Ойнайық та, ойлайық

0

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математика

Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық»

Мақсаты:

  1. Білімділік: Цифр мен таңба арқылы 1-5 санының қатарын ретімен, кері ауызша санау. Логикалық ойындар арқылы білім-біліктілігін арттыру.
  2. Дамытушылық: Баланың танымдық, шығармашылықіс-әрекетін дамыту. Жан-жақты ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамыту.
  3. Тәрбиелік: Жұмбастарды шешуіне қызығушылығын ояту. Ептілікке, ұқыптылыққа, бір-бірен деген достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Сандар, кубик, теледидар, карточкалар.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, сөздік.

Қостілділік компонент: бір, екі, үш, төрт, бес – один, два, три, четыре, пять.

Тақтамен жұмыс:

1-тапсырма: 1-5 дейін санау.

2-тапсырма: 1-5 дейін  тура және кері санау.

3-тапсырма: қостілділік компонент орысша санау.

4-тапсырма: «Қай сан жок?»

Шаттық шеңбері:       Арайлап таң атты

                                               Айын шапақ таратты,

                                               Қонақтарға қуанып

«Балдәурен» бақшасы

Есігін кең ашты.

                                              Сәлеметсіздер ме, апайлар!

         Логикалық ойын: Сипау арқылы сана.

         Жұмбақ:

  1. Бір бала, бес бешпет.

                            Бір киініп, бір шешкен. (қолғап).

 

  1. Оң қолымда бес сарбаз,

                            Сол қолымда бес сарбаз.(10 саусақ).

 

Сергіту сәті:        Оң қолымда бес саусақ,

                             Сол қолымда бес саусақ

          Қосып едім екеуін

          Болып шыұты оң саусақ.    

 

         Дидактикалық ойын: «Көңілді сандар»

         Керісінше тұрған сандарды рет-ретімен қоямыз. Жартысы жоқ сандарды құрастырамыз.

 

Қорытынды:     Бүгін міне ойнадық

                            Ойнадық та, ойладық

Қандай тапсырма болса да

Шешпей оны қоймадық

Бүгін сабақ жаңаша

Сандарды жаттап алдық

Күнде осындай тапсырма

Тәрбиеші: Размет, балалар, іс-әрекетке жақсы қатыстыңдар. Бүгін бәріне бес санын қоямын.    

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!