Өлең: Абай Құнанбаев (Қажымас дос халықта жоқ)

0

Өлең: Абай Құнанбаев (Қажымас дос халықта жоқ) казакша Өлең: Абай Құнанбаев (Қажымас дос халықта жоқ) на казахском языке

Қажымас дос халықта жоқ,
Айнымас серт қайда бар?
Алда көрген артта жоқ,
Мысқыл, өсек, айла бар.

Жақсылығың күнде ұмыт,
Бір жаңылсаң, болды кек.
Пайдасынан бой суыт,
Өзі тимей жүрсе тек.

Пайда, мақтан өзінен,
Артыла ма ант ұрып?
Жарыса өсек сөзінен,
Айта берсін шарқ ұрып.

Кімге достық көп еттім,
Түбі болды бір кейіс.
Жақсы өмірім әуре1 еттің,
Жар таба алмай бір тегіс.

Жау қожаңдап бұртайып,
Дос құбылып, әуре етер.
Кімі тентек, кімде айып,
Тексере алмай өмір өтер.

Сыйласарлық тектінің,
Кім танымас нұсқасын?
Күнде өзімшіл ептінің,
Несін адам ұстасын?

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз