Ой түю қисындары (2 бөлім) — Философия — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

Тоқталмастан екінші сөзіне ауысты:

— Сыбайда да жазық жоқ. Өлім — ел жазасы емес, ар қазасы, дауа жоқ. Мал бергені, ақ тілекпен қызығын күткені анық еді. Бірақ өлім орынын оз қол қысымен толтыру керек. Салиқа қыздың қалың малы жеткен, ақы адал мал болатын. Керей, оны алдың. Бір алмадың, екі алдың. Басында алғаш алған қалың малың да аз емес еді. Елу түйенің пұлы. Кейін қызынды ықтиярына қарамай, «қартаң кісіге барады, қатын үстіне барады» деп сылтауратып тағы алдың, тағы да көп алдың. Бұл тұста Сыбан жазықты емес, араныңды ашқан Керей, сен жазықтысың. Ендеше адал бата, ақ малдың орайына, қыз иесі Сабатарға екі қыздың қалыпталын берсін. Алғаш ажуаны елу түйе, кейін еселеп алғаны жиырма бес түйе екен. Мен әрі Сыбан алдындағы, әрі өзінің қызы алдындағы жазығы үшін Керейге тағы 25 түйе айып кестім. Сөйтіп, Керей екі қыз қалың малын жүз түйе қып қайырады. Қожагелді мен Шақантай Сыбан алдында айыпты екі ата ген артады. Бұл екінші түйін. Мен бес күн бойында, осы қыз дауынан туған шығын — шабуылдың екі жағын да шолып танып, қолыма жиып отырмын. Барымта, қуғын үстінде Керейден екі жүз жылқының ақысы Сабынға ауысқан. Жүз жетпіс жылқының тобы Керейге ауысқан. Сол барымта малы, көзі барының көзі боп, көзі жоғы әр жылқының тұяғы бір бесті боп, екі жаққа ерсілі-қарсылы қайта ауыссын. Міне, ағайын, ел бірлігінің тілегінен туған менің талабым, тоқтау сөзім де осы! Мен — болдым!» — деді.

Біз Абайдың бұл билік кесімді негіздейтін толғауын толық беріп отырмыз. Билер ой ханасын зерттеп, зерделеу ісіне қажетті осындай толыққанды дәрежеге жеткен ескілік сөздер жоқтың қасы. Атышулы билер мүмкін Абайдан биік айтар, мүмкін төмен айтар, әңгіме онда емес. Мәселе нақты жағдаятқа байланысты, нақты дауға байланысты тіл безесе небір шешен — билердің ақиқатты қалай айшықтап, шындықты қалай шыңыраудан шығаратын шығармашылық қуаты, шым-шытырық, шиеленіскен небір күрделі дау-дамайдың кілтін тауып, елді риза қылатын, бітістіретін әділетті шешімге келу барысы тарих қалтарыстарында қалып қойды, бізге тек шешен сөздердің тобықтай түйіндері, нәтижелері ғана жетті. Дауласу процессінің тек нобайы ғана жетіп, нақтылы мазмұны, жүзеге асу механизмі көзімізден де, зейінімізден де тысқары қалып, небір тағылымдық, танымдық үлгілерден мақұрым қалдық. Әлбетте, атышулы Әйтеке, Қазыбек, Төле билер талай шытырмен дауды қағып, індеткен ғой. Ел зердесінде сақталған, сұрыпталған, екшелген сондай дауларда айтылған шешендік сөздер келте, қайталанбас реңктерсіз жадағай — жалаң күйінде мағлұм болып отыр. Болмаса екі ру емес, екі жүздің арасындағы жесір дауы қаншалықты алапат қиыншылықтарды әкелмеді дерсіз. Әйткенмен, де сөл шешен биліктердің тұздығы, мәйегі сақталып қалғанына да шүкір. Көкірек көзі ашық, ұлтжанды қазақ осындай ой түйіндерінен де аз ғибрат алмайды. Мысалы, Төле би мен Қазыбек ұлы жүз бен орта жүздің атынан жесір дауына түскенде қалай сөз саптаған?

