Өлең: Аяулы менің мектебім

0

 

Өлең: Аяулы менің мектебім казакша Өлең: Аяулы менің мектебім на казахском языке

 

 

Ақшәулі орта мектебім
өзіңде оқып көктедім,
он бір жыл оқып өзіңде
білімімді өзім өткердім.

Алғашқы менің ұстазым
Бишән апай бір өзің,
Әліппені үйретіп
тұсауымды сіз кестің.

Ақшәулім менің аяулы
есімде бәрі баяулы,
өзіңдей білім беретін
ешқандай мектеп жоқ әлі.

Он бір жыл бірге оқыған
достарым менің армысың,
мектептен бірге асыр сап
замандастарым бармысың.

Ақметсәлім ағамыз
қойды талай бағасын,
жетекші болып сыныпқа
жетектеді баласын.

Клара апайым өзі ғой
аяқтатып мектепті,
ұямыздан ұшырып
жол көрсетіп беттетті.

Аяулы менің мектебім
өзіңді аңсай жүремін,
достар мен бірге ескалып
сағына сағына жүремін!!!

Ерік Еренғазыұлы
12.09.2018.ж.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!