Облыстың азық – түлік тауарларымен қамтамасыздығын талдау
Агроөнеркәсіп кешені саласында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын 433 кәсіпорын, шағын зауыттар және цехтар жұмыс істейді. Оларда 10 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Өндірістік бағыттары бойынша аталған кәсіпорындардың 70 пайызы астық өнімдерін алғашқы және тереңдетіп қайта өңдеумен айналысып, нан, тоқаш, макарон-кеспе, кондитер тағамдарын өндіруге, қалған кәсіпорындардың 7 пайызы – ет, шұжық өнімдерін өндіруге, 2,5 пайызы – сүт өнімдерін қайта өңдеуге, 6 пайызы – өсімдік майын шығаруға, 3,6 пайызы тұшпара өндіруге, ал, қалған 9,9 пайызы әр түрлі сусындар шығаруға, жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеуге, жүн-тері өнімдерін өңдеуге бағытталған.
Облыста жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу жалпы республикалық көрсеткіштен төмен қалыптасып отыр. Бұл ретте жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеудің республикалық орташа көрсеткіші – 3,5%, ал, ол Жамбыл облысында небәрі 0,25 пайызды ғана құрап отыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін облыста “Азия-Қазақстан” концерні”, “Тараз-Тарту”, “Булгарконсервпродукт” кәсіпорындары базаларында жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу өндірістерін дамытуға бағытталған инвестициялық жобалар қолға алынуда. Жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі осы 3 ірі кәсіпорын іске қосылып, толық қуатында жұмыс істеген жағдайда, облыста жеміс-көкөніс дақылдарын қайта өңдеу көрсеткіші едәуір көтеріліп, алдағы жылға қарай 10 пайызға, ал 2014 жылы – 35 пайызға жететін болады.
Бүгінгі күні облыста осы және тағы басқа да бағыттар бойынша барлық салаларға талдаулар жасалынып, мүмкіндіктер анықталды. Енді осы бағыттағы жұмыстарды нақты жүргізу, олар бойынша серпінді жобалар ұсыну шаралары қолға алынуда.
Бірқатар зерттеушілер елдің азық-түлік қауіпсіздігі – бұл елдің денсаулығы мен өмірін сақтау үшін жеткілікті деңгейде, негізінен өз өндірісі есебінен халықтарды сапалы тамақ өнімдерімен үзіліссіз жабдықтау деп санайды. Азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды қасиеті отандық азық-түлік түрлерімен халықтың қамтамасыздығының деңгейі болып табылады. Табиғи-климаттық жағдайларына байланысты әртүрлі мемлекеттер әртүрлі объективті себептерге байланысты халықтарды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша бір-бірінен ерекшеленіп отырады. [25]
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ең алдымен ол елдің азық-түлiкке экономикалық қол жетiмдiлiк деңгейімен сипатталады. Сондықтан әрі қарай елдің азық-түлiкке экономикалық қол жетiмдiлiк деңгейін қарастырамыз. Азық-түлiкке экономикалық қол жетiмдiлiк ең төменгi тұтыну себетiне енгiзiлген көлемде баға мен кiрiстiң қалыптасқан деңгейi жағдайында халықтың азық-түлiк тауарларын сатып алу мүмкiндiгi ретiнде анықталады.
Сондықтан, Жамбыл облысының азық-түлікпен қамтамасыздығын ең алдымен олардың табыс деңгейінің мөлшерін анықтаудан бастайық. (кесте 8)
Кесте 1
Жамбыл облысы халықтарының табыс деңгейі, 2005-2009 жж.
Негізгі көрсеткіштер
2005 ж.
2006 ж.
2007 ж.
2008 ж.
2009 ж.