Қазыбек:

— Аға болып алдымен туасың,

Алдымен жылқымды неге қуасың? — десе,

Төле би:

— Артымнан ерген еркесің,

Ағаңның көзі тірісінде,

 Жеңгеңді неге ертесің? — деп ашуланбай ма?

Сонда Әйтеке:

— Сабыр етіңдер, билер!

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген дария,

Алдын тоссаң тоқырар.

 Кісі бірге туыспау керек,

Туысқан соң, сөз қуыспау керек.

Сөз қуған бөлеге жолығады,

Жол қуған олжаға жолығады.

Төле, сен жылқыны қайыр,

Қазыбек, сен жесірін қайыр! — деп билік айтпай ма? Сонда әділ биліктің арқауында туысқандық, ынтымақ, бірлікті уағыздау ғана емес, соларды өмірлік қағида ретінде ұстану жатқан ғой. Абайдың да мақсаты сол емес пе? Жауласқан екі ағайын елді бітістіру емес пе? Бірақ қазақтың қай дауы болса да дауасын тапқан деп, әрине кесіп айтуға болмайды. Өйткені, «иманы жоқ» билерді қайда қоямыз. Алайда, шындықты көлегейлеп, қарау шешім шығару үшін де қызыл тілдің құдіреті керек. Жалған шешендік керек. Ұрымтал амалдарға жетік болу керек. Мұндай билер көбінесе мантықтың дерексізденген түріне етене келеді. Софизмге бой ұрады. Бұл туралы айтқанбыз. Қайталап жатпайық. Ал, ақиқатты айшықтап, әділетті билік жасайтын тура бидің ой ханасы диалектикалық логикаға етене келеді. Себебі, ақиқат дегеніміз нақтылы мән. Оны қаузау үшін тарихилық тұрғысынан, яғни даму үстінде қарастыру керек. Екіншіден, жан-жақты байланыс, себеп-салдарлық сабақтастық ескерілуі тиіс, үшіншіден, шым-шытырық шиеленіскен даудың себеп-салдарын оған етене диалектикалық ой түю қабілеті ғана айшықтап бере алады. Егер, А Байтұрсынов айтқандай, би-шешендер көркем созбен, яғни «түйіс сөзбен» біржақты кетсе, шындықтан алшақтап кетеді, ал қара сөзден дес бермесе шындыққа жақын жүреді, өйткені ондай жағдайда «тиіс сөзді» көбірек жағалайды. Қазақта қара сөзден дес бермеген Абайдың да ақиқатқа жақын болатын себептерінің де бірі осы «тиіс сөзді» еркін меңгергенінде деп білеміз…

Философия тарихында, шешендік өнер тарихында небір жүйелі сөздер сөйленбеді? Солардың ішінде пікірталастың алатын орны ерекше. «Сократтық сұхбат», «Аристотельдің талқылау», «ортағасырлық схоластика» сынды жауаптасуға құрылғың дәлел сөз (уәж) қазақ билерінің арасында да кең таралған. Бұл — ой кешу заңдылықтарының жалпы адамзатқа бірдей екендігінің көрінісі.

Әсіресе, пікірталастың, сұрақ-жауаптың түрі қазақ билерінің негізгі сөз саптау тәсілдеріне жатады. Оның мәнісі шешен (пропонент) қарсыласына (оппонент) «А» дегеніміз «А,» емес пе, деген сауал арқылы оппонентіне талдау хұқыны қалдырады. Айталық, оппонент «А» — не қандады. Ал, процент «А еместі» талдады, бірақ оны жария қылмады. Оның орнына ол оппонентке бір қарағанда жеңіл сұрақтар бере бастады: Сен А,-ді мойындайсың ба? А^-ні ше? Сөйтіп, біраз оңды жауаптар жиналғанда пропонент оппонентке ең соңғы соққысын береді: «Қымбаттым, сен А,, А^, .. Ап — әдемі мойындадың, демек «А еместі» де мойындауын керек» деп.

