О дыбысы мен әрпі балабақшадағы ашық сабақтар

0

Пәні: Сауат ашу
Сыныбы: МАД «А»
Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі
Мақсаты:  1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап   
                   табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.
                   2) Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін,     
                  дүниетанымын   кеңейту, тілін  дамыту.
                   3) Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке  тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.
Пәнаралық байланысы: тіл дамыту, айналамен таныстыру.
Сабақ барысы:    І. Ұйымдастыру.
Жыл мезгілі, ай аты, апта күні.
ІІ. Өткенді қайталау.
1-слайд.
а) Сұрақ-жауап:  — Дыбыс деген не?
                             — Дыбыстар нешеге бөлінеді?
                             — Әріп деп нені айтамыз?
                             — Әріптерді не істейміз?
2-слайд.
ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
  Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке  сызық арқылы қос.
Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ  т.с.с.
ІІІ. Жаңа сабақ.  3-слайд.
 а)  Тақтаға  «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер?  — Жабайы аңдар.
—    Олар қайда өмір сүреді?
—    Орманда.
—    «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
—    О дыбысынан.
—    Ендеше бүгін біз о дыбысымен танысамыз.
  Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.
ә)  — Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жебізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.
4-слайд.
1. Қоянның тапсырмасы. 
« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?
—    Алма артық, қалғаны ойыншықтар.
—    Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.
5-слайд.
Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
—    Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.
6-слайд.
2. Қасқырдың тапсырмасы.
 «Орнын тап» ойыны. О дыбысының орнын табу. Сөздің басында, ортасында, кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
  Орамал, ою, отырғыш – сөз басында;
  Доп, моншақ, домбыра – сөз ортасында;
  Пальто, кресло —  сөз соңында.
Сөздерді буынға бөлу.
7-слайд.
3. Аюдың тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.
а) ауада жазып қол жаттықтыру;
ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың, 
                       Құлпынайы көп екен.
                       Теріп-теріп алайық,
                       Қалтамызға салайық.
8-слайд.
4. Түлкінің тапсырмасы.
ОТАН, ТОҒАЙ, ТОН сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
— Отанымыз қалай аталады?
— Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
5. Бауырсақ пен  бірге мына буындарды оқиық:
9-слайд.
О-й  ой    ой   т-ой  той   той
О-р   ор   ор   т-ор   тор   тор
О-л   ол   ол   т-ол  тол    тол
Ой-на   ойна  ойна   Ай-на  Ай-на
  Бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.     

10-слайд
«Кім зерек?» ойыны.
Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос.
ІV. Қорытынды.
Сұрақ-жауап:
—    Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
—    О дыбысы қандай дыбыс екен?
—    Әріп таңбасы неге ұқсас?
—    О дыбысына байланысты сөздер айту.
 Мадақтау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!