Ол неден жасалған балабақшадағы ашық сабақтар

0

БАЛАЛАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ

Тәрбиеші:  Майгүл Матайқызы Жексенова, Кентүбек ауылы, «Қарлығаш» бөбектер бақшасы 
Топ: 2-кіші топ
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлім: Экология.
Тақырыбы: «Ол неден жасалған»
Мақсаты: «Ол неден жасалған» сұрақтар қоя отырып, ойыншықтардың түрлерімен, олардың сапасымен ойнау тәртібімен жолдарымен таныстыру.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы 
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.
Шаттық шеңбері:
-Сәлем,  саған күн ,
— Сәлем саған, күн шуағы.
— Сәлем, достар, сәлем достар.
Мотивациялық кезеңі: 
Есікті біреу тарсылдатып қоржын әкеледі. Қоржынның ішінде түрлі ойыншықтар болады. 
-Оны мақта қыз әкеледі, ойыншықтар неден жасалғанын айтып берулерін сұрайды.
Іздену кезеңі: 1-орталық Экология .Әр баланың көзін жауып үстел үстінде жатқан затты сылап-сипау әдісімен қандай ойыншық, неден жасалғанын айтқызу, ойыншықтарды сындырмауға баулу.
2-орталық Көркем әдебиет. Балалар ойыншықтарды құшақтап, бауырларына басып өлең, тақпақтардың айтады. 
Көрініс: «Мақта қыздың достары »әңгімесін сахналау. Ортаға Мақта қыз шығады. Ағаш мата, темір, қағаз оның досы болуға таласады. 
Темір: -Мен мықтымын, менен жасалған ойыншық  сынбайды. Мақта қыздың досы болуға мен лайықпын.
Ағаш: Жоқ, мен Мақта қыздың досы болуым керек, өйткені, мен жеңілмін, менен жеңіл , әрі қолайлы ойыншық жасауға болады. 
Мата: — Тоқтаңдар, мен матамын менен Мақта қыз өзіне, қуыршағына көйлек тігіп, алады. 
Қағаз: — Қойыңдар, дауласпаңдар, барлықтарың маған  керексіңдер сондықтан, келіндер «Достық» өлеңін айтайық.
—    Біздің топта ұл- қыздар , 
—    Тату –тәтті ойнаймыз.
—    Әлемдегі бар адамға,
—    Тек жақсылық сыйлаймыз.
3.Сурет салу орталығы. Ойыншық салынған суреттерді бояу.
Қорытынды кезеңі: Әр баланың  сүйікті ойыншығы қандай, ол неден жасалғанын әңгімелету. Сұрақтар қою   арқылы тілдік қорын молайту.    

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!