Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Сүймесең де түсінуді қалашы)

0

Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Сүймесең де түсінуді қалашы) казакша Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Сүймесең де түсінуді қалашы) на казахском языке

Өмір сондай тамаша,
Сезім оты оянса.
Жақсы көріп, ұнатып,
Жүрек оны қаласа.
Сүю деген ұнатудан бір басқа,
Сәл көрмесең сағыну.
Біреулерге қиялдау мен күйзелу,
Армандаумен өз-өзінді жұбату.
Ғашықтықты талай ақын жырлаған,
Мөлдір ыстық сезіміне бөленіп.
Ән мен күйғып көліне,
Аққу-қазын қондырған.
Ғашықтықтың сезімін,
Баға жетпес сый ғып ұстап жүректе,
Жалғыз қалып махаббатсыз,
Талай ару мұң шекті.
Талай ару өтті өмірден,
Басқа жанға қосылмай.
Берік ұстап махаббаттың сезімін,
Сүймесе де сүйгеніне бас ұрып.
Сүю деген қос жүректің қалауы,
Сүймесең де түсінуді қалашы.
Жүзі сұлу болмаса да сені сүйген пенденің,
Жаны сұлу болар мүмкін қарашы.
Кен пейілді жаны сұлу адамнан,
Түңілмеші, түңілмеші.
Жаны сұлу болғанның,
Тәні сұлу боларын да байқашы.
Шексіз сүйген жүректі бағалашы,
Алдамашы, аялашы.
Қос аққудың сыңарындай,
Жалғыздықта қалдырмашы.
Сені сүйген жүректі,
Қайғы мұнға батырмашы.
Сүю деген қос жүректің қалауы,
Сүймесең де түсінуді қалашы.
Жүзі сұлу болмаса да сені сүйген пенденің,
Жаны сұлу болар мүмкін қарашы.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз