Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Қыстағы ой)


Қабаған аяз сықылдап,
Бетімнен алып тістеді.
Дәурені өтіп жатыр бақ
Тұнжыратты қыс мені.
Иығыма мұз артып,
Ақ дүлей боран қағынған.
Екі бетті қызартып,
Жіберді тартып жағымнан.
Күні-түні ұлыған,
Жалықтырды өкпек үн.
Сергіген жаным нұрынан
Көктемім қайда, көктемім…
Іркеді ойдың тізгінін,
Арқадан аяз өткен күн.
Қыс болмаса біз құнын,
Білмес едік көктемнің