Номинализм және реализм – Философия – Рефераты на казахском языке – Библиотека

0
608

Философия тарихында жалпы ұғымның жалқы заттарға қатынасын ашып көрсетуге бағытталған пікірталас «универсалиялар» (жалпы ұғымдар) туралы ілім ретінде белгілі болды. Бұл мәселені шешу жолында схоластар көптеген шешімдер ұсынады. Олардың ішіндегі негізгілері бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі көзқарастар — номинализм және реализм еді. Реализм жалпы ұғымдар адамдардың ақыл-ойы санасынан тыс жөне тәуелсіз өмір сүреді деп есептейді. Ал номинализм, керісінше, жалпы ұғымдар («универсалиялар») адам санасынан тыс өмір сүре алмайды, олар тек заттар мен құбылыстардың аттары ғана дейді. Мысалы «жалпы адам» өмірде болмайды, өмір сүретін нақтылы тірі адам. «Адам» деген әрбір ет пен сүйектен жаралған жалқы адамның жалқы аты. Демек, жалқысыз жалпы ұғым өз алдына дербес, санадан тәуелсіз өмір сүре алмайды.

Италияда 1033-1109 жылдар аралығында өмір сүрген реализмнің көрнекті өкілдерінің бірі Ансельм Кентерберрийский өмірінің соңғы 16 жылында архиепископ болған. Ол шіркеу үстемдігі үшін саяси билікке қарсы күрескен адам. Өзінің осы мақсатты күресін саяси салада ғана емес, сонымен қатар философияда да негіздеуге тырысады. Ансельм үшін жақсылық, әдептілік, ақиқат ұғымдары адамдардың іс-әрекеттерінен тыс шынайы өмір сүреді. Демек ол реалистік бағыттың ең табанды жақтаушыларының бірі болған деген соз. Ансельм бұдан басқа, құдайдың бар екендігін дәлелдеуге тырысты. Егер құдай жоқ болса, құдай туралы ұғым пайда болмас еді. Ал құдай туралы ұғымның бар екені рас болса, демек құдайдың да бар болғаны, – дейді Ансельм. Бұның атын «құдай болмысын онтологиялық, жолмен дәлелдеу» деп атады. Ансельм өмір бойы дінбасылардың мақсат-мүдделерін қорғағаны үшін өлгеннен соң әулиелер санатына енгізілген.

1079-1142 жылдары өмір сүрген атақты схоласт «унивсрсалия» туралы пікірталаста сыңаржақты реализмге де, сыңаржақты номинализмге де бірдей қарсы шыққан Пъер Абеляр салиқалы реализмді уағыздады. Оның ойынша шынайы өмір сүретіндер тек жалқылықтардың өзара ортақ қасиеттері болуы мүмкін. Осы ортақ қасиеттердің негізінен «универсалиялар», жалпы ұғымдар қалыптасады. Біз көп жалқылар туралы айтатын болсақ, біздің пікіріміз „ олардың атаулары — сөзге бағытталмақ. Міне, номинализмнің түпкі мәні осында. Сонымен қатар жалпы ұғымдардың да шынайылығын, ақиқаттылығын мойындау керек, себебі олар құдайдың ақыл-ойында есепте түр, әрі құдай жарататын заттардың көзқарақты үлгілері болып табылады, — дейді Абеляр.