1
2
3
4
5
6
Халықтың атаулы ақшалай табыстары, халықтың жан басына шаққанда,1айда, теңге
22542
26750
33996
37546
43951
Ең төменгі күнкөріс шамасы (орта есеппен халықтың жан басына шаққанда), теңге
5217
7276
8506
10903
11167
Экономикалық қолжетімділік коэффициенті (1жол: 2жол)
4,32
3,67
3,99
3,44
3,94
2008 жылы жан басына шаққанда орташа номиналдық ақшалай кiрiс облыс бойынша бiр айда орта есеппен 37546 теңге болды, бұл облыста айына орташа есеппен 10903 теңге көлемiнде қалыптасқан ең төменгi күнкөрiс деңгейiн қамтамасыз етедi. Экономикалық қолжетімділік коэффициенті 2005 жылдан бастап біресе төмендеп, біресе жоғарылап отырған. Яғни, ауылшаруашылығының өнімдерін жоғары деңгейде пайдалануға мүмкіндік жоқ. Мұндай жағдайда ауылшаруашылығын көтеру үшін мемлекет ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасын көтеруге де жағдай жасай алмайды. Бұдан, облысымызда азық – түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайының мәз емес екендігін бірден байқауға болады.
Бүгінде мынандай практика қалыптасқан, жан басына шаққанда орташа номиналдық ақшалай кiрiс ең төменгі күнкөріс шамасынан артық болса халықтың жағдайы жақсы деген сөз. Яғни, жоғарыдағы кесте мәліметтерінен ең төменгі күнкөріс шамасынан жан басына шаққанда орташа номиналдық ақшалай кiрiс 3-4 еседей артық екендігін байқаймыз. Бірақ, бұл көрсеткіштер қанша артқанымен, экономикада жалғасып келе жатқан инфляциялық процестер республика халықтарының ақшалай табыстарын басып озып келе жатыр.
Тұтыну бағаларының өсу қарқыны халықтардың ақшалай табыстарының өсу қарқынын басып озады. Бұл, әсіресе тамақ өнімдеріне қатысты, тұтынушылардың сатып алу қабілетін ылғи да төмен тартып отырады. Күнделікті тұтынылатын, әрі бағасы да онша еленбейтін нан өнімдеріне қарағанда, ет, сүт және жұмыртқаға сұраныс халық табысы мен тұтыну өнімдерінің бағалары арасындағы алшақтықты қатты байқатады.
2005-2009 жылдар аралығындағы негізгі тамақ өнімдерінің орташа бағаларын талдау, төмендегі 9-кесте мәліметтері арқылы қарастырылады. /38/
Кесте 2
Тамақ өнімдерінің 2004-2008 жылдар аралығындағы жекелеген түрлерінің
орташа бағаларын талдау
(жыл соңына, теңгемен)
Көрсеткіштер
2005ж
2006ж
2007ж
2008ж
2009ж
1
2
3
4
5
6
Тамақ өнімдерінің, килограмына
Сиыр еті
356
410
550
581
700
Қой еті
441
494
619
599
750
Шошқа еті
410
378
471
550
650
Құс еті
342
276
506
451
630
Мал майы
411
422
563
642
850
Өсімдік майы, литр
153
167
310
300
320
Сүт, литр
51
55
90
100
110
Жұмыртқа, он дана
126
138
194
195
200
Жоғарғы сортты бидай ұны
53
53
92
109
125
Жоғарғы сортты бидай ұнының наны
37
43
62
71
80
Күріш
96
103
107
205
180
Картоп
34
46
43
52
65
Алма
119
103
137
136
150
22-кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, 2005-2009 жылдар аралығында сиыр, қой, шошқа еттерінің бағалары 2 есе, тауық еті 1,5 есе,1 литрөсімдік майының құны 148 теңгеден 320 теңгеге дейін, 172 теңгеге немесе 202%-ға,1 литрсүттің құны 46 теңгеден 110 теңгеге дейін, 64 теңгеге немесе 217%-ға дейін жоғарылады. Сонымен қатар, жоғарғы сортты бидай ұны мен жоғарғы сортты бидай ұнының нанының құны шамамен 2 есеге дейін көтерілген. Қалған тамақ өнімдерінің бағаларында да шамамен осындай өзгерістер байқалады. Бұдан облысымыздағы инфляция қарқынының өте жоғары екендігін байқаймыз. Жағдай қиындап кетпес үшін облыс әкімшілігі жедел түрде қарсы шаралар ұйымдастыруды ойластыруы керек. [26]
Халықтардың тамақ өнімдерін стандарттық тұтынуға сәйкес пайдалануын талдау (кесте 10), Қазақстандағы тамақ өнімдерін тұтынуды қамтамасыз етудің минималды деңгейін көрсетеді.
Кесте 10
Халықтың жан басына шаққандағы негізгі тамақ өнімдерін тұтынуы
Азық – түлік түрлері
Нақты тұтыну, кг/жыл
Стандартты тұтыну, кг/жыл*
Нақты тұтынудың стандартты тұтынуға қатынасы, %
2005
2006
2007
2008
2009
2005
2006
2007
2008
2009
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
Нан өнімдері
116
114
124
122
122
116,17
99,8
98,1
106,7
105
105
Картоп
49
47
45
45
45
62,34
78,6
75,4
72,2
72,2
72,2
Көкөніс пен бақша өнімдері
71
71
72
73
73
55,14
128,7
128,7
130,6
132,4
132,4
Жеміс-жидектер
36
36
37
37
38
29,19
123,3
123,3
126,7
126,7
130,2
Ет және ет өнімдері
40
40
44
49
49
41,6
96,15
96,15
105,8
117,8
117,8
Сүт және сүт өнімдері
190
189
205
208
204
179,53
105,8
105,3
114,2
115,8
113,6
Жұмыртқа, дана
106
108
114
121
120
103,4
102,5
104,4
110,2
117
116
Рационның энергетика-
лық құнды-
лығы, сөт-
кесіне ккал
3012
2367
2192
2012
2045
2165
139,1
109,3
101,2
92,9
94,4
Жоғарыдағы кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, бірқатар тамақ өнімдері топтарының арасында айтарлықтай айырмашылықтар байқалады: егер, нан және нан өнімдері, көкөніс, күнбағыс майы, жеміс-жидек, жұмыртқа, балық және балық өнімдері бойынша стандартты тұтыну мәнінен жоғары немесе соған сәйкес болса, ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, картоп бойынша тұтынудың минималды мөлшерінен төмен. 2009 жылы бір адамның тұтыну стандартына келетін рационның энергетикалық құндылығы 94,4%-ды құрайды.
Сонымен, құрамында крахмалы, көмірсулары бар халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігіне жететін және арзан нан және нан өнімдерінің үлесінің өсуімен қатар, халықтың тамақ рационындағы жоғары энергетикалық құндылықты азық-түлік өнімдері қысқарып кетті. «Қазақстан Республикасының Қазақ Тамақ Академиясы» ЖАҚ-ның мәліметтері бойынша 2005-2009 жылдар аралығында тұтынылатын өнімдердің энергетикалық құндылығы сөткесіне 2045 ккал. дейін қысқарды (ЖАҚ ұсынуы сөткесіне 3000 ккал.). [27]
Азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды қасиеті отандық азық-түлік түрлерімен халықтың қамтамасыздығының деңгейі болып табылады. Табиғи-климаттық жағдайларына байланысты әртүрлі мемлекеттер әртүрлі объективті себептерге байланысты халықтарды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша бір-бірінен ерекшеленіп отырады. Толық қамтамасыздық- мемлекет өзін-өзі өз күшімен қамтамасыз ете алады, жартылай- кейбір азық-түлік түрлері жетпеген жағдайда басқа елдердің мүмкіндіктерін пайдалану есебінен нарықты толықтыру, қарым-қатынастық- азық-түлік нарығын елдің басқа аймақтарының көмегімен толықтыру, тартымдылық- тек басқа елдердің өнімдерінен тәуелді болу (азық-түлік импортына толық тәуелділік).
Сондықтан елді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету деңгейі көбінесе елдің өзін-өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету мүмкіндігіне байланысты болады.
Сондықтан, әрі қарай облыс халықтарының азық – түлік тауарларына қол жетімділігінің деңгейін қарастырып өтеміз (кесте 11).
Кесте 3
Облыс халқының 2008-2009 жж. азық – түлік өнімдерімен өзін — өзі
қамтамасыз ету деңгейі
Халық саны, 2008 ж- 1 031,1м. адам; 2009ж-1043,8 м. адам
Көрсеткіштер
Тамақ өнімдерін тұтыну стандартта
ры, кг/жыл
Облыс бойынша тамақ өнімдерін тұтынудың шекті деңгейі
(*халық саны х 2бағ.), мың тонна
Ауылшаруашылық өнімдерінің нақты өндірісі,
мың тонна***
Өзін — өзі қамтамасыз ету деңгейі, %
2008 ж.
