Ойыншықтар әлеміне саяхат балабақшадағы ашық сабақтар

0

Білім саласы: «Таным, Қатынас, Денсаулық»

ҰОІӘ: «Тіл дамыту, Дене шынықтыру, Қ.М.Ұ.Қ. қоршаған
              орта»

Тақырыбы: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»

    Ашық іс әрекет мақсаты:
а) Балалар бұрыңғы меңгерген білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.
б) Не? Нелер? Қайдан алуға болады? Қандай? Неден жасалған сұрақтарына жауап беруге, байланыстырып сөйлеуге үйрету. 
в) Ұқыптылыққа,тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әр түрлі ойыншықтар, тақпақтар, ойындар,слайд сызбасы.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелету, түсіндіру, көрсету және сергіту.
Пәнаралық байланыс: Қатынас (Тіл дамыту)
                                       Денсаулық (Дене шынықтыру)
                                       Таным (Қ.М.Ұ.Қ. қоршаған орта)
      Сөздік:  Ағаштан, шүберек, резеңкеден.
ҰОІӘ барысы:
Шаттық шеңбері:
                      Ойыншықпенен денеміз,
                      Шынығамыз өсеміз.
                      Жылдан жылға бір жылға,
                      Үлкен болып өсеміз.
Тәрбиеші: Балалар сендер немен ойнайсыңдар? 
Балалар: Ойыншықпен
Тәрбиеші: Қане, балалар сүйікті ойыншығымызды атайықшы.
Балалар: Қуыршақ, машина, доп т.б.
Тәрбиеші: Балалар саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?
Балалар: Ия,ұнайды.
Тосын сәт: Осы кезде Ақзере жылап келеді ойыншығын
жоғалтып алып.
Тәрбиеші: Балалар Ақзереге көмектесеміз ба 
ойыншығын тауып беруге және ойыншығын табу үшін 
өзімізбен бірге саяхатқа алып шығамыз ба?
Балалар: Ия, алып шығамыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар ендеше 
ойыншықтар әлеміне саяхатқа жол тартайық.
Үш столда ағаштан, резеңкеден және пластмасса 
мен шүберектен жасалған ойыншықтар тұрады. 
Балалар мына жердегі не екен қарайықшы 
жаймендеп бетін ашайықшы және Ақзеренің
 ойыншығын іздейік?
Балалар: Ия қарайықшы.
Тәрбиеші: Балалар мынау қандай ойыншық?  Түсі қандай? Пішіні қандай? Неден жасалған? Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?
Ақзере: Көре алмай тұрмын өз ойыншығымды.
Балалар: Бұл доп. Пішіні дөңгелек. Резеңкеден жасалған. Түсі сары.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, ендеше мына столдағына еөрейік. Мынау қандай ойыншық? Пішіні қандай? Неден жасалған? Түсі қандай? Ақзере осының ішінде сенің ойыншығың бар ма?
Ақзере: Мына ойыншықтардың ішінен таба алмадым.
Балалар: Домбыра. Сопақ пішінді. Ағаштан жасалған.Сары.  Сандық. Төрт бұрышты. Ағаштан жасалған. Түсі көк.
Тәрбиеші: Үшінші столды қарайықшы 
Балалар мынау қандай ойыншықтар? Неден 
жасалған?  Түстері қандай? Ақзере осының 
ішінде сенің ойыншығың бар ма?
Ақзере: Алақай, менің ойыншығым табылды. 
Мынау менің ойыншығым. Балалар рахмет сендерге ойыншығымды табуға көмектескендеріңе.
Балалар: Машина, қуыршақ. Машина темірден жасалған қатты. Қуыршақ шүберектен жасалған жұмысақ. 
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар әр түрлі ойыншық түрлерін көрдік. Бұлар жай ойыншықтар емес сиқырлы ойыншықтар. Ендеше балалар ойыншықтар түрлерін көрдік, сипаттама бердік. Енді ойыншықтар тцуралы тақпақтарымызды айтайықшы. 
Жансая: Добым, добым домалақ, 
               Қайда кеттің домалап.
               Қызыл, жасыл, сары көк,
               Сенімен ойнайтын бала көп.
Санжар: Ойыншықтар қандай, қандай,
       Қызыл, жасыл, сары, көк,
       Түрлі – түсті түстері
              Көз тартады өздері.
Алдияр:     Мынау ойыншық әлемі, 
                   Ойыншықтары әдемі.
                   Таңдап алып біреуін
                   Бөпеме алғым келеді
                   Сынып қалса бір жері
                   Жөндеп бергім келеді
                   Жылатпаймын бөпемді
                   Үлкенмінғой себебі.
Қызғалдық: Добым, добым, домалақ
                     Қайда кеттің домалап.
                     Секіртейін келе ғой,
                     Маған билеп бере ғой.
Слайд сызбасы: 
Мақсаты: Көгілдір экраннан көрген 
слайд сызбасына сүйене отырып 
ойыншықтарды сипаттауға үйрету, заттың 
түсін, пішінін, қалай  сипаттауға 
болатынын айтады көлемін ажырата білу 
біліктілігін қалыптастыру. Ойыншықпен 
ойнауды, сындармауды және ойнап болған соң жуып сүртіп орнына жинауды үйрету.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Ойыншықпен не істейміз?
Балалар: Ойнаймыз.
Тәрбиеші: Ойыншықтар бізге ренжімеу үшін не істеуіміз керек?! Оларды лақтырмаймыз, сындырмаймыз, жуамыз. Біздің топта ойыншықтардың өз орны бар. Біз ойнап болғаннан кейін, оларды жинап орнына апарамыз. Біздің ойыншықтар таза. Олар бізге ренжімиді. 
Ойын: «Поезд» тақпағымен ойын ойнау.
                       Қане кімнің бойы ұзын,
                       Паравоз ол пойыздың.
                       Қатар – қатар тұрайық,
                       Пойызды біз құрайық.