Абелярдың ілімі сыңаржақты схоластар тарапынан күшті қарсылыққа ұшырады. Алайда, он үшінші ғасырларда схоластика өзінің даму барысындағы биік белесіне көтеріледі. Бұл кезеңде қолөнершілер мен саудагерлердің еңбегі жана бастады. Осыған орай «ересь» (ресми дінге қарсылық), тіпті қарулы қақтығыстар орын ала бастады. Бұл дәуір крест жорықтарының дәуірі еді. Олардың арқасында европалықтар Шығыстың озық үлгілі мәдениетімен және оптикалық заманның сақталып келген мұраларымен тағыс болды. Философиялық және ғылыми әдебиет қорының көбеюі, схоластиканың да көкжиегін кеңейтіп, белсенді ой түрткі болды. Әсіресе Аристотель еңбектеріне берілген түсініктемелер мен жол-жөнекей Шығыс философтарының ашқан соны жаңалықтары схоластикаға зор әсерін тигізді. Атап айтқанда, Ибн Синаның (Авиценна), Ибн Рушдтың (Аверроэс) игі ықпалы күшті болды. Осындай игі құбылыстар рухани өмірді байыта түсуге себепкер болғанымен шіркеу тарапынан құрылған діни одақтар мен инквизиция (жазалау мекемесі) озық ой атаулыны тұншықтыруға бағытталды. Діни одақтар ішінде доминикан шылар («құдайдың төбеттері» деген мағынаны білдіреді) айырықша белсенділік роль атқарды. Осы одақтың белсенді мүшесі, итальяндық графтар тұқымы Ф.Аквинский (1225-1274) болды. Париж университетінен білім алып, кейін сонда профессорлық қызмет атқарған Ф.Аквинский аверроизмге қарсы белсене күресті. Аверроизмнің екіұдай ақиқат туралы іліміне қарадай шүйілген Ф.Аквинский ақыл-ой мен діни сенімнің өзара айырмашылығын емес, егіздей бірлігін, біртұтастығын дәлелдемекке бар күшін салған еді. Ақиқат жолында ақыл-ой, діни сенімге өрледік қайшы келуі де мүмкін. Ондай жағдайда екі тұжырымның бірі жалған болады. Ал құдай сөзінде жалғандықтың болуы еш мүмкін емес. Демек, бұл орайда ақыл-ой шатасқан болып шығады, немесе діни сенім емес философия жаңылысқан болып шығады.

Ф.Аквинский өз уағыздарын негіздеу ісінде Ф. Аквинский Аристотель философиясына сүйенеді. Оның негізгі категориялары шындық пен мүмкіндік. Әр зат «материя» мен «форманың» бірлігінен туады. «Материя» белгілі бір форманың кабылдау мүмкіндігі, ал «форма» — сол форманы иеленген «материяның» шындығы. Ф.Аквинский Аристотельдің тарихи дәйексіздігін ұтымды пайдаланып, өзінің түгел дерлік дінге бағынған материя және форма туралы идеалистік ілімін қалыптастырған еді. Оның пікірінше материя формадан тәуелсіз, дербес өмір сүре алмайды, демек қай зат болмасын ең жоғарғы формадан (құдайдан) тәуелсіз өмір сүре алмақ емес.

Ф.Аквинскийдің философиясында мән және тіршілік категориялары да ерекше орын алады. Шын мәнісінде бұл категориялар ибн Синадан ауысқан. Мән және тіршілік құдай дәрежесінде ғана біріге алады. Тіршілік мінге қарағанда жоғары тұрады, тіршіліктің мәнге қатынасы шындықтың мүмкіндікке қатынасындай. Осы қағидаға сүйене отырын Ф.Аквинский құдай болмысын дәлелдеудің өзіндік жолын ұсынады. Егер Ансельм Кентербервийский құдай болмысын «құдай» деген жалпы ұғымның бар екендігі арқылы дәлелдесе, Ф.Аквинский құдай болмысын оның заттар мен құбылыстардың пайда болу себебі екендігінен көреді. Бұл дәлелдеу «құдай болмысын космологиялық тәсілмен дәлелдеу» деген бағаға ие болды.

Жалпы ұғымдар, Аквинскийдің пікірінше, ақыл-ойдың жемісі болғанымен, одан дербес, тәуелсіз өмір сүреді. Өйткені ол ар құдайдың ойынан орын тебеді. Адамзат танымының басты мақсаты – соларды діни сенім арқылы білу. Адамдар өздерін үнемі жетілдіріп, католик дінінің шариғатын барынша пайдаланып, құдайдың ізгі пендесіне айналуы керек. Дін азаматтық коғамнан жоғары тұруы тиіс. Өкімет билігі – құдайдан, ал мемлекетті басқарудың нақтылы түрін тарихи жағдайларға байланысты тағайындау керек, – дейді Аквинский. Жердегі тіршілік тек рухани өмірге дайындық есепті, сондықтан патшалық билік рухани билікке бағынуы тиіс. Рухани биліктің басында: аспанда – Христос, жерде – Рим папасы (клерикализм). Ф.Аквинскиийдің томизм аталған ілімі католицизмнің идеологиялық арқауы болды. Біздің заманымыздағы аты әлемге әйгілі неотомизм философиясы өз бастауын осы ілімнен алғаны ақиқат.

Ағылшын схоласты Дунс Скотт (1265—1308) Оксфорд университетін тәмамдап, кейіннен сонда дәріс берген. Оның шұғылданған ең негізгі мәселесі — дін уағыздардың философияға қатынасы жөніндегі мәселе. Діни уағыздардың пәні құдай, ал философияның пәні – болмыс. Құдайды философия арқылы танып-білу еш уақытта толық, сипатта болмақ емес. Адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері арқылы берілген ақпараттан асып кете алмайды, ал рухани түпнегіздер сезім мүшелеріне еш уақытта тікелей әсер етпейді, оларды көруге, қолмен ұстауға болмайды. Демек, құдайды рухани құдірет иесі ретінде философия, ақыл-ой арқылы танып-білуге болмайды.

Негізінен алғанда, Дунс Скотт философиясы идеалистік сипатта болды. Кейбір номиналистермен салыстырғанда, Дунс Скотт жалпы ұғымдарды ақыл-ойдың туындысы емес, әр заттың мәні, түпнегізі ретінде қарастырады. Олар әруақытта болған, әлі де бола береді, демек мәңгі өмір сүреді. Барлық жалпы ұғымдар құдайдың ойында тұрады. Жалпы – жалқылардың негізі. Оларды адамның ақыл-ойы заттардан бөліп алып, соның нәтижесінде ұғымдар қалыптасады. Сонымен, сайып келгенде, жалпы алдымен құдайдың ойында болады, одан кейін заттардың мәніне, сапасына айналады, ал одан кейін адамдар санасындағы жалпы ұғымдарға айналады.

Мән және тіршілік категорияларының арақатынасы туралы мәселеде Д.Скотт Ф.Аквинскийдің пікірін қайталайды. Сонымен қатар қосымша соны пікір де білдірген. Мысалы, Аквинский заттар табиғатында мән және тіршілік бір-бірінен елеулі айырмашылықтары арқылы ажыратылады десе, Д.Скотт бұл тұжырымды қате деп есептейді, оның ойынша заттың мәні мен тіршілік тәсілінің арасында ешқандай да елеулі айырмашылық болмайды.

Рух дегеніміз Д.Скоттың айтуынша, адам денесінің рухани формасы. Форманы жасау – құдірет ісі, ол адам денесімен өле-өлгенше бірге жасайды. Рух — мәңгі, ал адам денесі кеңістік пен уақыт аралығында шектеулі. Өзінің «Таным теориясында» Д.Скот рухтың белсенділігін атап көрсетеді. Білім біз зерттейтін заттың табиғатынан әрі сезім мүшелерінің ерекшеліктерінен тәуелсіз бола алмайды. Ал адамның танымдық іс-әрекетіне келетін болсақ, онда маңызды рөл атқаратын нәрсе ақыл емес жігер, демек, жігер ақылдан жоғары тұрады. Ал құдайдың еркі мен жігері туралы айтпаса да болады. Сайып келгенде, Д. Скоттың философия мен ғылымнан гөрі діни уағыздардың мүддесін жақтағанын көреміз. Ол философияның әлсіздігін бетіне баса айыптады, себебі ден көрсетті ол, философия жалпы ұғымдармен ғана істес болады да ет пен сүйектен жаралған нақты адамның мақсат-мүдделерінен мүлдем аулақ болады, демек, оның еш пайдасы жоқ. Ол егер құдай жігерінен, оның еркін нәр алған болса, мұндай әлсіздікке жол бермес еді, – дейді Д.Скотт. Ал дүниенің жаратылысы, осыған орай, философия үшін жұмбақ нәрсе. Ал оны құдайдың жаратқанына күмән келтірмей, шексіз сену керек.

Қорыта айтқанда, Ф.Аквинский мен Д.Скоттың философиялық ілімдерінде елеулі айырмашылықтар мен қайшылықтар орын алды. Ф.Аквинский құдай болмысын ақыл-ой арқылы дәлелдеуге тырысты. Ол екеуі де реализмнің өкілдері болғандықтан, номинализмге қарсы болды, екеуі де дін жолына қызмет етті.

Схоластиканың көрнекті өкілі Роджер Бэкон (1214-1294) Оксфорд университетінде оқып, білім алған, Парижде оқытушылық қызмет атқарған. Кезінде алпауытты қоғамның әлеуметтік негіздеріне қарсы шыққан адам. Оз дәуірінің құрлықтық ерекшеліктерін сынаған кезде Р.Бэконға ештеңе де тосқауьш бола алмады, ол тіпті, Рим папасынан да қорықпады. Осынысы үшін ол қатаң жазаланды. Оның шығармаларына тиым салынды, өзін ұзақ жылдарға түрмеге (14 жыл) жауып қойды. Оны өлерінен екі-ақ жыл бұрын денсаулығына байланысты бостандыққа шығарған еді.

