Ойша жылдам есептеу – ақыл-ойға арналған жаттығу

0









Ойша жылдам есептеу – ақыл-ойға арналған жаттығу

Автор: Ашимова Эльмира Калдыбековна

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 2 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-29


Материал туралы қысқаша түсінік

Ойша жылдам есептеу – ақыл-ойға арналған жаттығу




Тақырыбы: Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа есептер шығару.Мақсаты: 1) Бір-біріне қарама-қарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару әдістерімен таныстыру, жақындау жылдамдығы деген ұғым беру.2) Оқушыларды қозғалысқа қатысты есептерді шығару дағдыларын, ақыл-ойын, ой-өрісін, танымдық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттырып, өзойын қорытындылай білуге баулу.3) Өз Отанын, елін сүйетін, білімді де, саналы, нағыз патриоттарды тәрбиелеу. Жолда жүру ережесін сақтауға үйрету.Сабақ типі: жаңа білімді меңгертуӘдістері: түсіндіру, «Ой ашу» стратегиясы, сұрақжауап, топтық жұмыс, логикалық тапсырма, көрнекілікпен жұмыс,Көрнекілігі: интерактивті тақтаСабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың оқу құралдарын толық алуын қадағалап, назарын сабаққа аударамын.ІІ. «Ой ашу» стратегиясы. Бүгін әр жауап берген сайын дөңгелек аласыңдар. Сабақ соңында сол бойынша бағаланасыңдар. Балалар, таңертең тұрғанда күнді дене жаттығуларынан бастайтын сияқты сабағымызды «Ой жаттығуларынан» бастайық. Менің сұрақтарыма жылдам жауап беріңдер.Қандай сан? Ойсергек ойындарын жүргізу.ІІІ. Тірек білімді еске түсіру.Сұрақтарға көрнекілікті пайдаланып жауап береді де, өрнектерді тақтаға шығарады.І топ. 1) Шеңбер деген не? Радиус ше?2) 4200 * 70=294000ІІ топ. 1) Дөңгелек деген не? Диаметр ше?2) 5100: 30=153000ІІІ топ. 1) Жылдамдық, уақыт, қашықтық туралы айт.2) 1500 * 80=0Сонымен қозғалысқа қатысты қандай ұғымдармен таныспыз? /………… /IV. Сабақ мазмұнымен таныстыруСандарды өсу ретімен қойып шығайық.Қандай сөз шықты.? — ҚОЗҒАЛЫСЕндеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бірбіріне қарамақарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығару.Дәптерге күнді жазу, көркем жазу.Ү. Жаңа сабақ. Бүгінгі сабағымызда бірбіріне қарамақарсы бағыттағы қозғалыстарға есептер шығарып үйренеміз. Сызбаға қарайық. Автокөліктер бірбіріне жақындап келеді.V¹=40 км/сағ ——————— t =? сағ ——————— V²=60 км/сағ———————————— S = 400 кмУақыт бірлігінде нысандардың бірбіріне жақындауын жақындау жылдамдығы дейді. Бірбіріне қарамақарсы бағытта қозғалу кезінде жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.V жақынд. = V¹ + V²60 + 40 = 100 ( км/сағ )- автокөліктердің жақындау жылдамдығы.Автокөліктердің неше сағаттан кейін кездескенін білу үшін, алғашқы арақашықтықты жақындау жылдамдығына бөлу қажет.t = S: Vжақынд.400: 100 = 4 ( сағ )Жауабы: автокөліктер 4 сағаттан кейін кездесті.— ҮІ. Оқушы білімін алғашқы бекіту.. №2 есепті шығар (Оқушыға есепті оқытамын, талдаймыз) Бұл есепті 2 тәсілмен шығаруға болады, осы тәсілдерді қарастырып, түсіндіріп көріңдер. (тақтаға ілемін)1 – тәсіл1) 14 • 2 = 28 (км)2) 12 • 2 = 24 (км)3) 28 + 24 = 52 (км)2 – тәсіл1) 14 + 12 = 26 (км/сағ)2) 26 • 2 = 52 (км)2 ә) өздік ретінде ұсынуСергіту сәті.— №3 тапсырмаІ топ. 1 №3 (а) 60 + 40 = 100 (км/сағ) – Vжақынд.100 • 2 = 200 (км)Жауабы: ауылдардың арақашықтығы 200 километрІІ топ №3 (ә) 60 • 2 = 120 (км) – 1 — автокөлік(200 – 120 ): 2 = 40 (км/сағ)Жауабы: V²= 40 км/сағІІІ топ №3 (б) 60 + 40 = 100 (км/сағ) – Vжақынд.200: 100 = 2 (сағ)Жауабы: 2 сағаттан кейін— Осы есептер бірбіріне кері есеп бола ма?— / кері есептер /Тағы да бір кері есеп құрастыруға бола ма? / /Сонымен бірбіріне қарамақарсы қозғалысқа берілген есептерді шығаруда жақындау жылдамдығы жылдамдықтардың қосындысына тең болады.ҮІІ. Логикалық тапсырмаларҮІІ. Оқушылардың тірек білімдерін пысықтау жаттығулары. 4 ауызша. Уақыт қаншаға артты???12: 15 ———→13: 05 ————→16: 25———(50 мин) ——(3 сағ 20 мин). №5 әр топтан бір оқушыдан шығып берілген өрнекті тиімді тәсілмен есептейді.450 • (2 • 7 ) = (450 • 2 ) • 7 = 900 • 7 = 6 300720 • ( 9 • 2 ) = ( 720 • 9 ) • 2 = 12 96017 • 2 • 8 • 125 = ( 17 • 2 ) • (8 • 125 ) = 34 • 1000 = 34 000№ 6 тапсырма ( Сызбамен жұмыс )Кесіндінің қайсысы радиус болып табылады?Қайсысы диаметр?Радиустар 1) ОС, ОМ, ОХ, ОА 2) ОС, ОВ, ОДДиаметр 1) ХС2) ВДҮІІІ. Сабақты қорытындылауБүгінгі сабақ бойынша сұрақтарың бар ма? Сабақтан не түсіндіңдер? Не білдіңдер?ІХ.. БағалауХ. Үйге тапсырма.№7№8Кері Ілмек сөздер: қарсы, математикадан Ұқсас жаңалықтар:







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.