Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Әке деген асқар тауың білесің бе?)

0

Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Әке деген асқар тауың білесің бе?) казакша Өлең: Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Әке деген асқар тауың білесің бе?) на казахском языке

Әке деген асқар тауың білесің бе,
Әке деген асқар шыңың сезесің бе.
Әке деген аққан бұлақ нәр беретін,
Әке деген жол көрсетер ақылшың.
Әке деген бар жылуды жинап алған,
Ай мен күн.
Әкең барда қанат бітіп,
Құс сияқты самғайсың.
Әкең барда көз салмайсың әріге,
Әр нәрсенің байыбына бармайсың.
Әкең барда асқар таусың,
Әкең барда алынбайтын қамалсың.
Әке деген бойыңдағы күш-жігер,
Әке деген сүрінгенде тірегің.
Әке деген айбатың,
Әке деген қиындықта қорғаның.
Әке деген асқар тау,
Әке деген сырласың.
Әке деген асыл тұлға болған соң,
Бәйтерекке теңедім.
Сол бір күні көктемнің,
Күні жетіп,
Сол бәйтерек опырылып,
Құлап түсті орнынан.
Қайғы кернеп,
Дүние тоқтап қалғандай.
Алай-түлей дауыл болды көкіректе,
Сенің жоғың қабырғама батты да.
Енді міне сен жоқта,
Арқа тұтар әкешім,
Асқар тауым шағылып,
Күш-қуатым сарқылды.
Қиындықта іс түссе,
Жол көрсетер ақылшым,
Жанға демеу болатын,
Сенің жоғың сезілді.
Енді міне түсінем,
Сен бардағы еркелік.
Еркелікке бой беріп,
Жасағаным қателік.
Кезі-кезі келгенде тасып та алам,
Сен есіме түскенде жасып қалам.
Құс сияқты самғағым келсе дағы,
Қанатымның қайырылғанын сезіп тұрам.
Әке сенің жоғыңды білдірмейм деп,
Туысқанға мейрімімді шашып тұрам.
Сонда дағы білінер сенің орның,
Басқаларға сездірмей тұрсам дағы.
Енді бүгін түсінем,
Анамды мен.
Аспан көкке жеткізген,
Әке есімін.
Ой жүгіртіп қарасам,
Өткенге мен.
Тамаша өмір сүріпсін,
Асыл жанды жар қылып.
Көк Волгаға мініп ап,
Сайран ғұмыр кешіпсің.
Алғашқы боп Меккеден,
Қажы болып келгенсің.
Сексен екі жасында жас ақ әке,
Шүкіршілік етейік бір аллаға.
Шанырағың ұлғайып, бой көтеріп.
Өсіп жатыр бұл күнде ұрпақтарың.
Жаққан отың жанып тұр,
Сөнбейтіндей.
Өшпейтіндей артыңда,
Із қалдырдың.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!