Алтынемелге байланысты жер дауы өршіп, аяғы 7 адамның өліміне әкеліп соқтырған қатысты Құнанбай, Құсбек сияқты аға сұлтандар мен Бөлтірік бастаған Ұлы жүз билері талқыға салып, шешкенде уәж орнына яки дәлел орнына молалар жүрген екен. Олардың хакастық, қалмақтық, қазақтық үлгілерін А,, А3 деп белгілесек және бұл уақыттарда Алтынемел сол мола иелерінікі екендігін мойынға алатын болсақ, онда ең соңғы мола (А4) Алақай кемпірдікі екен. Руы — Жалайыр. Найманның алты баласын мұрындарына құрт түскенде алты сиырының сүтімен емдеп жазған екен, олар рахмет айтудың орнына тәуіп кемпірдің сиырларын айдап алып кеткен. Бұл уақиға елдің есінде. Демек, Алтынемел (әзірге) — Жаламырдікі. Логикалық ой толғау белгілі бір тұжырымға жетелейтін жағдаятта алғышартты пікірлерді талдау аса маңызды амал болып табылады. Ондай пікірлер сұраулы сөйлем ретінде де, хабарлы сөйлем ретінде сөз мәтіндерінің кереге — қапталы сынды рөл атқарады. Сұраулы сөйлем, логикадағы алғышартты пікір міндетін қоса атқарады, өрі қарсыластарын мойындатып, тұқыртып алуға да жұмсалады. Мысалы, Алтынемелге байланысты жер дауында Бөлтірік бидің сөз саптауын жасанды түрде өзімізше жіліктесек, онда оның алғышартты міндет атқаратын, сұраулы сөйлемдері төмендегідей болуға тиіс:

— Жер Құдайдікі ме, жоқ па? (А,)

— Әрине.

— Заманында оны хакастар иеленді ме? Моласы бар ғой. (А^)

— Иә.

— Қалмақтың моласы да бар ғой? (А,)

— Иә.

— Алақай кемпірдің моласына күдік келтірмейсіңдер ғой ? (А4)

— Ендеше, Алақай кемір — Жалайыр руының келіні. Жер — Жал айырдікі.

Алтынемел дауында Бөлтірік ойында көздеген билік шешіміне кеп сатылы сөз саптау арқылы дәйектілікпен жетеді. Мақсаты Алтынемелді Жалайыр тәрбие қылу болғандықтан, Найманды одан өгейсіту керек. Ол мақсатты да Бөлтірік кеңінен орағытып, тарихи деректерге жүгініп жүзеге асырады. Өгейсіту мақсатында алдымен жердің Наймандікі емес Құдайдікі екеніне, одан соң келіп хакас, қалмақ иеленгеніне, одан соң ноғай, Қйсін Шомай онан соң Жалай ырға тиесілі екендігіне жұрттың көзін жеткізеді.

Жауап иесі мантык талабынан ауа жайылмаса, А,, А3 сияқты алғы шарттық сұрақтарды мойындаған жағдайда — А, дау тезисін де мойындауы тиіс. Сонда сұраушы соңғы сөзін сұрау түрінде емес, тұжырым түрінде жариялайды. Біздің кестемізде ол N12, яғни — А, (А2, А,) ретінде көрінеді. Бұл жерде жауап иесі қарсы дау айтпаған, сондықтан да кесте қарапайым сипат алып түр. Әрі сұраушы да алдын-ала, ақиқаттығына қалың жұрттың көзі жеткен алғы шарттық жағдаяттарды көлденең тартқан. Аристотель мұндай жауаптасуды «диалектикалық сұхбат» деп атаған екен.

Тәкаппар Құнанбайдың кеудесін басу үшін М. Әуезов «бас мінесу» деп атаған сөз саптау үлгісінің тұспалдау түрін қолданған Бөлтіріктің соқыр атанның бағасын сұрайтын тәсілі формальды логиканың шендестіру амалына жатады. Бұл амал бойынша екі заттың немесе екі зат жүйелерінің бір немесе бірнеше ортақ белгісі, яки қасиеті арқылы алған ақпаратты телитін және сол арқылы оларды шендестіретін әрекет арқылы жүзеге асыралатын тұжырымды қолданған Бөлтіріктің риторикалық сөз құрылымы былайша кескінделеді: Егер бір зат а в с белгілері арқылы басқа бір затқа сәйкес келетін болса, онда оның жалқы (3 белгісі де әлгі затқа тән болуы мүмкін және керісінше. Бөлтірік сөзіндегі «соқыр атанды мантық тұрғысынан айшықтайтын болсақ, онда:

Соқыр атанның құны — бір бесті.

