүл мұнда жайқалады ерекше бек.
Ойлайсың осы жерге орман-дала
біржола көшіп келген емес пе деп.
Бөлмеден сәби күлкі шашылса – құт,
төменгі көршілердің басын шағып,
жүреді біздің үйдің патшалары
қырдағы қозы-лақтай асыр салып.
Бәрі үйде: ас, су, кино, білімің бе,
қонақ жоқ келіп-кетер мыңы күнге.
Үйіңе бір енгесін, қияметтей
далаға қайта шығып, кіруің де.
Көршімен отырмаймыз сыр ағытып,
үнсізбіз – қойғандаймыз сына жұтып.
Уақыт жоқ амандыққа кей көршінің
жүреміз түсін ғана шырамытып.
Туса да қилы-қилы басыма күн,
осында сан қуанып, жасығаным.
Әйтеуір бір рахат күтетіндей
мен ылғи ошағыма асығамын

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...