Шалқар қаласы  №12 балабақша тәрбиешісі:  М.Жумагулова

II- кіші топтарында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің

Технологиялық картасы
 Өтілетін күні: 02.05.2012 ж
 Тәрбиешісі: Жумагулова Маншук Амангельдиевна
 Білім беру саласы: «Таным, Қатынас, Денсаулық»
 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Тіл дамыту, Дене шынықтыру, Қ.М.Ұ.Қ. қоршаған орта»
 Тақырыбы: «Ойыншықтар әлеміне саяхат»
 Мақсаты: а) Балалар бұрынғы меңгерген білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік     
                         қорларын  молайту.
                    б) Не?Нелер?Қайдан алуға болады? Қандай? Неден жасалған сұрақтарына жауап беруге, 
                         байланыстырып сөйлеуге үйрету
                    в) Ұқыптылыққа, тазалыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әрекет кезеңде    
Тәрбиешінің іс-әрекеті

    
Балалардың іс-әрекеті    
Ескерту

Дәлелдеу    
Шаттық шеңбер:
Ойыншықпенен денеміз,
Шынығамыз өсеміз
Жылдан жылға бір жылға,
Үлкен болып өсеміз.     

Шаттық шеңберін жасайды.    

 

Ұйымдастыру,
іздену
    
Балалар сендер немен ойнайсыңдар?
Балалар саяхатқа шыққанды ұнатамыз ба?
Тосын сәт: Ақзере жылап келеді ойыншығын жоғалтын алып. 
Балалар Ақзеренің ойыншығын табуға көмектесейік. Беті жабулы үш столға қойылған ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығып Ақзеренің ойыншығын іздейміз. Әр түрлі ойыншықтардың пішінін, түсін, көлемі туралы сұрау. Слайд сызбасын көрсету арқылы балаларға сұрақ қою.    
Балалар сұрақтарға жақсы жауап берді. Есіктен кіріп келген Ақзереге таңқала қарады және оған көмектесуге дайын екендерін білдірді. Беті жабулы үш столдағы ойыншықтардың аттарын атап, пішіндерін, түстерінде айыра салыстыра білді. Слайд сызбасы арқылы көрсетілген бейне көрініс арқылы қойылған сұрақтарға да бұлжытпай жауап берді. Балалар өздері білетін ойыншықтар туралы тақпақтарында айтты.     

Рефлексифті 

түзету    

Қорытындылау. Мадақтау.
Ойын: «Поезд»    

Ойын: «Поезд»    

 

  
      Білу: Бұрынғы меңгерген білімдерін тиянақтау, ойлау қабілеттерін дамыта білу.     

      Игеру:  Сұрақтарға жауап беруге, ойыншықтардың неден жасалғанын игеру

     Меңгеру: Ойыншықтардың түстерін, пішінін айыра білуге меңгерту.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!