2009 ж.
2008 ж.
2009 ж.
2008ж.
2009 ж.
1
2
3
4
5
6
7
8
Нан өнімдері
116,17
119,78
121,2
148
553,3
123,5
4,5 есе
Картоп
62,34
64,3
65,0
104,8
108,8
163
167
Көкөніс пен бақша өнімдері
55,14
56,8
57,5
147,0
148,3
2,5 есе
2,6 есе
Жеміс-жидектер
29,19
30,1
30,4
5,7
17,2
18,9
56,6
Ет және ет өнімдері
41,6
42,9
43,4
46,6
47,3
108,6
109
Жұмыртқа, (мың дана)
103,4
106,6
107,9
99,7
109,6
93,5
101,6
Сүт өнімдері
179,53
185,1
187,4
266,9
269,2
144
143,6
11-кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, облыс халқының тұтыну стандарттарына сәйкес азық-түлік өнімдерімен қамтамасыздығын талдау, нан және нан өнімдерінің өндірісі бойынша ғана халық 2009 жылы 4,5 есе қамтамасыз етілгендігін байқаймыз. Сонымен қатар, соңғы жылдар көкөніс және бақша өнімдері бойынша тұтыну стандарттарға сәйкес артып келеді. Қалған негізгі өнім түрлері бойынша республиканың тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейі тұтыну стандарттарынан төмен. Бұл, өз кезегінде міндетті түрде, әсіресе ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдерімен отандық рынокты толтыратын азық-түлік импортына тәуелділікті нығайта түседі. /64/
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету — ең алдымен ол елдің азық-түлiкке экономикалық қол жетiмдiлiк деңгейімен сипатталады. Сондықтан әрі қарай елдің азық-түлiкке экономикалық қол жетiмдiлiк деңгейін қарастырамыз. Азық-түлiкке экономикалық қол жетiмдiлiк ең төменгi тұтыну себетiне енгiзiлген көлемде баға мен кiрiстiң қалыптасқан деңгейi жағдайында халықтың азық-түлiк тауарларын сатып алу мүмкiндiгi ретiнде анықталады.
Жамбыл облысының статистикалық мәліметтері және Жамбыл облысының ауылшаруашылық Департаментінің есептілік мәліметтері негізінде Жамбыл облысы халықтарының өз өндірісі есебінен халқын негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейіне жүргізілген есептеулер келесідегідей қорытындылар жасауға алып келді: Жамбыл облысы нан және жарма өнімдері, картоп, көкөністерден сәбізбен, жидек, ет, сүт өнімдерімен толық қамтамасыз етілген. Тек, жұмыртқамен ғана қамтамасыз етілмеген. Жұмыртқа Жамбыл облысына еліміздің басқа аймақтарынан әкелінеді.
Жамбыл облысы бірнеше аудандардан тұрады. Жамбыл облысы ауылшаруашылық Департаментінің мәліметтері негізінде әкімшілік – аймақтық бірліктер шеңберінде 2009 жылы халықтың ет-сүт өнімдерімен қамтамасыздығына келесі 12-кесте негізінде талдау жүргіземіз.
