Ойлан,тап балабақша ойындары

0

Ойлан,тап

 

Білім беру саласы: 
Тақырыбы: Ойлан,тап.
 Бөлімі: Логика
Мақсаты:Балалар суреттегі заттарға мұқият қарап,зер сала білуге үйрету.Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Ұқыптылыққа, суреттегі жетіспей тұрған заттарды таба білуге үйрету.
 Билингвальды компонент: дөң, қос аяқта.

Әрекет кезеңдері    
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы кезең    Балаларды сабаққа дайындау. Дөңгелене тұрғызып,өлең айытқызу.
Кел,балалар,күлейік.
Күлкіменен түлейік.
Қабақ  түйген  не  керек,
Көңілді боп  жүрейік.    
Әліппе – дәптер, қарындаштарын үстел үстіне шығарып қояды.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең     — Жарайсыңдар, балалар! 
-Логикалық қисынды есептер.
Жұдырықта  неше  саусақ  бар?
Анасының  мысығы, иті, қызы бар.Анасында  неше бала бар?
Дүкеннен анам 4 бұрышты 2 доп алып  келді, оның біреуін  ініме берді. Менде неше доп қалды?
Дұрыс айтасыңдар балалар доп 4 бұрышты болмайды.
4 бұрышты не болады?

1. Қазір беторамалға лайық жамауды тауып өз орнына апарамыз.
-Сергіту  сәті.
       Орнымыздан  тұрайық.
       Қолымызды созайық
       Бойымызға күш жинап,
      Бір  тынығып  алайық.
-Дидактикалық ойын: «Не   артық»
Суретте қайсысы артық? Қалғандарын бір сөзбен қалай атауға болады?
2. Жақсы балалар, енді мына суретке қарап не жетіспей тұрғанын тауып суретті аяқтаймыз.
Жұмбақ шешейік.
1.Пыр-пыр етіп инелік,
  Инелік емес үй делік.
2.Әкемнің тор тайы, 
Май жалап ,су ішсе,
Тоқтамай жортады.
3.Суда жүретін көлік
Ол  не?

3.Ойын «Кім жылдам»
 Қазір  балалар шардың суретін шеңбердің ішіне,алманың суретін екеуінің ортасына ,ал
қиярдың суретін шаршының ішіне саламыз.     

5

1
4 бұрышты доп  болмайды

Балалар өздері білетіндерін айтты.
Балалар жамауды тез тапты.

Балалар бірге жасады.

Ойынды өте қызығушылықпен ойнады.

Балалар  бірге орындады.

Ұшақ

Машина

Кеме

Балалар жауабын бірге тапты.

Бірге орындады.

Рефлексивті-түзетуші кезең    
Сабақты қорытындылау.Балаларды мадақтау.
Логикалық жұмбақтар шешуге қызығушылығы оянды.
Алған әсерлері  туралы сұрау.   Әңгімелеп беру.    
Балалар өзара оқу – іс әрекетінен алған әсерлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже: Суреттің   ерекшелігін ажырата біледі.
Білуі керек:Есте сақтай біледі.Жұмбақтарды ойланып шешуді, ойын әдістерін, сөздік қорын меңгереді. 
.Жасай алуы: Берілген тапсырмаларды орындау арқылы түсінгендерін көрсетті.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!