Құнанбай — соқыр.

Демек, Құнанбайдың құны бір бесті.

Бұл тұжырым тікелей айтылмайды, бірақ та Бөлтіріктің сөз саптау үлгісінің логикалық астарында жатыр. Формалды логиканың талаптарына сай бұл тұжырым, диалектикалық логиканың ақиқатты айшықтау үрдістеріне қайшы келеді, себебі Құнанбай атан емес қой. Шендестіру тәсілі ортақ белгі арқылы да ортақ қатынастар арқылы да жүзеге асырылады. Көрнекі мысал ретінде «шөл қадірін білетін дуадақ» (бірақ та кел қадірін білмейді), «көл қадірін білетін қоңыр қаз» (бірақ та шөл қадірін білмейді) өз ортасына деген қатынастарындағы ұқсастық екі кері ағар пікірден үшінші бір тың тұжырым шығаруға мүмкіндік береді. Ол: «тауды жайлап таста өскен, ағайыннан басқа өскен «ел қадірін білмейді» арқылы кері ағар тұжырым жасасақ, оңда елімен біте қайнасын, ыстығына шыдап, суығына тоңып ағайынмен бірге өскен, ел қадірін білетін адам» сынды тұжырымдама дүниеге келеді. Ал, аталмыш тұжырымның логикалық астарында соңғы байлам өзінен-өзі түсінікті тезис ретінде жасырын түрде орын алады. Ал, енді өзара еш ұқсамайтын, яғни «үш қайнаса сорпасы қосылмайтын» екі зат немесе екі құбылысты екеуара ортақ қасиеті арқылы шендестіру тәсілін Досбол бидің «бас мінесу» аталатын сөз саптау үлгісінен көреміз:

…Досбол тоқсанға келіп, төсек басты болғанда Шиелі қышлақтарының Байсын, Саудағұл, Нұржан деген үш атқамінері оның көңілін сұрай келіпті. Қонады. Ертеңіне, қайтуға қарағанда Байсын:

— Уа, Досбол аға, жасыңызда қазаққа қызыл тілден дес бермедіңіз. Аспандағы құсты ауызбен ілдіңіз. Енді төріңізден керіңіз жақын қалыпты, ол дүниеге не деп барасыз? — депті.

Байсын соқыр, Саудағұл таз, Нұржан пұшық екен. Өз заманының ұлықтары болған соң пайдаланып отырыпты…

Олардың парықсыздығына жыны келген Досбол іле жауап қайырған екен:

— Уа, сабаздарым, тумақ болса, өлмек бар. Менің ол дүниеге айтарым жоқ. Ал, егер, айтар болсам, кешегі аруақты ерлерге қонатын бақ құсы қара шыбын болды, ол ұшып соқырдың көзіне, таздың басына, пұшық тың мұрнына қонды деп барсам керек.

Бұл арада шендестіру амалына негіз болған ортақ қасиет — бақ құсының да шыбынның да «қона алатыны». Жалпы, мантықтың шендестіру амалына жүгіну қазақ билерінің көпшілігінде кездесіп отырады.

«Сөзді сөз қуады, сөзден сөз туады» дейді қазақ билері. Өте дұрыс айтады. Әңгіме — тура сөзді дәйектілікпен туғызуда. «Жүйелі сөз жүйесін табар, жүйесіз соз иесін табар» дегендегі мақсат логика талаптарына сәйкес уәж түйіндеу. Логиканың атын атап, түсін түстемесе де, қазақ билерінің ой толғау үлгілері оның қандай түріне болса да етене жақын келеді. Сондықтан да қазақ билері ұтымды уәжге кеп мән берген. Қисынсыз уәжге қиналған. Ол «буынсыз жерге пышақ ұрғандай» әсер қалдыратын болған. Сондықтан да уәж тұжырым үшін алғы шарттық міндет атқарғанда, оның жүйелілігіне баса назар аударылған. Мұндай болмаған жағдайда шешен не софизмге, немесе мантықтық жаңсақтыққа ұрынатын болған. Қазақ билерінің жүйелі сөзі логикада силлогизм деп аталады. Оның қарапайым да күрделі түрлері де қазақ билерінің шығармашылығына еш таңсық емес. «sylloqismos» деген — «себептен салдар шығару» мағынасын беретін грек сөзі. Силлогизм — екі алғы шарттық пікірден тың пікір (тұжырым) тудыруды білдіреді. Бұл силлогизмнің қарапайым түрі. Мысалы:

Шөл құстары көлдің қадірін білмейді

Дуадақ — шөл құсы.

