Ой түю қисындары (1 бөлім) — Философия — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Данышпан әл — Фараби шешендік өнерді талдағанда оның софистикамен етене жақын болатындығын баса көрсетіп кеткен екен. Бірақ бұл жақындық олардың ішкі табиғатынан туындамайды екен, керісінше, сырт көзге солай көрінеді. екен. Ал, шынтуайтына келетін болсақ, риторика (шешендік өнер) да, софистика да диалектикаға иек артқанымен, софистиканың шынайы мәнісі — диалектикаға тек сырттай еліктеу ғана. Софистиканың түпнегізінде әруақытта шикілік жатады, ақиқатты бұрмалау, шындықтан шығандап кету де оған таңсық емес. Осыған байланысты әл — Фараби софистикалық сөз саптау тәсілін бақытсыздық әкелетін, жалғандыққа жетелейтін үрдіс ретінде бағалаған екен.

«Софистика» — данышпан деген мағына беретін грек сөзінен шыққан. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырдың екінші жартысында қоғамдық және жеке басты өмірдің білгірлері мен ұстаздық еткен данагөй адамдарды софисттер деп атай бастаған. Олар қызыл тіл өнеріне үйрету, шешендікке баулу сияқты істермен айналысу және сол еңбегіне жалақы алу дәстүрін енгізген болатын. Софизмнің іргесін қалаушылардың бірі — Протагор «адам — барлық нәрселердің өлшемі» деген қанатты сөзін кейінгілерге үлгі етіп қалдырған екен. Оның мәнісі — ақиқаттың объективтілігін мойындамауға келіп саяды. Софисттер үшін ең басты нәрсе — шыңдыққа мойынсынбай мантық (логика) жағынан жаңсақ пікірді ақиқат ретінде көрсетуге тырысу, қалайда өз тұжырымын көпшілікке телу, соған ұйыту. Бас пайдасы үшін жалғандықтың жалауын ту қылып ұстауға бар софисттер алдын — ала ойластырылған кері ағар алғышарттарды көлденең тартып өздеріне тиімді тұжырымдар жасауға әруақытта талпынып отырған.

Бұл орайда, олар ұғымдардың сусымалы икемділігін, кері ағар ұғымдардың біріне бірі айналып кете алатын «ұзын арқан, кең тұсаушылығын» өте шебер пайдалана білген. Мысалы, «жақсылық», «жамандық» ұғымдарына байланысты софисттердің дәстүрлі сөз сатпау үлгілері төмендегідей болып келеді:

Алдау — жақсы нәрсе емес. Бірақ ауру баласына әкесі ащы дәріні тамаққа қосып, алдап ішкізсе — жақсы. Досыңды алдау — жаман нәрсе, ал жауынды алдау — парызың. Ауру, кесел — науқас үшін жамандық, дәрігер үшін — жақсылық; Өлім мәйіт үшін — жамандық, ал кебін сататын, өлік жуатын адамдар үшін, кер қазушылар үшін — жақсылық. Осылай кете береді.

Софисттер шәкірттеріне жан-жақты білім беруге ұмтылмаған, ең алдымен оларды пікір таластырудың ұрымтал тәсілдеріне үйретіп, шешендікке баулуға ден қойған. Сондықтан да олардың ой ханасында софистика риторикаға белсене қызмет етеді, яғни шешендікті жеке басын мүддесіне сай пайдалануға қосады да ақиқаттың ауылынан алшақтатады. Софистика ойлау тәсілі ретінде көпшілік қазақ билеріне тән болып келеді. Ұлы билерде ол ой кешудің бір мезеті, бір қыры ретінде қылаң беретін болса, оз басының мүддесін күйттейтін, ағайынның жалған намысын жыртысына, ауыл арасында момынның атын ешкісіне даулап, мүйізді шақшасына бір қара өтем алатын, алдын-ала құрастырылған бірді-екілі ұтымды шумақ арқылы қараулыққа қоныстас болатын билердің басты ойлау тәсілі болып табылады.

Мысалы, кемеңгер жазушы М. Әуезов Қара менде бидің ауызына «…азған заманның белді биі бойлауық жылқы секілді бой бермейтін қисық болады екен» деген сөзді тегіннен тегін салмаған. Өзінің діттеген мүддесін іске асыру үшін ондай билер шынар езулікке бой ұрып қарау шешім шығару мақсатында софистикаға жүгінеді. Қарау шешімін шып — арудың ойланалық әдісінің атын «софистика» деп білмесе де оның затын білген халайық «жалған шешендік» атаған. Қазақтағы «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген диалектикалық мазмұндағы мәтел қазақы билердің жоғарыда айтылған екі тәсілдің, яғни диалектика мен софистиканың қайсысына жүгінетіні бойынша ажыратылатын өкілдеріне байланысты айтылған. Софистті тәсіл көпшілікті қарау шешімге қайткен күнде де ұйыту мақсатын көздейтіндіктен орынсыз — орынды болса да мақал — мәтелдер, ата салты, әдет-ғүрып, одан қалса шариғат іске қосылады. Және де олардың көбінесе екі ұлды, дүдәмал сипаттағы немесе күні өткен «ескі сөздердің» кезінде қағидалық хұзырға ие болған үлгілеріне баса назар аударылады. Абайдың «отырмын ескі бише бос мақалдап» дейтіні де сондықтан.

