Ой түю қисындары (3 бөлім) — Философия — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Қаз дауысты Қазыбек бидің жас кезінде оған жоғарыдағы сұрақ қойылғанда: «Мен әкеме жете тудым деп ойлаймын, ал одан асып бара жатсам алдағы өмір көрсетер» деп жауап берген екен.
«Көппен көрген ұлы той»,
«Көп түкірсе — көл» сынды мақал-мәтелдерді сандық, сапалық қатынастарға байланысты нақтылы жағдайларда ретімен қолданатын би-шешендер оларға кері ағар нұсқаларды да зейіндерінен тыс қалдырмаған. Солардың ішіңде Төле биге телінетін нұсқасы мынадай: Құм жиылып тас болмас, Құл жиылып бас болмас; Тамам жарлы жиылып, Қонған жері көң болмас; Тамам султан жиылып, Сөйлеген сөзі жон болмас; Ұры-қары жиылып, Ұйытқылы ел болмас; Жаманды қанша мақтасаң, Жайды білер ер болмас ‘.
Сонда Төле би Ташкентті азат етер жолда мұның ұранына құлшынып, жаппай бас көтерген оннан — мұнан, құл — құтаннан құрылған «Құрама» атты рулы елге риза болғаннан:
— «Құл жиылып бас болмас, құм жиылып тас болмас» дегенім бекер екен — дағы. Басшысы табылса, құлдар Қырымды алады, қиюын тапса, құм — бұзылмайтын қара тас болады, — депті Төле би1. Өмір диалектикасынан үлгі алып, жіті пайымдап, ілгеріде айтылған, кейбір нақтылы жағдайларға байланысты ақиқатты сипат алатынға тұжырымдардың төрт құбыласы түгел, төрт аяғынан тең басып тұрмайтынын андаған сұңғыла данышпанның ой толғау қисыны бұл. Төле би өмірінің сұйылар шағында халқын жиып алып өсиет –аманат сөзін айтқанда да диалектиканың атып атап, түрін түстемесе де, оның рухына сай толғанған. Сондағы өсиет нысаны ат құны, ер құны, қыз құны болған ғой. Сандық өлшемнің сапалық өреге тең түспей жатқандығын әйгілеп, үш құнға байланысты ережені бұзуға қоспай ма, Төле би. Бұл — дала кемеңгерінің айшықты диалектикалық ой толғау үрдісі.
Сан мен сапалық өлшемдерді дала тіршілігінің жаңа талаптарына сай қайта екшеуі, жарғылық ережелерге жаңа тыныс, жаңа сипат беруі өсиет етуі. Бұл дүниенің, фәнидің қарызын бақи алып кетпейін деген дананың данышпандығы. Кезінде сондай кесім — бітім жасап едіңіз деп оны ешкім кіналамас еді, өйткені оған би кінәлі емес еді. Халық қамын ойлаған, пенделік бақастық, күйкі тірліктің былығынан таза, арлы да адал, исі қазаққа ортақ, ұлы перзенттің ұлағатты ісі бұл! Төле бидің аталмыш толғауын дәстүрлі қазақ қоғамына тән көшпелі өмір салтының обьективтік диалектикасын субъективті диалектика орайында шығармашылықпен бейнелеу деп бағалаған жөн. Оның үстіне біз бұл арада және де үшкілдік қағиданы кездестіреміз. Бұл қағида Төле бидің басқа да толғауларында көрініс береді:
— Атың жақсы болса, пырағың,
Ұлың жақсы болса, шырағың,
Қызың жақсы болса, құрағың.
Ал әйелің жақсы болса:
а) иманың, о) жиғаны,
б) ырысыңның тұрағы.