Демек, дуадақ қол қадірін білмейді.

Белгілі бір ұғымдарды бейнелейтін силлогизмге кіретін сөздер мен сөз тіркестері терминдер деп аталады. Біздің мысалымыздағы терминдер — шел құсы (М) орташа термин («гректің medius» — орта деген сөзінен алынған); дуадақ (8) /субъект сөзінен алынған, грамматикада — бастауыш кел қадірін білмейді (Р) /предикат сөзінен алынған, грамматикада — баяндауыш. 8 жөне Р кіші жөне үлкен терминдер деп аталады. Силлогизмнің құрылымы, демек, төмендегідей жазылады:

М — Р 8 — М

Демек, 3 — Р

Заттар мен құбылыстардың сыртқы көрінісін ішкі мәні мен мазмұнына балаған, яки керісінше болған жағдайда жалған шешендік пайдаланатын амал туады. Сырт көзге өндей силлогизмдер ете жүйелі көрінуі мүмкін, халық сүттей ұйысуы мүмкін, себебі мантықтың заңдары бұзылмайды, қайта жүйелілікке қатты бой ұрғандай өсер қалдырады. Мысалы:

Кеп сөйлегеннің бәрі — мылжың.

Құнанбай кеп сөйлейді.

Демек, Құнанбай — мылжың.

Немесе,

Мылжыңның бері кеп сөйлейді.

Құнанбай кеп сөйлейді.

Демек, Құнанбай — мылжың.

Керіп отырғанымыздай мантық талабы тұрғысынан мүлтіксіз жүйелі сез. Ал шын мәнісінде ше? Қазақ билерінің софизмге бой ұрған сәттерінде осындай силлогизмдерге жүгінеді. «Ақиқаты тыңдай, өтірікті шындай» сапыруға мүмкіндік беретін де мантык. Ал шын мәнісінде, алғы шарттық пікірді дұрыс таңдаған жағдайда төмендегідей құрылуы тиіс:

Көп сөйлегеннің бөрі мылжың емес.

Құнанбай кеп сөйлейді.

Демек, Құнанбай мылжың емес.

Қазақта қат — қабат дауды қағып, алдымен бастамасын (кіріспесін) айтып, онан соң мазмұндамасын, онан соң қыздырмасын, ұсынбасын, қорытпасын айтар шешен қалайша келте сөйлесін? Ұзақ сөйлеуге ұлан-ғайыр даудың шиырлары міндеттейді қой. Мысалы, Абайдың Салиқа қыз дауындағы шешендік толғауын алайық. Алдымен ол кіріспесінде, яғни шешендік сөзінің «құлақ күйінде» негізгі тұғырларына тоқталмай ма. Атап айтқанда: Тобықтының ұлы бола тұра, ағайын ісіне тобықты көзімен қарамайтынын, адамшылық тұрғыдан қарайтынын, екіншіден, әділеттіліктің ақ туын ұстайтынын, үшіншіден ешкімге параға, малға сатылмайтынын жария қылады ғой. Содан кейін ғұрыптың азатынын, тозатынын айта келіп, бір жанға екі күймек, бір қызға екі сатылмақ әділет емес, Салиқа қыздың Сыбан нан басы азат деп алғашқы байламын түйіндейді.

Келесіде мазмұндамасына көшіп даудың қатпар-қатпар жықпылдарын ашып, шығу төркінін, себеп-салдарын тәптіштеп, сараптап, қайта жинақтап, тұжырымдап, қалған екі байламын жария қылады ғой. Әлбетте, мұндай шешендік толғау келте қайырылмауы тиіс. Ердің құны екі ауыз сөзбен шешілетіні қандай шындық болса, оны негіздеуге қанша ауыз сөз шығындалатыны бір құдайға аян. Ал мылжың болу үшін көп сөйлеудің қажеті жоқ дегенді айтқан да Абай ғой. Ол үшін парықсыз жел сөзге бұйда ұстатып, әр шептің басын бір шалып, шатты — бұтта көпірудің өзі жетіп жатыр.

