Оғыз мемлекеті слайд,презентация
Оғыз мемлекеті слайд,презентация
«Оғыз» этнонимінің «өгіз» атауынан шыққаны күдік тудырмауы тиіс. Мұны зерттеушілердің көпшілігінің мақұлдайтынын да айта кеткен жөн. В.Бартольд батысқа жылжығандардың сандық көрсеткіштерсіз, тек Оғыздар деп аталғанына назар аударды. Оғыздар ІХ ғасырда Жетісу арқылы Сырдарияның төменгі ағысына қоныстана бастағанда олардың сандық және сапалық тұрғыдан құрамдары өзгеріп кетті. Х ғасырдан бастап оларды араб географтары Ғұздар деп атай бастады. Тарихи деректер Оғыз тайпаларының Учук және Бузук деп аталатын екі топқа бөлінгендерінен хабардар етеді. Каспий мен Арал теңіздерінен солтүстікке қарайғы аймақта Оғыздар күшті мемлекет құрды. Алайда солтүстік-шығыстан келген Қыпшақтар Х ғасырда оларды ығыстыра бастады. Оғыздардың біраз тайпалары Еділ өзеніне дейін барып, осында печенегтермен қақтығысса, ал екінші үлкен бөлігі Орта Азиядағы мұсылман иеліктеріне басып кіріп, Жерорта теңізіне дейін барды. Олардың 1065 жылы Дунайдан өтіп, Балқан түбегіндегі халықтарды тонап, Элладаға дейін барғандары белгілі. Қазіргі Осман түріктерінің біразы – солардың ұрпақтары. Бірақ олар қазір «түрік» атанып кеткен.