Ал, нағыз шешен, «қара қылды қақ жаратын» әділ би хан қаһарынан да қаймықпайтын, параға сатылмайтын адал адам болуы тиіс. Мысалы, А Янушкевич осындай қасиеттерді Құнанбай бидің бойынан көріпті: «Қарапайым қазақтың баласы, табиғат тамаша ақыл, ерекше ес пен тіл берген, іскер, өз руластарының қамқоры, далалықтардың праволары мен Құран қағидаларының асқан білгірі, Ресейдің қазақтарға қатысты заңдарын да жетік білетін, сатылмайтын адал би және мұсылман қарадан шыққан Құнанбай нағыз көрегеннің абыройына ие болған, оның алдынан алыс ауылдардан ақыл сұрай келген жастар мен қарттар, кедейлер мен байлар арылмайды»1, — дейді ол. Оның пікірін Құрбанғали Халид те өз тарапынан жандандыра түседі: «…тобықты Құнанбай мырза Өскенбай ұлы 1849 яки 1850 жылы аға сұлтандыққа сайланды. Мұнан бұрын аға сұлтандар болар — кетер болып өткен болса, бұл сайланысымен, сол жылы-ақ мешіт салдырып, құрбандық шалып ресми алыпты. Оның тәуір — ақ әділеттілігі мен жомарттығы да бар еді…». Замандастары (көзімен көргені де, ел аузынан естігені де) осындай куәлік келтіріп отырған Құнанбайды зорлықшыл, үстем тап өкілі ретінде, қарау шешім шығарушы қаныпезер би ретінде көрсетуі М.Әуезов үшін қиянатшылық емес пе деген сауалдың тууы да заңды. Таптық қағиданың қарымды тұзағынан құтыла алмаған кемеңгер жазушы бишілер сөзінің інжу-маржандары халық зердесінен мүлдем жоқ болып кетпесін деп Құнанбай сынды азулы «ауыздыға» соз бермейтін атышулы билерді теріс жағынан көрсету болса да ұрпақ зердесінде қалдыру үшін кезінде «дәнді қауызынан өздері-ақ аршып алар» деген ниетпен өз роман — эпопеясында шешендіктің небір көрнекті үлгілерін айшықтап кеткен ғой.

«Абай жолы» роман — эпопеясында ойлаудың осындай тиесілі құрылып қарау шешім шығарылған сәт — Құнанбайдың Қодар — Қамқа ісіне байланысты қырық рулы тобықтының алқалы жиынын еткізуі. Ұлы жазушы М. Әуезов бұл орайда Құнанбайды «шындықты бұрмалаушы, Қодардың ата қонысын иемдену үшін аталы — келін, екі бірдей адамды өлім жазасына кескен» қатыгез, дүниеқоңыз, жауыз би ретінде көрсетеді және оның аузына сырт көзге қонымды, дәлелді көрінетін софистті тәсілге негізделген сез саптау үлгілерін салады. Бұл арада мәселенің тарихи шындыққа жанасымды яки жанасым сыздығы туралы сез болып отырған жоқ. Әңгіме Құнанбайдың би ретінде ойлаудың, ой түюдің, сез саптаудың қандай үлгілерін қолдануында болып отыр.

