Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Бөлтірік)

0

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Бөлтірік) казакша Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Бөлтірік) на казахском языке

Кіп-кішкене бөлтірікті ұрадан ?
Алып келді біздің үйге бір адам.
Сыйға тартты шын қызықты біздерге,
Сол сыйлығы бәрімізге ұнаған.

Бірте-бірте бөлтірікте өзінің
Кетті ұмытып бөрілік бір сезімін.
Шөп қорада ойнап жүріп бір күні
Көзі түсті жанарына қозының.

О, ғажап-ай, тұрып қалды таңданып,
Есі кетіп,
Көзі жанып,
Жанданып!
Содан кейін жалт бұрылып, жоқ болды,
Бұл қорада жүргеніне арланып.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!