Төле би қарама-қарсылықтардың бір-біріне айнала алатын жағдаяттарды да жіті пайымдаған:
— Кедейге де бақ қонатын күн болады, Біреудің өтірігі шын болады. Батырдан бақ қайтатын күн болса, Қанша тауып айтса да, мін болады. Қаңғыртса ханның қызы ханшаны,
Бақытсыз, бір бейшара күң болады, — деп толғайды, ол. Осындай ой толғаудағы диалектикалық қисын қаз дауысты Қазыбек биге де, Әйтеке биге де тән. Көз қарақтылық үшін мысалдар келтірейік:
…Қанды қырғын ұрыстан кейін бейбітшілік жолмен бітімге келу үшін қазақ пен ойрат бір-біріне мәмлегер елшілік жібермекші болады. Жоңғария қонтайшысы: (сірә, Цеван Рабтан болса керек) «Қазақтың атақты үш биінің бірі келсін. Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұрған біреуі келсе, бітім болмайды» деп қолқа салады. Осы хабарды естіген үш би қырандай дүр сілкініп, әрқайсысы өзі бармаққа ниет қылған екен. Төрде отырған Төкең екі биге кезек қарап, екі етегін қымтанып, екі иығын қомданып қойып, тамағын қырнапты:
— Уай, қос інім, қос шырағым! Аға боп алдарыңа түсейін деп тұрмын. Ағаң — алдындағы әуелеп өскен дарағың. Інің — қанатың мен құйрығың, қайрап салар жарағың. Артымда сендер барда қанат жайып самғармын, алдаспанды сермермін. Дауласқанды жайғармын, жауласқанды жерлермін. Мен барайын бұл жолға! — депті.
Сонда Әйтеке жай оғындай жарқ етіп, жайраң қағып, шапшаңдық танытып:
— Уай, Төкем! «Аға — бордан, іні — зордан» демей ме. «Іні — найза, аға — қорған» демей ме. Арқамды қорғанға тіремеймін бе, найзамды ерсілі-қарсылы іремеймін бе. Жағаласқанды жапырып, дауымды аршып, күремеймін бе. Менің баруым жөн емес пе? — дейді ғой.
Сол кезде қоңыр қаздың дауысындай даусын бір жотадан бір жотаға асыра салпылдатып Қазыбек есіліп кетіпті:
— Уай, асыл ағам! Уай, асқақ інім! Ағасы бардың жағасы бар емес пе. Жағасы бардың тоқсан пәледен сақтар панасы бар емес пе. Інісі бардың тынысы бар емес пе1. Тынысы бардың елде ырысы, жауда ұрысы, дауда — жұмысы бар емес пе?
Екі би үнсіз бас шұлғып, бірақ тіл қатып ләм дей қоймапты. Қаз дауысты Қазыбек енді Төле биге еңсере бұрылыпты:
— Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен. Қазақта хандыққа жолсыз талассаңдар болғанмен, билікке жөнсіз таласқандар болған емес. Ендеше әділ би, әділетін өзің айт. Аттың басы күшті ме, белі күшті ме, құйрығы күпті ме?
— Шырағым, Қазыбек, жол бастайды әманда омырауы жүйріктің. Бүгелекті карда пайдасы мол құйрықтың. Аттың белі қызметті көп қылар, саған кепті кезегі осы жолы бұйрықтың. Жай онда қолыңды!
Атаңызға ата бол!
Батамызға бата бол!
Арып-ашқан ғаріптің,
Жел жағына жота бол!
Панасызға пана бол,
Кек сақтамас бала бол!
Дос сүйініп, қас силар,
Асу бермес дана бол! — деп батасын беріпті, Төле би. Жалпы билер жөнінде, әсіресе атақты үш би хақында «пәленше қазып айтады, түгенше жарып айтады» сынды сүйсіну, марапаттау сөздер көп айтылады, солардың ішінде біздің көңілімізден көбірек шығатыны: «Төле тауып айтады, Қазыбек сауып айтады, Әйтеке қауып айтады». Кейбір филолог ғалымдарымыз «қауып» деген сөзді сөкеттеу көріп, басқа балама іздестіреді. «Қауып» дегенді не итке, не мінезсіз жаман адамға тілегендіктен. Біздің ойымызша бұл сөзде ешқандай сөкеттік жоқ. Арқалы, азулы би «қауып» айтса, оның не сөкеттігі бар? Азуың болмаса, қалай қабасың, аяғың болмаса, қалай шабасың? Зады, «қауып» айтудың сыпайылаған түрі жауынгерлік, қаһармандық дәстүр деп аталынып, Сырым мен Махамбетке телініп жүрген рухтың шынайы көрінісі болар. Кіші жүз биінің сөз саптау, ой толғау үлгілерінен жаугершілік, батырлық, батылдық, қаһармандық иісі аңқып тұрса, оны неге «қауып» айтады демеске?
