Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Вокзалдар)

0
54

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Вокзалдар) казакша Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Вокзалдар) на казахском языке

Тірлігіменен сан қырлы
Бүгінді,
Ертең,
Кешені,
Жердегі бүкіл тағдырды
Вокзалдар бастан кешеді.

Алыстап,
Аңсап,
Қосылып,
Ыстықтап,
Жанып,
Тұншығып,
Қия алмай,
Қинап,
Кешіріп,
Қайнайды ғажап тіршілік.

Бейтаныс пенен таныстан,
Апталап,
Айлап,
Күні-түн,
Жақыннан мейлі,
Алыстан
Ол өшірмейді үмітін.

Армандай алыс жолдармен,
Адамдарымен қанша мың,
Вокзалдар темір қолдармен
Құшақтап алған жер шарын.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!