Заманында білімдар, көкірегі ояу болған Құнанбай Абайға кінә қояды: «Жайдақ сусың, оны ішін мал да, аң да арамдайды, орысшылсың, қазақтың намысын қумайсың». М. Әуезов өзі Абайдың аузына салған сөзі арқылы көпшіл болуды демократияның, орысшыл болуды тарихаяттың (прогресс) белгісі ретінде Абайды жаңашыл, яғни мәдени релятивизмнің ауанына жақын кейіпкер ретінде сомдайды. Бұл орайда, ұлы жазушының езі де софистті тәсілге бой ұрады. Қияла, қиыннан қиыстырып, шындықты иіп әкеліп, заман талабына сәйкес ой түюге мәжбүр болады. Ал, қазіргі кезең талабынан қарасақ, Құнанбайдың тұжырымдамасы дұрыс. Бұл — диалектикалық заңдылықтың іске асу көрінісі: кереғар пікірлердің тоғысуы және олардың заман талабына сай бірін-бірі ығыстырып шығаруы. М.Әуезов те уақыт өте істің осындай жағдаятқа ұласатынын жітілікпен пайымдаған болар деп ойлаймыз. М. Әуезов Құнанбайды теріс пиғылды, құдай жолына түстім дегенімен, дүнияуиі қатыгездікпен арылмаған адуын бидің табиғаты жеңіп кеткен сәтінде оған теріс бата да бергізеді. Сез киесінен қатты қорқатын қазақтардың қарғыс белгісі— теріс батадан жандары түршігетіні әуел бастан белгілі. Бірақ ескілік қалыптағы өмір салтының кейбір дәстүрлі әдет — ғұрыптарына қарсы шаққан Абай айналасына теріс батаның да дари қоймайтынына көпшіліктің көзін жеткізуге тырысқан автор, бұл орайда осы эпизод арқылы ескі мен жаңаның ымырасыз күресін көрсетпекші болған. Ал, билер ой ханасының сөз саптау жүйесінде бұл мәселе кертартпалық ой кешу үлгілерін айшықтап көрсетудің арқауы ретінде пайдаланылған.

Кейіпкер ретінде Құнанбайды қаншалықты жағымсыз образ ретінде сомдағанымен, оның тарихи тұлға ретіндегі шынайы болмысын М. Әуезов білмеді емес, білді және сол өзінің өзек жарды пікірін Қаратайдың аузына салды: «Мырза кім?», «шешен кім?» және «жақсы кім?» деген сұрақтарға Қаратайдың «…Құнанбай!», — деп кесікті де келте жауап беретіні сондықтан.

Бірде Жетісудың атақты биі Жәлменді, Құнанбай сияқты өзі де Қапал уезінің аға сұлтаны болып тұрған кезінде тоқтыға жолаушыла барған екен. Құнанбай аулына түскен Жәлмендені жуан әулеттің жігіт-желеңі онша менсініңкіремей, сөзін бөліп, әдепсіздік көрсетсе керек. Сонда Жәлменде:

«Біздің жақтың даласы құм болады,

 Қакені айтса, баласы жым болады.

Қлкенді сыйламайтын мына біреу,

Тасыраңдаған иттерің кім болады?»— депті.

Сонда Құнанбай:

«Бұл, Жәлменде, қиянның қияғы ғой,

Ескелді мен Балпықтың тұяғы ғой.

Қлкенге тасыр мінез көрсетпей-ақ,

Қалай қызмет қылсаң да, сияды ғой!» — деп кішірейген екен.

Ақиық шешен, айтулы би болмай, жөн білмейтін адам болса, осындай сөз Құнанбай аузынан шығар ма еді? Тарихи тұлға ретінде оның иманды билер қатарынан табылатыны да шындыққа жанасымды. Алайда, бас мүддесін ойламай «қара қылды қақ жарған» әділ билердің туыс-тумасына бүйрегі бұрмай шешім айтқан кездері, жәйттері жинақтарда кездесе қоймайды. Билер сөзін жинап баспаға әзірлейтін әдебиетші ғылымдарымызға мәселенің осы жағын ескерсе деген тілек айтар едік. Екіншіден, имансыз билердің ой ханасын ашып көрсету үшін де олардың сөз саптау үлгілерін жинақтау қажет. Өйткені, кері ағар екі жақтың да уәждері мен соз саптау тәсілдерін қамтымай, толыққанды билер сезінің теориясын жасақтау ісі жүзеге асырыла алмайды.

Софистикаға етене би алыстан орағытып, мақалдап, тұспалдап әруақты шақырып, ата намысын, ру намысын кетергенсіп, тыңдарманның осал тұстарын бағып, даудың ұрымтал тұстарын барынша айғақтап, залалды жағын аттап өтіп, ыза жер баспай, сөздің ағынын қойдай тоғытып, көпшілікті белгілі бір тұжырымға ұйыту мақсатына барынша күш салады. Сөз мәтінінде мантық ережелерінің жазылмаған сорабы қылаң беріп отыратындығына қарамастан, мұндай сез саптау үлгілері эклектикалық тәсілге де негізделеді. Мұндайда кері ағар пікірлер де, басы қосылмайтын жәйттер де, қисынға келмейтін қағидалық нұсқалар да, дау пәніне жуықтамайтын «ескі сөздер» де қат-қабат ақтарылып, тыңдаушыға даналық сөздей әсер қалдырады. Көпшілік мұндайда онша түсінбесе де, таңдай қағып: «Пай-пай, суырылған шешеннің көмейі, қалай-қалай сілтейді!» — деп риза болады. Билік кесім де қисынды көрінуі мүмкін.

«Имансыз» биге сөздің, ұғымның екіұштылығы, омонимдік, синонимдік баламалары, пікірлер қайшылығы, кездейсоқ қасиеттерді әсірелеп мәнділіктің дәрежесіне көтермелеу, керісінше, мәнді, аймақтық нәрселерді көмескілендіріп, мүлдем керексіз қылу, сыңар езулікпен бұра тарту, қаңсып қалған қағиданы қағып-сілкіп, жаңсақ пікір қалыптастыруға жарату, шындық жүгін арқалайтын ұғымдардың тонын айналдырып, кері мағынаға ие болдыру, көзделген мүдделі тұжырымның алғышарттарын мүлдем келеңсіз яки жартылай шындыққа негізделген пікірлерден құрастыру, қарсы жақтың намысына тиіп яки сөзінен, ой жүйесінен жаңылдыру, дәл нақтылы дауға тікелей қатысы жоқ жайларды көңірсіту, өсек-аяңға жол беру, ұйқас қуып, желдірмелетіп, жүйелі сөздің нобайын жасақтау, өзінен өзі түсінікті деп кейбір кедергі келтірер дәлелдерді дау шеңберінен шығарып тастау, «ақсақты тыңдай, өтірікті шындай» сапыру, жалған намыс, орынсыз ашу қоздату сияқты амалдар қызмет етеді.

Сонымен қатар, маңызды мәселені қатардағы сұрақтармен сапырылыстырып жіберу, сөйтіп оның шешуші қуатын әлсірету, куәгерлерге қысым көрсетіп, оларды айныту яки параға жығу, даудың ұтымды жақтарын барынша тәптіштеп, маңыздылығын барынша әсірелеп көрсету, жалған ант беру, күмән ұстау, төбе би, қабырға билерді марапаттап мадақтау, сөйтіп зейінді, ықыласты өзіне қарай бүру сияқты кәззаптық тәсілдер де тыс қалмайды. Себеп пен салдарды саналы түрде орындарын ауыстырып, олардың өзара байланысын өрескел бұрмалап «саудың басына сақина тілеу» амалдары да қолданылады.

Сырт көзге жүйелі көрінетін, ал шын мәнісінде бетінше лағып, тоқтау бермей кететін, ат басын тірейтін тұғырсыз, сөз басын тірейтін тұлдырсыз мылжыңдық та кездеседі. Ол сөйлеудің ұзақтығымен өлшенбейді, ақиқатқа, шындыққа, сөз жүйелілігіне сәйкес келмей, «тисе таяққа, тимесе бұлаққа» деген қағиданы малданған қыртысқа ұрынатындығынан қарай бағаланады. «Абай жолындағы» Жұман қырттың жұртқа өкпелейтіні, дүйім елді жинап алып күнұзаққа талмай сөйлейтін Құнанбай, Абайларды мылжың демей мұны қырт дейінгі еш түсінбейтіні де сондықтан. Абайдың қырт болу үшін коп сөйлеудің қажеті жоқ «қатын әлгінде т…ып алғаным қандай жақсы болған» дегеннің өзі де жетіп жатыр дейтіні шындыққа жанасымды — ақ. Ол мысқылға арқау болған уақиға, қыстың ішінде бір күні түске қарай күн райы бұзылып кетсе керек. Сонда Жұман қырт терезеден сыртқа қарап тұрып, шаруамен айналысып жүрген әйелін әдейі шақырып алын: «Қатын, азанда үлкен дәретке отырып алтыным қандай ақыл болған, ә?» депті.

Оның үстіне жолаушылап келе жатқан Базаралы торт текені байлап қойып, бірін Тәке жан, бірін Әзімбай қылып армансыз тілін безеп «біраз тұқыртып» алған Жұманды сырттай бақылап, аяқтады — ау дегенде, жөткірініп дыбыс бергенде анау сасып қалып, қарап тұрмай: «Қалай ойлайсың, мына Доғала тауының салмағы қандай болуы мүмкін?» деп сұраған көрінеді. «Ол жағын, Жұмеке, өзіңіз білмесеңіз, бізден қайран жоқ қой», десе Базаралы, Жұман қырт ойланбастан: «Менің шамамда дәл 15 мың пұт болады — ау» деп қойып қалған екен. Мұндай қырттық, мүмкін аса залалды да емес шығар, бірақ та жалған шешендіктің зардабын талай адамның тартатыны да шындық нәрсе.

Мысалы, Такежанның 800 жылқысы қолды болып, қырғын тапқанда, бүкіл Жігіттікті айыптап екі есе өтем алып беретін Шұбардың бақай есеп, «бармақ басты, көз қысты» әрекеті, жуан ауылдың жұдырық көрсетер, тізеге басар өктем қимылы суырылған жалдап шешендікпен қосылып анда нақтылы нәтиже бергендігі, оның үстіне айыптың ауыр салмағы Жігіттіктің байларына емес жарлы-жақыбайына түскендігі белгілі. Бұл оқиғаның тарихи шындық екендігіне күмән жоқ. Өйткені бұл іс орыс әкімшілігінде тіркеуден өткен болатын.

Жалған шешендікті, жалдап сөзшеңдікті, парақорлықты, мал үшін сөзін сатып, жылтыраққа көзін сатып, келелі кеңестің қадірін кетірген билерге, жырауларға, сарай ақындарына деген сөз саптаудың, өлең сездің, қара сөздің жаңаша үрдісін, соны үлгісін қалыптастырған Абайдың қатынасы имандылықтың ауылынан табылатын адалдықтың, әділдіктің ақ-қарасы айқын үкімінде естіледі:

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап, Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап. Ақындары ақылсыз, надан келіп, Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап… Ескі біле отырған бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап, Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел, Сендерге де келейін енді аяңдап Абайдың сөз өнерін биік сатыға көтергенін, сол сөзді ұғарлық құлақтың да деңгейі төмен болмауы керектігін меңзегенін көшелі пікір деп қана қойсақ, шындықтан алшақтаймыз. Екінші жағынан, Абай марапат пен мадаққа мұқтаж да емес. Көптеген зерттеушілеріміз Абайдың билік сөздеріне, шешендік толғауларына, қиыннан қиыстырар мантығына, диалектикалық ой желілеріне өлі де назар аудармай келеді, Ал, дәстүрлі қоғамда тіл безеген билердің ой ханасын зерделеп зерттеу үшін баяғы толыққанды шегенделген, билер дауында айтылар кере ағар пікірлердің тоғысу қисындарынан толық мағлұмат беретін жәдігерлер жоқтың қасы. Мұндайда қиялға ерік беріп өздігінен топшылауға және болмайды. Амал жоқ, бұрынғы өткен атышулы даулардың сұлбасын, жұрнағын ғана малдануға тура келеді. Бұл орайда, тер төгетін ғалым М. Әуезовтің кебін киеді: «Әлдеқашан бел асып кеткен көштің, — дейді ол, — айдаладағы жұртына кешігіп жеткен жүргінші сөніп қалған от орнынан болмашы жылтыраған бір қызғылт шоқ тауып ап, оны демімен үрлеп тұтатпақ болды десек, романға материал жасаған менің хәлім де дәл сол әрекет сияқты еді».

Дәстүрлі қазақ қоғамының шындығын терең қазған М. Әуезовтей ұлы жазушы ғана өз кейіпкерлерінің аузына, әсіресе билердің, шешендердің аузына олардың ой толғау логикасына орай соз сала алады. Оның қыруар материал жинау барысында естігені де, көңілге түйгені де мол болған. М. Әуезовтің шығармашылық қуаты мен ой жітілігінен туындаған Қарамеңді, Кеңгірбайлардың сөз саптау үш тілері, Абайдың ой толғау қисындары билер ой ханасын зерттеп, зерделеу үшін баға жетпес рол атқарады десек, артық айтқандық болмас еді.

Өз ретінде билер дауында сөйленетін шешендік сөздерді бағыт, мақсатына қарай айыптаушы сез, жақтаушы сөз, бітім сөз деп жіктеген жөн сияқты. Билер ой ханасын жаңғырту үшін біздің заманға келіп жеткен атышулы айтыстардың сұлбасына, жұрнағына жүгінбесек амал жоқ. Себебі, халық зердесінде, көбінесе билер дауында қандай шешімге тоқталғаны қалады да, билердің сөз қатысуы, тез жауаптасуы, бірін-бірі тұқыртып немесе қошеметтеп, мантықтың қандай амалдарына жүгінгендері есте қала бермейді. Ал, тергеу барысы — «қағу» процессі туралы әңгіме жоқ. Бұл орайда да М. Әуезовтің шығармашылық қуаты мен тарихи жітілігіне, шынайы суреткерлігіне жүгінуге мәжбүрміз.