Енді елшілікте айтылған диалектикалық ой желілеріне тоқталайық. Жоғарыда айтылғандай Қазыбек қалмақ еліне үш мәрте елші болып барған ғой. Соның алғашқы сапарында жас бала кезі екен, ағаларына атқосшы болып елшілікке ілескен екен. Қалмақта есесі кетіп, ұлы-қызы тұтқында жатқан қазақ елінің жіберген елшілік миссиясының басшысы Тай келтір би асып айтпайтын бұқпа кісі екен, ә дегеннен:
Өлеңді өзгеге бердік,
Өрлікті төменге бердік.
Алдияр тақсыр, алдыңа келдік,
Берсең алдық, Бермесең қалдық,
Сөзді өзіңе салдық! — деп қонтажының алдында төменшіктей сөз тастаған екен. Оған мерейі үстем болған хан Берг іс, мұрты тікірейіп: — Олай болса, кешке дейін бір жауап қайырармын, ал жауап қайтпай қалған күн болса, ат-тонның амандығында елді таіііқан да теріс болмас, — деп сөзді үзіп тастайды. Қазақ елшілері тығырыққа тіреліп, үзілген сөзді жалғауға қазақ жағынан ешкім шыға қоймайды. Сонда есік жақта отырған жас Қазыбек орнынан атып тұрып хан Бертіске жетіп барады да:
— Ердің ерден несі артық,
Ептестірген сөзі артық.
Малдан малдың несі артық,
Бір-ақ асым еті артық.
Жерден жердің несі арттық
Бір-ақ уыс шөбі артық, Міндетіне алған сөзден,
Шегінген жігіттен,
Аштан өлген аюдың өті артық!— дейді де, — ел ебелек емес, ер көбелек емес, дат! — деп үстейді.
— Дауысың қаздың дауысындай қаңқылдап түр екен, ал датыңды айтып, — дейді хан. Сонда Қазыбек:
— Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпанға басындырмаған елміз,
Басымыздан сөзді асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәмі — тұзын ақтай білген елміз.
Асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай білген елміз.
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,
Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз,
Сен қалмақ болсаң, біз қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз.
Сен темір болсаң, біз көмір,
Еріткелі келгенбіз.
Қазақ, қалмақ баласы,
Табысқалы келгенбіз.
Танымайтын жат елге,
Танысқалы келгенбіз.
Танысуға келмесең,
Шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан болсаң,
Мен арыстан,
Алысқалы келгенбіз!
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз,
Берсең жөндеп бітіміңді айт,
Бермесең, дірілдемей жөніңді айт.
Не тұрысатын жеріңді айт! — деп суырылғанда,
Қоңтажы не дерін білмей сасып қалыпты. «Көре-көре, көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады» деген мәтел сезді тәрк еткен табиғи талант, суырылған жез таңдай шешендік осыңдай — ақ болар! Филипп патшаның алдында мүдірген Демосфеннің құлағына алтын сырға! Халық дипломатиясының қайнар көзі осындай шешендік толғаулардан, өңкей диалектикалық, шебер логикалық, әрі «сылдырлап өңкей келісім» деп ұлы Абай айтқандай, өзара кіріккен ой желілерінен шықпай қайдан шығушы еді? Мұнда бітімге шақыру да, алдаусырату да, Қоқан — лоққылық та, күш көрсету де, ызғар шашу да, мәмілеге жетектеу де, дипломатиялық қулық та, психологиялық жітілік те, азат халықтың, еркіндік сүйгіш елдің идеологиялық тұғыры мен айбын — айбары да, бейбітшілікке етенелігі де, серіппедей серпінді рухы да, бәрі-бәрі ерекше сұңғылалықпен айшықталған. Әрі бұл арада көзге ұрып тұрғаны — толғаудың диалектикалық қарама-қарсылыққа негізделгені. Және де таразы басы тең емес. Арасалмақтың ауыр басы — қазақта. Қалмақ темір болса, қазақ көмір, ерітіп жібереді, Қалмақ қабылан болса, қазақ арыстан, жеміріп жібереді, т.т. Қазақ жағы қайшылық күрестің бас бұйдасын ұстаған іспетті. Ал бұйда кімнің қолында болса, жол бағыты да соның ықтиярында…
Айта берсек, қазақ би-шешендерінде мұндай диалектикалық ой желілері көптеп саналады. Олардың бәрін адақтап шығу мақсат емес. Бұл жерде қатты зейін аударатын нәрсе — қазақ билерінің логика мен диалектиканың атын атап, түрін түстемей-ақ туа біткен талантының, интуициясының аркасында жүйелі сөздің мәйегін жіті пайымдап, сөзден сөз туындатып, шешендікті іс жүзіңде жаңа сатыға көтере алған жойқын, мантық аясынан табылатын ой түю қуаты. Атақты философ Артур Шопенгауэр айтқан екен, көне Грецияда логика мен диалектика синонимдер ретінде қолданылған деп. Жөне де логика (мантық) ой тербеу өнері болса, диалектика — пікір таластыру, дауласу өнері. Логика жүйелі ойлау заңдылықтары туралы ілім болса, ол жоқ жерде ақыл-ой оз заңдылықтарына өзі үңіліп, іштей өзін тәртіпке түсіре алады, дейді А. Шопенгауэр. Ал диалектика болса кем дегенде екі ақыл-ой иесінің рухани күресінің негізінде жүзеге асырылады1. Кез келген адам өз пікірін дұрыс санағысы келеді, бақталасынын ойынан қателік іздейді, және өзінің пікірін жақтап шығуға күш салады, ондайда диалектика ақиқатты айшықтау құралынан тіл ұстарту, шешендік шеберлікті шындау құралына айналады. Би-шешендер іліміндегі диалектикалық ізденістер осының айғағы. Сондықтан да қазақ билеріне тән диалектикалық ой желілері ішкі қайшылығымен, даму динамикасымен жөне өмір диалектикасын шынайы бейнелей алу мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Осы орайда билердің диалектикалық ой желілеріне арқау болған, перзенті аталмыш мәселелерді пайымдауда бүкіл Ресейдегі озық ойлы материалисттердің деңгейінде тұрады.