Кесте 4
Жамбыл облысының 2009 жылғы әкімшілік-аймақтық бірліктер
шеңберінде халықтың ет-сүт өнімдерімен қамтамасыздығы
мың тонна
Аудандар
Халық саны, мың адам
ЕТ
СҮТ
Тұтынудың шекті деңгейі
Нақты өндіріс
Ауытқу,
+,-
Тұтынудың шекті деңгейі
Нақты өндіріс
Ауытқу,
+,-
1
2
3
4
5
6
7
8
Облыс бойынша
1043,8
42,3
46,6
4,3
182,9
266,9
84,0
Байзақ
80,2
3,3
4,7
1,4
14,4
41,8
27,4
Жамбыл
77,4
3,2
4,2
1,0
13,9
37,3
23,4
Жуалы
51,5
2,1
5,9
3,8
9,2
33,1
23,9
Қордай
111,3
4,6
7,3
2,7
20,0
53,8
33,8
Меркі
73,4
3,0
2,7
-0,3
13,2
24,0
10,8
Мойынқұм
32,1
1,3
2,1
0,8
5,7
8,9
3,2
Т.Рысқұлов
61,3
2,5
3,5
1,0
11,0
18,5
7,5
Сарысу
44,6
1,8
2,9
1,1
8,0
5,8
-2,2
Талас
50,7
2,1
5,2
3,1
9,1
9,0
-0,1
Шу
93,8
3,9
7,8
3,9
16,8
31,3
14,5
Тараз қаласы
342,5
14,2
0,3
-13,9
61,5
3,4
-58,1
Жоғарыдағы кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай аудандар бойынша халықтың етпен және сүтпен қамтамасыздығы стандарттық тұтынулардан жоғары болғанымен, қала бойынша қамтамасыздық жағдайы өте нашар екендігін байқаймыз. Өйткені ауылдықтар өзін-өзі өз жеке шаруашылықтары арқылы қамтамасыз етіп отырғанымен, олардың өнімдері қала халқын қамтамасыз етуге мүлде жетпейді. Қала халқына -13,9 мың тонна ет өнімдері, -58,1 мың тонна сүт өнімдері жетпейді.
Сонымен, алынған нәтижелерді талдаулардан Жамбыл облысы ет-сүт өнімдері бойынша жақын аймақтардың импортына тәуелді екендігін байқаймыз.
Дүниежүзілік аграрлық сала ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісі сияқты секторларға ие бола және планетадағы халық санының өсуіне қарай нарықты қажеттілік арта түскен бәсекеге қабілетті өнімдермен толықтыра отырып шапшаң дамуда. Соңғы жарты ғасырда ғана азық-түлікке деген сұраным төрт есе өскені мәлім.
Негізгі азық-түліктің дүниежүзілік өндірісі 2008-2009 есепті жылы 4.4 млрд. тонна болды, оның ішінде миллион тонна есебімен алғанда: негізгі дақылдар 1788 (жүгері – 770,6; астық – 602,3; күріш — 420), көкөніс – 660, жемістер – 503, сүт – 425,3; картоп – 321, ет – 280,9; қант – 169, балық – 143, өсімдік майлары – 128,2 млн. тоннаға жетті.
Қазақстанда осындай өнімді өндіру 2008-ші жылы 28,9 млн. тоннадан асып түсті, оның ішінде миллион тонна есебімен алғанда: астық – 16,5, сүт – 5,1; картоп – 2,4; көкөніс – 2,3; ет – 0,84; қант – 0,4; жүгері – 0,42; май дақылдары – 0,4; күріш – 0,3; жемістер – 0,25; балық – 0,04 млн. тонна болды. Азық-түліктің аталған түрлерін шығару жан басына шаққанда 1,8 тонна болды, бұл дүниежүзілік орташа деңгейден, сондай-ақ Қытай, Индия, Ресей, Украина, Түркия, Иран мен Пәкістандағы сәйкес көрсеткіштен екі еседен астам жоғары болды.
Қазақстан іс жүзінде дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігіне қомақты үлес қосып отырған ірі аграрлық елдердің қатарына жатады. Біздің еліміз өз өнімдерінің айтарлықтай бөлігін әлемдік нарыққа шығарады. Республиканың агроөнеркәсіптік секторы өнімінің дүниежүзінің 38 мемлекетіне экспорты 2000-шы жылғы 650,6 млн. доллардан 2008-ші жылы 3,5 млрд. долларға дейін жетіп, 5.3 есе артты. Біздегі сала өнімдерінің 160 түрі сыртқы нарыққа шығарылады, атап айтқанда: астық, ұн, иленген тері, мақта, тары, күріш, бақша өнімдері, көкөніс, жемістер, маргарин, жеміс шырындары, минералды су, нан-тоқаш, кондитерлік тағамдар және басқалары.
Қазақстан сыртқы нарыққа 1,5 млрд. доллар көлемінде астық шығара отырып, көшбасшылардың бірі ретінде оның экспортынан дүние жүзінде 7-ші орын алады. Астық экспортындағы ұнның үлесі 2000-шы жылғы 9 пайыздан 2008-ші жылы 58 пайызға жетіп, 849,2млн. доллар көлемінде болды. Айырма 6,5 есе азайды. Астыққа шаққанда макарон өнімдерінің экспорты 2008-ші жылы 0,2 пайыздан 0,8 пайызға дейін көтерілді.