Билер дауының мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал дауы, қыз дауы, мүлік дауы, мұра дауы деп бөлінетіні белгілі. Солардың ішіндегі салмақтысы, жүгі ауыры — жер дауы. Онан арғы кезекте жесір дауы, құн дауы тұрады. Осы орайда, Абайдың жер дауы, қыз дауына байланысты жасаған екі билігін қарастырайық, оның мәселені, яғни дау себептерін қалай қаузап, істі қалай «қағып», ақиқатты қалай айшықтап, мөлдіретіп жұрт алдына жайып салып, әділетті кесім шығарғанын айғақтайық:

Зады, билер арасында бір-біріне сөз ұстатып, кісі жіберу дәстүрі қалыптасқан. Ел, халық сөздің салмағын ұстап келген кісінің рабайына қарай білетін болған. Мысалы, Құнанбай Жақып інісін ауыр бұйрықпен жүргізсе, «айтып кел, білдіріп келіге, Ызғұтты, Майбасарды жұмсайды. «Ұғындыр да, бағынды!» десе, жорға Жұмабай пішіндес болады. «Қорқытып, ызғар тастап, үйіріп кел» десе, тағы осы Жақып шығады. Руаралық келелі сөзге, іргелі кеңеске де жүретін — Жақып. Ал, іс тіпті үлкен болып, көп елмен қаржасатын кез болса, ондайда Қаратай шығады. Ал, «алып кел, айдап кел!» дегендей бұйрық болса, Қамыс бай, Қарабас сияқты ат шабарлар түрінде келеді.

…Бірде аз ата Көкен мен торт болыс Тобықтың арасындағы жер дауы асқынып, барымта-сырымтаға ұласып шырық қан соң «шербешнай» сиязда қаралмақ болғанда Көкен жағы куәлікке өз ішінен емес, Тобықты ішінен Абайды таңдаған екен. «Атаның ұлы емес, адамның ұлы» деп, «туғанына бұрмайтын тура би» деп қолқа салғанға ұқсайды. Сондағы Абай куәлігін, оның әділеттілікке, шындыққа негізделген ой толғауын тұтас келтірейік:

— Ағайын жұрт, бір дуан елді бір араға шоқтай жиған әлек сөздің мәніне мені куә тартпақсыздар. Мен сол куәлікті айтқалы келдім… Қаншалық, ащы болса да, әлдекімге ауыр тисе де, жұрт жарасып емдейтін дәрі сол — әділет қана. Ал, дәрі ащы болса да дертті жазады. Осыны сіздер ойлар деп сенемін де, өзіме де соны арқау етемін. Қолымнан келсе, ақыл-парасатым жетсе, өз кеудеме ақ көрінген әділетті айтқым келеді. Рас, бұл жөнде жеңілдік жоқ. Өйткені, кейбір қыңыр кекіректер бар. Олар қаскөйлікпен, зорлықпен, арамдықтың есебінен басқаны ойлап көрген емес, барлап барған емес. Қазақ «инемен құлдық қазу қиын» дейді ғой, мен айтсам, «инемен қазу» кей көкіректен қаскөйлікті қуудан оңайырақ па деймін Осы айтқан түйіндерім менің куәлігімнің тағы бір арқауы да тіректері! — деді.

Абай мынау жиынның бөрінің суырылған шешендік дейтін, оз әлінше ақыл — парасат дейтін жайларының бәрінен жоғары соғып, биіктен шықты. Адамшылық ар таразысынан атап, бөліп қойғандай болды…

Содан соң Абай дау төркінін қаузауға көшеді:

— Тобықтының Көкен елін осы көктемде шапқанын менен сұраудың қажеті жоқ. Оны жалған дейтін жан жоқ. Неге шапты?

— Мен Тобықтының ұлымын. Ешкімге сатылғам жоқ. Сондықтан да Тобықтының терісін айтам, тентегін, зорлығын, бұзықтығын айтам. Ол Тобықтының қалың елін қаралағаным емес, қайта жазығы жоқ көпшілігін ақтаймын деп соны айтам. Қалың момын, жазықсыз көпшілігін арамға апарып, итеріп жығып арандатқан аз Тобықтының азғындығын айтам… Әділет соны тілесе, атаңның да болса айыбын айт. Ең әуелі айыпкер деп мен ең алдымен кешегі өткен өз әкем Құнанбайды айтамын!…

Тобықтар тобынан жазғырған үндер естіледі…

Осыдан әрі Абай, елу-алпыс жыл бойында момын ел, шаруаның елі Уақтың талай қоныстарын бастығы Құнанбай болып, көп Тобықты тартып алып жүргенін айтты. Қазіргі Тобықты ие легіндегі қоныстардың кезінде Көкен елінің қай ауылының, қай атасының мекені екендігін Абай бұлжытпай санап берді.

Өз сөзінің екінші бөлімінде Абай қолды болып тұтқынға түскен, мертіккен екі жақтың сойыл соғарларына тоқталады. Олардың отбасылары қайыр сұрауға шақ қалған.

Бұл тұста Абайдың куәлігі, бай — бағланның қорлығынан шықпай жүрген есесіз көптің, коп заманнан бергі жоғын жоқтаған сөзге айналды. Бұл сөздер куәліктен асып, өкімге ауыса бастады. Жылаулардың жайын жеткізе айтқан Абай сөзі болысу сөзі ғана емес, айыптау сөзі боп барады… Міне, диалектика дегеніміз қайда жатыр!