Қоғамдық өмірге тарихи — нақтылық қағидасын қолдану Шоқанның мына төмендегі көрсетілген тұжырымдарынан айқын көрінеді: біріншіден, реформаны жүргізу алдында әлеуметтік ортаны, оның тарихи жағдайларын, өмір салтын, аталмыш реформаға мұқтаж, яки мұқтаж еместігін таразы талқысына салып әбден зерттеп білу қажет; екіншіден, басқа халыққа қолайлы, пайдалы реформаның бәрі кез-келген халыққа пайдалы болуы шарт емес. Бұл жәйтке жүгінгенде, жоғарыда келтірілген себептерді ескергенде христиандарға, отырықты орыс тұрғындарына арналып жобаланған әкімшілік өзгеріс, егер Ресейдің европалық, азиялық бөлігінде көшіп-қонып жүрген бұратына халықты басқаруға бүтіндей қолданылса, онда мұндай өзгерістен ешқандай да пайда келуі былай тұрсын, нағыз тұрпайылық болар еді»- дейді Шоқан. Бұл тұжырымына европалық елдердің тәжірибесінен көптеген мысалдар келтіре отырып, Шоқан тарихи — нақтылық қағидасының талабы қатаң сақталынбайынша ең жаңа деген реформаның өзі ешқандай оңды нәтиже бермейтіндігін пайымдайды. Әрі мұндай реформалар қарсаңында халық пікірін сұраудың орнына үстем таптардың, шонжарлардың жағымпаз ұсыныстарымен шектелудің таптық мәнін де Шоқан көре білді. Шонжарлар мен халық мүдделерінің қабыса бермейтіндігін ашып көрсеткен ол, қоғамдық өмірге таптық тұрғыдан, яки материалистік — тарихи тұрғыдан қарай алған-ды. Сонымен қатар, Шоқан ез халқының да даму дәрежесіне сай біраз ойлар түйіндейді: «…халық пікірі, — дейді ол, — әсіресе білімсіз, мәдениетсіз тұрлаусыз халықтың пікірі әрқашан да халықтың шынайы көкейкесті тілегінен шыға бермейді. Адам баласы өзін-өзі ұғынбай, езін қоршаған дүние жайында түсінігі кем болып, тіршілігін жақсартуға тәуекелге бел байлап, соқырға қарманып, әйтеуір ұмтылыс жасап тырбанады, сондықтан да жалғанды шындық, залалды пайда санап көп қателікке ұрынуы ықтимал», — дейді Шоқан. Сондықтан реформаны жүзеге асыруға шын мәнінде атсалыса алатын лайықты адам үстем таптың да, қараңғы халықтың да қарапайым екілі емес, ез халқына жаны ашитын танымдық, ғалымдық зеректігімен ерекшеленетін, қоғамдық өмірге шынайы талдау жасай алатын ағартушылық жолын берік ұстанған ғұлама ғана болуы тиіс.
Өйткені реформаны жүзеге асыру үшін ең алдымен «тайпалық организм жағдайыңда оны қоршаған орта, ауа райы, жер жағдайы бірінші кезекке қойылуы керек. Себебі адамның ояну сезімі, қарекеті физикалық құбылыс пен әлеуметтік жағдайдың біртұтастығы емес пе. Реформа кезінде киелі саналып, кейіннен исі қазақтың дүниетанымдық ұстындарына айналған үшкілдік сынды әртүрлі сандық қағидалардың әрқилы сапалық мазмұндарымен астасқан нұсқаларын келтіре кетуді жөн көрдік: Үш жұрт 1. Ағайын жұрт — күншіл.
2. Нағашы жұрт — сыншыл.
3. Қайын жұрт — міншіл.
Үш байлық
Бірінші байлық — денсаулық, Екінші байлық — ақ жаулық, Үшінші байлық — он саулық.
Үш ұстын
1) Ел. 2) Жер. 3) Тіл.
Үш таған
1) Тақ. 2) Ошақ. 3) Отбасы.
Үш би
1) Үйсін Төле би
2) Арғын Қаз дауысты Қазыбек би
3) Алшын Әйтеке би
Үш қат
1) Жоғарғы қат (аспан, көк)
2) Орта қат (жер үсті)
3) Төменгі қат (жер асты).
Үш қуат
Ақыл қуат 2) Жүрек қуат 3) Тіл қуат
Үш ғайып
1) Ажал ғайып 2) Қонақ ғайып 3) Несібе ғайып Үш арсыз
1) Ұйқы арсыз 2) Тамақ арсыз 3) Күлкі арсыз
Үш дауасыз
1) Мінез 2) Кәрілік 3) Ажал
Үш қадірлі
1) Ырыс 2) Бақ 3) Дәулет
Үш қадірсіз (барында)
1)Жастық шақ 2) Денсаулық 3) Жақсы жар
Үш жамандық
1) Нақақ қан төгу.
2) Кісі малын тартып алу.
3) Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Бір құдірет
18 мың ғаламды жаратушы жалғыз — Алла.
Екі дүние
Бұл дүние — фәни. 2) О дүние (үлкен ауыл) — бақи.
Үш жақын
1) Жан тәтті. 2) Мал тәтті. 3) Жар тәтті.
Үш ақиқат
1) Қымбат — шындық.
2) Арзан — өтірік.
3) Дауасыз — кәрілік (Жанғұтты шешен)
Үш қуаныш
1) Алғыс алу.
2) Өзіңді көптің іздеуі
3) Ісіңнің өшпеуі.
Үш биік
1) Билік. 2) Дәулет. 3) Даналық.
Үш ынтық
1) Еркін өмір. 2) Құрметке бөлену. 3) Ғашықтық.
