Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Жөргек)

0

Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Жөргек) казакша Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Жөргек) на казахском языке

Шырылдап безек қаққан балапандай,
Нәр сұрап тіршіліктен бала таңдай.
Жатқанда жайылып ең астыма кеп,
Жөргегім — кең мекенім алақандай.
Толғантқан күні-түні бала қамы,
Ананың секілденіп алақаны.
Жатып ең жамбасында жұп — жұмсақ боп,
Өмірден алғанда алғаш алақаны.
Өзіңнен басталыпты береке күн.
Басы сен бақыт пенен берекенің.
Мол кебін емес өзің ұқтырасың,
Мынау жарық жалғанның кең екенін

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com