Осыдан кейін куәлік сөзін бітіре келе, әлгі сөз болған қоныстардың қашан, қалай және кімге қолды болғандарын тірі куәлерді көлденең тартып айғақтайды, ақиқатты солай айшықтайды да: «Дау-дамайсыз, бүгін өрісі тарылған, өздері жер емшегін еміп, адал кәсіпке ауысқан Көкен елінің жер дауы сол елдің пайдасына шешілсін! Оның үстіне қалың елді арасындағы, бір-біріне айдап салған Оразбай, Әзімбай сынды басбұзарларға өзгеше кесім кесілсін! — деп байлам жасайды. Бұл, шын мәнісінде, тосын да әділ билік еді. Тобықтының күллі жуанын, атқамінерін наразы қылған, күллі Уақ пен қалыс ағайынды риза қылған билік кесім еді, бұл!

Ал, Салиқа қыз дауында Абай ара би санатында болғанымен, төбе бидің міндетін атқарады. Себебі, оның ұсынысы бойынша төбе билікке сайланған Асылбектің сыбан жағына жекжаттығы болғандықтан, әрі Керей — Найман екі жақ та Абайдың шешіміне тақ тұрысатынын айтып қолқа салған соң, Салиқа қыздың дауын шешу ісі Абайдың хұзырына беріледі…

Керей қызы Салиқа Сыбанның жесірі еді. Атастырған күйеуі, яғни тең тұсы өлгенде, Сыбан оны әмеңгерлік жолмен алпыстан асқан шал, екі қатыны бар Сабатарға ұйғарып қойған. Қалыңмалы толық төленген. Бірақ өжет қыз бұл қорлыққа шыдамай елінің игі жақсыларына хатпен арыз етеді. «Басында ырқыңа бір көрдім, енді екі күйдірме, әкемнен де үлкен шалға көп қатынның бірі етіп берме» деп еліне зар қылады. Аз күнде Керейдің кәрі-жасы түгел айтатын «Салиқа қыздың еліне арызы» атты ән пайда болады. Мұңды қыз Керейдің ішіндегі Шақантайда өзінің тең тұсын, құштарын табады. Сөйтіп, Керей «қызды жылатпаймыз» деп, құдалықты енді амалсыз бұзбаққа бекінеді. Аяғы үлкен дауға айналып, барымта, сырымтада соққыға жығылған, өлімі жаралы болған, қалжа жеп жатқан екі елдің азаматы елуге жеткен деседі. Осындай ширыққан, шиеленіскен дауды шешуге бел байлаған Абай ең алдымен екі жақтан үш-үштен ашық кісі шақырын алады, Біраз әңгіме аужай түйіседі. Қыздың арыздарымен түбегейлі танысады. Сөйтіп, Керей — Найман алдында былайша өтіледі:

— Жә, екі туысқан, сөзім ем болып, ел тыныштығы табылатын болса, одан аянар, іркер күшім де, ниетім де болмас… Бірақ аңғарып түйіп байқасам, бұл сөз жесір дауынан басталғанымен, ұлан — қайыр іс боп, қат — қабаттап кетіпті. Екі ел арасында көптен жүрген барымта, ұрыс-қағыс бар. Шабуыл — шан дуылға жеткен үлкен түйіндер бар. Бұл күнде талай ердің құнына тақау ақы, мүлік сөзі бар. Осының бәріне билік айтатын адам көп отырып, коп тергеп, қалың өзге қапысыз кіру керек, дей келіп Абай өзіне көмекші ретінде қалыс ағайын ішінен Оразбай мен Жиреншені сұрайды. Сонда Сыбанның төресі Барақ:

— Абай шырақ! Екі ағайының сенің алдыңа сөз тастады. Сөз ғана емес, сенің басына да сын тастады. Тобықтының ара ағайыным, деді. Бұлінгенді тілемес, бірлігімді тілер деп бір таңдаса, әділеті, ақтығы бар деп, дәл сенің қара басыңды тағы тіледі. Түптің түбінде тергеу көмегіңе екеу араласып, бесеуді араласып, бірақ «түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» дегендей түбінде қым мойынның келеге түсер, кесер сөзін бір өз аузыңнан, өзіңнен ғана күтеміз, — дейді. Ал, қарсы жақтан Той сары:

— Барақ мырза өз мүддесін айтты ғой. Көлденеңдер кебім жоқ. Бергенім берген. Шыжыммен үш, шырғамен қон деп неғылам! Түйін — төрелікті, тек сонау төбеден тосар жайым бар! — дейді.