Үш тұл
1) Қайратсыз ашу тұл.
2) Тұрлаусыз ғашық тұл.
3) Шәкіртсіз ғалым тұл (Абай). Үш тыйым
1) Басыңа ие бол.
2) Тіліңе ие бол.
3) Қолыңа ие бол.
Үш қонақ
1) Арнайы қонақ.
2) Құдайы қонақ.
3) Қыдырма қонақ.
Үш шырақ
1) Әділ болса — әкім шырақ.
2) Ақылды болса — қатын шырақ.
3) Аяңшыл болса — атың шырақ.
Үш бұзық
1. Өтірік. 2. Уәдеде тұрмау. 3. Аманатқа қиянат.
Үш үміт
1. Жазыламын деп науқас үмітті.
2. Байимын ден кедей үмітті.
3. Кетемін деп қыз үмітті.
Үш керек
1. Ақыл керек.
2. Ғылым керек.
3. Ұғым керек.
Үш асыл
1) Көз. 2) Тіл. 3) Көңіл.
Үш артық
1. Адалдық. 2. Еңбек сүйгіштік. 3. Өнерпаздық. Үш жаман
1. Аты жаман. 2. Баласы жаман. 3. Қатыны жаман.
Үш қазына
1. Ер қазынасы — жүрген із.
2. Ел қазынасы — кене сөз.
3. Сөз қазынасы — ескі сөз.
Үш апат
1. Ғалымдар мен қарттарды сыйламау.
2. Өкіметті сыйламау.
3. Асты сыйламау.
Үш кедейлік
Кежірлік. 2. Еріншектік. 3. Ұйқышылдық (Төле би).
Үш кемдік
1. Надандық. 2. Жалқаулық. 3. Зұлымдық (Абай).
Үш бақытсыздық
1. Жаман ат. 2. Жаман қатын. 3. Жаман көрші.
Үш көз
1. Су анасы — бұлақ.
2. Жол анасы — тұяқ.
3. Сөз анасы — құлақ.
Үш тоқтам
Ақыл — арқан. 2. Ой — өріс. 3. Адам — қазық.
Иман жоқ молдалардың сәлдесінде,
Қайырым жоқ арамдардың пәлесінде.
Ой — өріс, ақыл — арқан, адам — қазық,
Жігіттер. түт осыны, мәңгі есінде, — дейді қазақ.
Үш қасиет
1. Өліде — аруақ. 2. Малда — кие. 3. Аста — кепиет.
Үш тағылым
1. Мейірімнен — сауап.
2. Жақсылықтан — шарапат.
3. Жамандықтан — кесапат.
Үш алыс
Ей жігіттер, сөз тыңдасақ құлақ сап,
Дүниеде үш алыс бар құп алса.
Көрі мен жас, жақсы — жаман, және де,
Жер мен көктің аралығы тым алшақ.
Үш ұлы ағартушы:
1. Абай. 2. Шоқан. 3. Ыбырай. Осылай кете береді. Қазақ халқының дүниетанымында торт, жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары киелі саналып, әртүрлі сапалы қисындарымен тоғысып отырады. Мысалы: төрт тылсым, төрт құбыла (шартарап), жеті қазына,’ жеті қарақшы, тоғыз айып, тоғыз толғау… дегендей.
Фәлсафа тарихында санды жеке, дербес мән ретінде дәріптеу Пифагор мектебінің дәстүрлі пайымдауларында кездеседі. Бұл мысалдан фәлсафалық дүниетанымның әлемдік деңгейдегі өзара байланыстырылып, үндестігін, сабақтастығын кергендей әсер аламыз. Өйткені әр халықтың алдыңғы қатарлы ойшыл өкілдері сез саптау үлгілері арқылы дараланып тұратын болғанымен ой толғау мантығы бойынша әлемдік рухани кеңістікте тербелетін ой жүйелеріне ортақтаса алады. Бұл орайда «Қазаққа алдымен ой керек» деп жар салған бүгінгі заманның көрнекті ойшылы, қоғам қайраткері Ж. Әбділдинге қосылмасқа шарамыз жоқ.
Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!