Өлең: Абай Құнанбаев (Күлембайға)

0

Өлең: Абай Құнанбаев (Күлембайға) казакша Өлең: Абай Құнанбаев (Күлембайға) на казахском языке

Уағалайкүмүссәләм,
Болыс, мал-жан аман ба?
Мынадайға кез болдың,
Аума-төкпе заманда.
Ел билеген адам жоқ,
Ата менен бабаңда.
Болыстықтан пайда қып,
Шығыныңды алсаң, жаман ба?
Қалжыңдаймын әншейін,
Оған келе де бермес шамаң да

Орныңнан тұра шабасың,
Атшабар келсе қышқырып.
Ояз келсе, қайтер ең,
Айдаһардай ысқырып?
Отырасың үйіңде
Өз өзіңнен күш кіріп.
Босқа-ақ түсіп қаларсың,
Біреу кетсе үшкіріп!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!