Абай үндемей ғана, екі жағына салқын жүзбен бас изейді де, бұл кездесуді осымен тәмамдайды. Ара би, әуелде аз сөзді, көп сабырлы болмақ жон. Сыр ұшығын сөз шығарады. Жарым сөзден жай түйем деп жорамалға, тұспалға кәп түсетін сөз қуарлар, пәлеқорлар екі елде аз емес. Мәселенің осы жағын екі көмекшісіне де ескертіп, «жең ұшынан жалғасып, малға сатылып жүрендер» деген қатаң талап қояды.

Сонымен, Салиқа қыз дауының бір жұмаға созылған күндіз-түнгі тергеуі басталып та кетеді. Тергеу үш жерде: Сыбан ішінде, Керей ішінде, қыз аулының сөз иесі қарт Қалдыбай мен қыз әмеңгері — шал Сабатар һәм Салиқа қыздың маңайында жүріп жатты. Соңғы үшеуін Абайдың өзі тергейді. Осыған кейін тағы үш күндей Салиха дауының, Керей — Найман ылаңының тынымсыз тергеуі өтеді. Бұл үш күн ішінде Балқыбек сиязының басына жиылған адамдармен бірталай сөздердің басын қайырып болған Жиренше мен Оразбай қастарына бес-бестен кісі ертіп, жақын отырған Керей мен Сыбанды екі жақтан аралап қайтады. Талай айғақты жиып, сүзіп келіседі.

Енді билік күні де жетеді. Бар дау, бар шығын, шытырманның коп түйіні жан-жақтан ағылып кеп, Абай қолына түгел тигендей. Ол Керей — Найманның осы іске қатысы бар кәрі-жасының барлығын жиғызады. Оның алдында Жиренше мен Оразбай: басы Барак болып Сыбанның игі

жақсылары қыл құйрықты адалынан қырық ат тандап беремін деп отыр, дауды Сабатардың пайдасына шеш, деп қолқа салады. Сонда Абай — оттапсың, екі төбет! — деп боқтап жібереді. Алқалы жиынның алдында сөз бастаған Абай:

— Уай, жағалай жұртым! Керей — Найман елім! Ортаңа мені қойыпсың. «Тетігімді тап, тынымымды бер» деп қойыпсың. «Сынға салдым, жарықшағыма жамау бол, сына бол» деп сеніпсің. Арылып өтер жөнім бар. Бір айтарым: Тобықтан туғаныммен екі бауыр, екеуіңнің ісіңе Тобықтының тұрғысынан қара деме. Тағы бір айтарым бар: қазақта жесір дауы — жеті ықылымнан келе жатқан дау. Заман азып, заң тозатыны рас па? Содан ба? Болмаса, дау біреу болғанмен дауа кеп болғандықтан ба? Әйтеуір, біздің тұсымызда, дәл осы заманымызда бұл дау халыққа сын болғандай. Келеге сын, нәсілге сын болғандай деп түсінемін. Міне, ағайын, сенің алдыңда өзіме осыңда асу қып атаған екі тұрғым бар. Айтар билігімнің құбыласын осыдан ұқ дер едім. Бұдан басқа баспалап бағар, өзге есебім жоқ. Барлап қара, сендердің қамыңнан өзге бағытым да жоқ. Жақсы жол — елге жора. Мен, баяғыңның нені желеу, нені жамау тапқанын білемін. Жаңа ұрпақ жаңа тілекпен келеді. Жас боп туып, жетпестен күңіреніп өтем деп келмейді. Жаңа күн, өзінің жаңа жорасын, жаңа тілегін жас көңілмен айтады. Жас ұрпақтың талабымен айтады… Оған құлақ ілмеген, елдіктің дауасын таппай, алмасып табады. Бұл қыз болса, тағдыры бір жазалаған қыз. Теңінен айырылып, тілегінен кесілген қыз. Ата-анасы, қайын жұрты бір атаған орнынан жас көңілін тапжылтпай табылған-ды. Бірақ бір өмірге екі өлім бұйырған тәңір тағдыры да жоқ. Сабатар тілегі сол қыз басына екінші өлімді қанды ноқта қып ұсынып отыр. Бұл ақ ноқта емес, қайта айтамын, — қан ноқта. Қыз өлімге бар, бұл өмірге жоқ. Жиын отырған жұрт, бәріңде де — апа-қарындас, қыз — қыршын бар. Төрт арыстың жиыны, жора болсын деймін, кейінгіге. Бір жанға екі күймек — әділет емес. Бір қыздың екі сатылмаған жол емес. Алғашқыда саған берген еркін, халық, енді қыздың өзіне бересің. Қыз басы Сабыннан азат. Бұл менің бірінші байлауым! — деп Абай соңғы сөздер тұсында үнін қатайтып, әзілмен құлшына түйді.

Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!