Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қоңырқайлау өтуде күз кештері)

0
219

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қоңырқайлау өтуде күз кештері) казакша Өлең: Фариза Оңғарсынова (Қоңырқайлау өтуде күз кештері) на казахском языке

Қоңырқайлау өтуде күз кештері,
дос дегендер қанша күн жүздеспеді;
шарттылықты немесе шақыруды
былай қойып, келмейді іздеп сені.
Жарқыл қағып келетін жандар бұрын
қарсы алуға асығып таңдар нұрын,
сағынысып келмейді, ант еткендей
өткізуге көрмей-ақ қалған күнін.
Бітті ме әлде ақтарар сырлар құрып,
осы жайлар әйтеуір жүр жанды үгіп.
Достар қайда әнімен, әзілімен
отыратын үйіңді думан қылып.
Ұмытқандай адамдар сағынуды
өз-өзінен шаршаулы, жабығулы.
Бір-біріне самарқау, енжар бәрі,
қайда кеткен жас шақтың бағы нулы?
Емес пе еді жұптасу адам әні,
осыншалық не бізді даралады?
Бір-біріне бас сұқпай көршілер де
қорадағы қозыдай қамалады.
Жалыққанмен ортадан сыртта күлген,
құтқармайды ол (одан да құпта бірден),
сен қаншама үйіңді қорған қылып
ошағыңның басында бұққаныңмен

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!