Нүкте дегеніміз не? Материалдық нүкте
Нүкте дегеніміз не? Математикада нүкте деп еңі де ұзындығы да нөлге тең объекті атайды. Бұндай объект табиғатта жоқ, бұл тек қана абстаркциялық ойлаудан туындаған ұғым.
Мысалы Мыстан кемпір сияқты тұлға да болған емес. Бұл ойдан шығарылған ертегідегі кейіпкер. Бұндай сиқырға еш адам ие болған емес.
Бірақ осы кейіпкердің кейбір іс-әрекеттері мен мінездері шың өмірдегі адамдардан алынған. Және балалар ертегіні оқып, бұндай іс-әрекеттерден жеркенеді.
Математикалық нүкте де осындай ойдан шығарылған ұғым. Математика және өзге ғылымдарда зерттеулер үшін қолданылатың пайдалы ұғым.
Нүктелерді латын алфавитының бас әріптерімен белгілейді:
Мұғалім тақтаға бормен бір сілтеп мынау нүкте десе, бұл өлшемі шексіз аз, көзге көрінбейтің бір ұсақ зат сияқты елестетіңіз.
Материалдық нүкте
Математикалық нүктеге физикада материалдық нүкте ұғымы сәйкес келеді. Егер дененің өлшемдері дене өткен арақашықтан едәір аз болса, онда осы денені материалдық нүкте деп қарастырады да оның өлшемдерің ескермейді.
Мысалы өлшемі 2,5 сантиметр оқ 250 метр ұшса, оқтын траекториясын есептегенде, оқты материалдық нүкте деп қарастырады. Себебі оқтын өлшемі оқ өткен арақашықтан едәуір аз (неше рет аз?).
Пән: Математика