Жүйелі сөз, яғни силлогизмде орташа терминнің атқаратын рөлі орасан зор. Тұжырымның қандай болмағы, ой түю қисыны сол орташа терминге тәуелді. «Тегершігін тауып берсең, жерді шыр айналдырар едім» деген Архимед сияқты, бір данышпанның орташа термин қолыма тисе не нәрсені болса да дәлелдеп шығар едім» дейтіні сондықтан. Біздің мысалымыздан да айқын көрініп тұрғанындай орташа термин /М/ «көп сөйлейді» неше түрлі, тіпті бір-біріне кері ағар тұжырымдар жасауға жол береді, яғни (8) субъектіні мылжың да мылжың емес те етіп шығаруға болады. Қазақ билерінің дауды індету барысында сараптау әдісі де, жинақтау әдісі де тең жара қолданылады. Оның мысалын біз Абайдың Салиқа қыз дауында тергеу жұмысын қалай жүргізгенінен пайымдаймыз. Мұндай қыруар «қағу», яғни тергеу жұмыстарына кеңінен пайдаланылған мантық амалдары ғылыми тілде анализ және синтез деп аталады. Абайдың Салиқа қыз дауына байланысты жинат қызған қыруар айғақтар мен деректер таразылау, сараптаудан өтіп, ой хана қазанында қорытылып шықты емес пе? Бұрынғы қазақ билері де бұл мантық амалдарын істі қағу (киімді қағып-сілкіп, қыл-қыбырдан, шаң-тозаңнан арылту сияқты) үстінде кездейсоқ, жол-жөнекей сипатты деректерден қауызынан аршыған Дән сияқты ақиқатты айшықтап баққан ғой. Қазақ билеріне индукция мен дедукция сынды мантық амалдарын кеңінен қолдану тән. Ой түю қисынының жалқылықтан жалпылыққа қарай жылжуы — индукциялық мантық амалына байланысты. Мысалы: Дуадақ көл қадірін білмейді, Дуадақ — шөл құсы. Демек, шөл құсы көл қадірін білмейді.

Егер де ой түю қисыны жалпылықтан жалқылыққа қарай жылжыса, онда керісінше:

Шөл құсы көл қадірін білмейді, Дуадақ — шөл құсы.

Демек, дуадақ көл қадірін білмейді, — болып келеді. Қазақ билері көбінесе қысқартылған күрделі силлогизмдерді қолданады. Мақал — мәтелдер де жүйелі сөздің осындай нұсқасына жағады. Көптеген алғы шарттық пікірлер айтылмайды «ойда» болады, және олар көбінесе елге белгілі пікірлер, яки уәждер болып келеді. Мысалы, «Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің» деген нақыл соз жүйесінде көптеген пікірлер алғы шарттық міндетін жасырын түрде атқарып тұрады. Оның үстіне себептік — салдарлық негізде құрылған шартты сөз жүйесінде «Егер…онда» сияқты сөздер өзінен өзі түсіп қалады. Жуан ата Досбол биге қарсы уәж айтқан Бала бидің шешендік толғауы толыққанды мантықтық талаптарға сай болған жағдайда, құрылымы төмендегідей болуы тиіс:

Егер құнажын көзін сүзбесе, онда буыршын бұйдасын үзбес еді, Егер жігіт қызды алып қашпаса, онда сен қумас едің; Егер мен Нұраға қарай қашпасам, онда алдымды Нұра бумас еді; Егер артымнан сен қумасаң, егер алдымды Нұра бумаса, онда жыраға кетіп балам өлмес еді;

Адам өлтірген кісі құн төлейді,

Бала бидің адамы өлді. 

