Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Біржанға хат)
Мінсе берік, шапса жүйрік қазан атым,
Құлақ сал «Телқоңырға» жамағатым.
Баласы Қожағұлдың Біржан салға,
Жіберген хат пен қалам, аманатым.
Мінуші ем кербестіні жылқы жия,
Біржанға арнап ақ қағаз, алдым сия.
Сібір мен Орынборға атым шыққан,
Баласы Басығараның Қанапия.
Тас бітер тау басына қия-қия,
Қолыма қалам менен алдым сия.
Әдейі үш-төрт ауыз Біржанға арнап,
Сөз жазған осылайша Қанапия