Ойыншықтар сыры балабақша ойындары

0

Ойыншықтар сыры

 

Тақырыбы: Ойыншықтар сыры.
Тобы: Бірінші сәбилер тобы.
Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, оның көлемімен, пішіндерімен таныстыру. Ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы, сөздік қорын молайту. 
Балалардың қабылдау, есте сақтау қаблетін дамыту. Ойындар ойнату арқылы балалардың ынтасын арттыру.
Көрнекіліктер: Түрлі-түсті ойыншықтар, үлгі суреттер, үнтаспа.
Әдіс -тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ -жауап ойыны.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы: Балалар музыка әуенімен залға қолдарын шапалақтап кіреді. Келген қонақтармен амандасады.
Тәрбиеші: Балалар, бізге күн сәулесін төгіп тұр. Қане қолымызды жоғары көтеріп күннен жылулық алайық. Осы жылуды бойымызға төмен қарай береміз. Енді бір-біріміздің қолымыздан ұстап, күліп қарап жылы лебімізді білдіриік. Осы алған жылуды бәріміз бір ортаға жинап, топты нұрландырамыз.
Осы кезде әсем әуенмен Күлдірген келеді.
Күлдірген: 
—    Сәлеметсіздерме, балалар?
—    Сәлеметсіз бе?
—    Мен балалар күлдіргенмін.
—    Балалар сендердің аттарын кім?
—    Менің атым Назерке.
—    Ал сенің атың кім?
—    Менің атым Темірлан.
—    Ал сенің атың ше?
—    Менің атым Әсем.
—    Ал сенің жасың ше?
—    Менің жасым екі де.
—    Ал сенің жасың нешеде?
—    Менің жасым үште.
Ой қандай жақсы балалар аттарың да, дастарың да нешеде екенін біледі екен.
Күлдірген: Апай мен керемет сиқыршымын. Мен жүрген жердің бәрі ғажайып әлем, мен сіздің балаларыңызға керемет көрсетіп берейн бе?
Тәрбиеші: Жарайды көрейік, кереметіңді көрсетші онда. Үстел үстінде түрлі-түсті әдемі ойыншықтар тұрады, беті жабулы, Күлдирген жапқышты ашып  қалғанда…
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Олай болса қане балалар ойыншықтармен сырласайқ. Сендер қандай ойыншықтар көріп тұрсыңдар айтыңдаршы? Аю, қоян, ит, қой, сиыр, мысық.
Балалар, мысық қалай дыбыстайды екен?
—    Мяу-мяу дейді,
—    Қане балалар қайталаңдаршы мяу-мяу.
—    Қой қалай дыбыстайды?
—    Бә-бә дейді.
—    Ал сиыр ше?
—    Мө-мө дейді.
—    Ал ит ше?
—    Аф-аф дейді.
Балалар сендер қандай ойыншықтар жақсы көресіңдер?
—    Мен мысықты жақсы көрем.
—    Мысықтың түсі қандай?
—    Сары.
—    Бізге құлағын көрсетші?
—    Құлағы міні.
—    Дұрыс.
—    Мысық не ішеді екен?
—    Сүт ішеді.
—    Осы мысық туралы тақпақ білесің бе?
—    Иә.
Пеш түбінде мысық отыр,
Аздап көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі оның қышып отыр.
Назерке сен қандай ойыншықтарды ұнатасың?
—    Қоянды қнатамын.
—    Қоянның аяғы барма?
—    Иә.
—    Құлағы ше?
—    Иә бар, құлағы ұзын.
—    Қоян не жейді?
—    Сәбіз жейді.
—    Қоян туралы тақпақ білесің бе?
—    Иә.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен ,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Нұрсылтан сен қай ойыншықты алдың?
—    Допты.
—    Доптың түсі қандай?
—    Көк.
—    Дотың пішіні қандай?
—    Дөңгелек.
—    Доп туралы тақпақ білесің бе, айта қойш.
Добым, добым домала,
Балшыққа сен жолама.
Бүлдіресің қолымды,
Жек көремін оныңды.
Балалар мына доп әдемі екен. Қане осы доппен ойын ойнайықшы.
Ойынның шарты: Балаларды екі топқа бөліп, бір-  біріне жылдамдылықпен доп беру ойыны.
Қане балалар санаймыз бір, екі, үш дегенде бастаймыз. Енді балалар, бала-бала балақан әнімен серуен жаттығуын жасайық.
Бала-бала балақан,
Қане қайсы алақан?
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнап.
Топ-топ болайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса жарқын күн,
Жаса-жаса алтын күн. 
Ойын: Күлдірген балалармен бірге пирамидалар құрастырады, балалармен бірге жарысып мұнара құрастырады.
Күлдірген: Балалар мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұр. Күлдірген балаларға ойын шартын түсіндіреді.
Ойынның шарты: Кіші пирамидаларды құрастырп жинайды. Күлдірген әр баланың алдына жеке-жеке пирамиданы беріп, содан мұнараны құрастырп жарыстырады. Өзі де балалармен жарысып ойнайды. Тез құрастырған баланы Күлдірген мадақтайды.
Тәрбиеші: Қане балалар осы ойыешықтарға арнап ән айтайық.
Ән: Ойыешықтар.
Күлдірген: Балалар мен сендермен қоштасайын, мені басқа да топта балала күтіп тұр. Әлі де сендерге қонаққа келемін.
Тәрбиеші: Балалар біз ойыншықтар сырымен таныстық. Сендер ойыншықтар туралы көп нәрсе білесіңдер, ойыншықтар туралы өлең, тақпақ айттыңдар, ойын ойнадыңдар.  Сендерге көп-көп рахмет. Балалар, енді қонақтармен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздар!

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!