Демек, Бала бидің баласына құн төленуі тиісті;

Құнды өлімге кінәлі адам төлейді,

 Бала өліміне Досбол кінәлі,

Демек құнды Досбол төлеуі керек

Қарап отырсақ, Бала бидің келте де қысқа шешендік толғауы қанша сатылы сөз жүйелерінен өтуі керек екен. Бірақ олардың бәрі «энтимемага» (грекше «ойда» деген сөзден шыққан) айналып, яғни ойда тұрғанымен айтылмайды да, өз-өзінен түсінікті алғышарттар ретінде қалтарыста қалады.

Билер сотында, билер дауында мейлі шешен айыптаушы болсын, немесе болысушы болсын, я ара би, қабырға би, я төбе би болсын, бәрібір дәлелдемеден аттап өте алмайды. Ахмет Байтұрсыновтың ұсынған шешендік толғаудың бес құрылымдық сараптамасына, алтыншы қылып біздер дәлелдемені ұсынар едік. Мүмкін, А.Байтұрсынов дәлелдемені мазмұндаманың ішіне енеді деген болуы да мүмкін. Әйтсе де, дәлелдеме шешендік сездің билер сотында айтылатын нұсқаларында белсенді рөл атқаруы тиіс. Сонда дәйектілік реті бойынша билер сотында сөйленетін шешендік сөз бастамадан (кіріспе), ұсынбасын, мазмұндамадан, дәлелдемеден, қыздырмасынан, қорытпасынан тұрады деп сараптар едік.

Логикада дәлелдемеге ділгір құрылымдық пікірлерді тезис, уәждік негіздеме, дәлелдеу түрі деп бөледі. Бұлардың әрқайсысы айқындалған, жіктеліп дараланған күйде болуы керек. Мысалы, Алтынемелге байланысты жер дауында Бөлтірік шешеннің дәлелдемек тезисі — (А — емес), яғни «жер — Жал айырдікі». (А тезисі «жер — Наймандікі). Уәждік негіздемесі — бұрын ол жерді ногайдың да қалмақтың да жайлағанын дәлелдеу. Емел — қалмақ сөзі. Одан қалса жария дәлелі — Алақай кемпірдің тас моласы. Мұрнына самал түсіп емделген алты найман. Олардың алғы сиырды қуып кетуі, т.т. қазақ билері сан алуан дәлелдемелік амалдарға жүгінен. Оларға өмір тезінен өткен тәжірибелік нәтижелер, өміршең әдет-ғүрыптар, жарғылық баптар, мақал-мәтелдер, яғни аксиомалық сипатқа ие болған ұйғарымдар мен пайым дамалар т.б. жатады. Мысалы, мал дауында «қыл бұрау салып, атанды шыңғыртқанда, енесінің оның үстіне көзінен жас парлап түсе қалуы», «өрістен енелеріне балап әкелген саулықтардың күмәнді қозыларға июі немесе иімеуі», «қайда жүрсе де аман жүрсін» дейтін баланың шын анасы», «қыздың қолына құнан беріп, жігіттің қылышты қынапқа күштеп сала алмауы арқылы ықтиярсыз күйдім деген қыздырып өтірігін шығару», «түлкі еркек болса, яки ұрғашы болса түзде қаққандікі, яки інді баққандікі» сынды дәлелдемелер билер тәжірибесінде көптеп саналады. Олардың бәрін сараптап, жүйеге түсіру ісі — логика ғалымдарымыздың үлесінде. Билер сөзінің логикалық астарын зерттеу ісі бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің қатарынан табынуы тиісті. Әсіресе, логика ғалымдарымыз шешендік сөздердің «бей қайшылық» заңына, «үшінші пікір тысқары» заңына, «толық сәйкестілік» заңына, «жеткілікті негіздеу» заңына қаншалықты дәрежеде етенелік жағдайда болатындығын түбегейлі зерттеп, «Билер логикасы» атты оқулық шығарып жатса, ұрпақ тәрбиесі, сот ісі қандай игі құндылыққа ие болған болар еді?!