Республиканың ұн тарту өнеркәсібі таңқаларлық нәтижелерге жетісті. Еліміз ұн экспорты бойынша дүние жүзінде бірінші орынға шығып, соңғы үш жыл қатарынан осы биікке тұрақтап қалды. Дүниежүзілік 10,8 млн тонна ұн экспортының 23,9 пайызы Қазақстанның үлесіне тиеді. Соңғы уақытта нан-тоқаш пен кондитерлік өнімдердің экспорты шапшаң өсуде: осы өнімді сыртқа шығарудың астық экспортына шаққандағы үлес салмағы 2008-ші жылы 0,3 пайыздан 0,7 пайызға жетті.
2009 жылғы ауылшарушылығы Министрлігінің ветеринария Департаментінің рұқсатымен импорттық тауарлардың шеттен әкелініп және шетке шығарылу көлемін келесі 13-кесте мәліметтері арқылы көруге болады.
Кесте 5
2009 жылғы Жамбыл облысының азық-түлігінің импорты мен экспорты
тонна
Көрсеткіштер
Шеттен әкелінгені
Шетке шығарылғаны
Алыс шетелдерден
ҚР басқа облыс- тарынан
Облыстан шет аймақтарға
1
2
3
4
Ет өнімдері
5634,3
346
1389,5
Балық өнімдері
6235,6
—
1178
Сүт өнімдері
2202,2
252
338
Жемшөп
581
—
2795
жұмыртқа (млн.дана)
—
0,7
2,45
Сонымен, аграрлық сектордың жағдайын және халықтың негізгі тамақ өнімдерімен қамтамасыздығын талдау азық-түлік нарығының импорттан тәуелділігінің көтеріңкі деңгейімен сипатталады, сондай-ақ халықтың азық-түлік өнімдеріне физикалық және экономикалық қолжетімділігінің өте нашарлығымен сипатталады.
Азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің артып келе жатқан қауіптерін тоқтату үшін мемлекет келесі іс-шараларды жүзеге асыруы керек:[28]
— жан басына шаққанда орташа есеппен, сондай-ақ жекелей жыныстық жас топтары бойынша тамақ өнімдерін барлық қажетті наменклатурасы бойынша тұтынудың ұлттық стандарттарын бекіту;
— халықтың кедейшілігін төмендету үшін негізгі ерекшеліктер келесілер болуы керек: аймақтардың даму деңгейін теңестіруге, болашақта экономика слаларының, соның ішінде ауылшаруашылығының экономикалық өсуін қамтамасыз етуге бағытталған аймақтық саясат жүргізу;
— Обылыс әкімдері тұтынудың ұлттық стандарттары негізінде есептелген минималды тұтыну мониторинг жұргізуі қажет;
— тамақ өнімдеріне экономикалық қол жетімділікке жету үшін тұтынудың ұлттық стандарттары негізінде есептелген минималды тұтыну себетінің құнымен халықтың барлық топтарының табыс денгейінің тенгерімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өзіндік құны төмен, жоғары сападағы тамақ өнімдерінің жаңа түрлерінің өндірісін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жасау;
— тамақ өнімдерінің сапасын бақылау жүйесін жасау және оны халықаралық стандарттарға көшіру;
— халықтың азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыздығының мониторингін жүргізу;
— индикативті жоспар жасау кезінде азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етудің негізін құрайтын әрбір ауылшаруашылық өнім түрлері бойынша және оларды қайта өңдеу бойынша өндіріс параметрлерін ескеру;
— мемлекеттік азық-түлік қорларын пайдалану, сақтау және қалыптастырудың жүйелерін оптимизациялау;
— мемлекеттік сатып алу мен материалдық резервтерді уақытында бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;
— ішкі нарық сатылымының импортқа тәуелділігін отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және дұрыс мемлекеттік саясат жүргізу негізінде төмендету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.
#Облыстың #азық #түлік #тауарларымен #қамтамасыздығын #талдау #TopReferatcomkz #Қазақша #рефераттар #курстық #дипломдық #презентация
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз