Өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаршадым-ау)


Шаршадым-ау…
Қайтсем енді тыныштық табар жаным,
жүйке менен жүректі тарамдадым.
Ләззат ап әрнеден басқалардай
өмір кешу — бұл күнде бар арманым.
Күйретердей жанымда жанар жалын*,;
жүрегіммен жыладым, алаңдадым.
Кең дүние салмағын, салқындығын
жиып-теріп үйгендей маған бәрін.
Тұрақтар ма менде бір қпіқ-тыным?
Не жетпейді — халқыма сүйіктімін!
Махамбетті, Блокты жылытқан Күн
тұр мінеки маған да құйып нұрын.
Сездірмейтін суық не ыстық жайды,
достарым бар ойлатпас жұт, сыз жайлы.
Олар желкен-сезімін жайып салып,
мені дауылды айдынға жұтқызбайды.
Не жетпейді — баптаулы он-пырағым?
Қанағатсыз, тойымсыз қалтырадым.
Дауыл күнгі теңізді шыр айналған
шағаладай тынымсыз шарқ ұрамын.
Өтсе менде дырдумен мұңсыз әр күн,
саялауға жанымды құлшынар кім?
Мен, асылы, тыныштық күйге түссем,
қайраңдағы балықтай тұншығармын