Логика дұрыс ойлаудың, жүйелі сөз құрудың ережелері мен қандаларын дүниеге келтірсе, диалектика ойлау тәсілі ретінде күрделі өмір құбылыстарын санада сол қалпында бейнелеуді қосады. Демек болмысқа, барлыққа тән диалектиканы (объективтік) санадағы диалектика (субъективтік) арқылы етене күйінде бейнелеу қажеттілігі туады. Қазақ болмысында да, ойсанасында да көзге ұрып тұратын диалектикалық қағанда — үшкілдік. Гегельге телініп жүрген «триада» қағидасы — осы үшкілдік. Үш бұтты ошақ, үш тағанды хан тағы беріктіктің, тиянақтылықтың, баяндылықтың символы іспетті болатын себебі Жүсіп Баласағұни айтқандай:

— Үш аяқты тақтың үстінде отырған Күн туды

 Еліктің қолында үш нәрсе: пышақ, бал мен у құйылған кеселер.

 Мұның мәнісін сұраған Айтолдыға Елік былай деп жауап береді:

— Мен отырған тағым, міне төрімде,

Қш аяғын көр де, тоқы көңілге.

Қш тағанды нәрсе берік, мызғымас,

Қш аяғы тұрғанда ұстап, жылжымас!

 Егер үштің бірі тайса жетеді,

Қалған екеу өзі-ақ ұшып кетеді…

Пышақтай мен кесем аршып әр істі,

Кінәліні тауып, білем мәністі.

Шекер жібір көргендерге бұйырар,

Қақпама кеп әділ заңға ұйыған…

У бұйырар қара жүрек кісіге,

Заңнан қашқан зәрін түйіп ішіне ‘.

 Ал ел басқару ісін де Ж. Баласағұни үш лауазым иесіне жүктеу қажет дейді:

«Елік, тауып ал сенер үш кісіңді, Тапсыр сонан соң соларға ісіңді. Бірі қазы, зерек, таза, пәк болсын, Өзі ойшыл, халыққа өзі жақ болсын. Екіншісі халифа — бек сай болсын, Өзі жайлы, халқы аман бай болсын. Үшіншісі — уәзір, болсын сара, сенімді, Сол арқылы басқарасың еліңді . Біздің ойымызша әз Тәукенің атышулы үш биі Ж. Баласағұни атаған үш бірдей лауазымдық міндетті әрқайсысы — ақ атқарған. Олардың әрқайсысының атқарған міндеттері бұл аталған үш лауазымның аясынан да шығандап кеткен деп ойлаймыз.

Ал қазақтың би — жыраулары үшін өзекті арқау ретінде қалыптасқан үшкілдік қағидасын кеңінен таратып зерделейтін болсақ, онда оның жосылған ізі ғұмырнамалық нақылияттан басталады. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән даму диалектикасына орай ұрпақтар сабақтастығы, ғұмырлық болмыс хақындағы толғаулар тепе –теңдіктен айырмашылыққа, айырмашылықтан қарама-қарсылыққа ұласатын, яғни диалектика заңдарының өміршең көріністерін айшықтайды. Мысалы, «асылдан асыл туатын, жал қаудан масыл туатын» жағдаят бірте-бірте айырмашылықтарға ие бола бастайды да қарама-қайшылықты құбылысқа ұласады. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз». Оның үстіне даму динамикасына байланысты кейде тәрбие ісінің рөлі баса көрсетілсе, кейде мүлде еленбей қалады. Ондайда ұрпақ сипаты физиологиялық тұрғыдан қайталау ретінде көрініс береді. Ал әлеуметтік-қоғамдық реңк берілгенде ұрпақ сыйы тәрбиеге тәуелді құбылыс ретінде қарастырылады: «Әке көрген оқ жонар, шеше керген тон пішер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Шешесін көріп, қызын ал», «Не ексең соны орасың», «Ата даңқымен қыз өтеді, мата даңқымен бөз өтеді» сынды мақал-мәтелдер соның айғағы. Би-шешендердің ой толғауларынан терістеуді терістеу заңдылығы да, сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне айналу заңдылығы да көрініс беріп отырады. Мысалы:

«Бір бала бар, әкеге жете туады,

Бір бала бар, әкеден өте туады,

Бір бала бар, кері кете туады «.

Бұл нұсқадан біз ұрпақ сынына қолданылған үшкілдік қағиданы және кездестіреміз, жөне оның бұл орайда «терістеуді терістеу» сынды диалектикалық заңның аясында қызмет қылып отырғанын көреміз.

Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!