Р.Бэконның ғылыми, философиялық ойларының тарихи маңызы әрқилы болды. ғылымда, әсіресе, логикада ол шынайы жаңалықтар ашты, ал философияда кейін қалып қойды. Ол философияның мақсатын діни уағыздардың маңызын дәріптеу деп түсінеді. Р.Бэкон — тәжірибенің таным мен ғылымдағы мазмұнын әрі маңызын алғаш рет негіздеген ғұлама. Білімнің көзі, оның пікірінше, тәжірибеде, пікірталаста жөне беделде. Ең дұрыс пікірлерінде ақиқаттылығы тәжірибе арқылы тексерілуі керек. Бұл орайда танымға философия және діни сенім жәрдемге келуі тиіс. «Білім — күш» деп ең алғаш жар салған да осы Р.Бэкон еді. Оның ілімі философия тарихынан өзіне лайықты орынын иемденген, өрі болашақ дәуірлер үшін, әсіресе ғылымда, логикада ашқан соны жаңалықтары игі өсерін тигізді.

XVI ғасырдың номиналистері католик дінбасыларының өкімет билігіне таласуына (клерикализм) қарсы дықты. Олардың ішіндегі ең көрнектісі В. Оккам (1300-1350) бөлді.Ол Англияда туып-өскен еді. Оксфорд университетінде оқыған. Өзінің клерикализмге қарсы күрескені үшін қуғынға ұшыраған. Ол саяси шығармалардан басқа философия және діни уағыздар саласынан бірталай еңбектер жазды.

Философиядан жазған шығармалары негізінен Аристотельдің логикасы мен физикасына арналған еді. Ол құдай болмысын философиялық тұрғыдан дәлелдеудің барлық түрін өткір сынға алды. Құдай болмысын дәлелдеу философияның емес, діни сенімнің ісі, деді ол. Оккам үшін тек тылсым сезім (интуиция) мен көзқарақты білім растайтын фактілердің ғана ғылым үшін маңызы бар. Оның бұл қағидасы мынадай қорытындыға келіп тіреледі:

1. Түсіндіруді қарапайымдылыққа негіздеу Оккам қағидасы.

2. Тек жалқылар (заттар мен құбылыстар) шынайы өмір сүреді (номинализмнің негізгі қағидасы).

Ғылымның мақсаты — жалқыларды, жеке заттар мен құбылыстарды зерттеу, танып-білу. Ал жалпылар тек адамның ақыл-ойында ғана болады. Ақыл-ойдан тыс және тәуелсіз өмір сүретін нәрселер тек жалқылар. Жалпы ұғымдар заттардың өздеріне тән нәрсе емес, бірақ та оларда шынайы мазмұн болуы мүмкін. Жалпы ұғымдар белгілердің қызметін атқарғанымен, олар кез-келген заттардың белгілері емес, яғни белгілі бір жалпы ұғымдар, белгілі бір заттардың, құбылыстардың белгілері, таңбасы. Мысалы, жылқы ұғымы барлық тірі жылқылардың атауы, белгісі. Демек, белгілі бір жалпы ұғым біртектес заттардың белгісі болады екен.

Оккамның пікірінше таным шынайы өмір сүретін нақтылы заттар мен құбылыстарды (жалқыларды) түйсіктер арқылы бейнелеуден басталады. Осыған орай ол білімнің екі түрін айқындайды:

1. Білімнің алғашқы түрі — бұл көзқарақты немесе ішкі сезімге құрылған, жалқыларды бейнелеудің нәтижесінде пайда болған білім;

2. Дерексізденген (абстракция) білім — бұл жалпы ұғымдар туралы бөлім.

Алайда Оккамның номинализмі екіұдай сипатта болды. Тәжірибелік сезімдік танымды дұрыс бағалай отырып, ол ғылымның, философияның бей заттық түпнегіздері (субстанция) және құдайды танып білу жолындағы дәрменсіздігін мойындауға мәжбүр болды, өйткені олар сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейді ғой. Бұл жерде Оккам Д. Скоттың пікірін жақтаған.

Қорыта айтқанда, схоластика философияның ерекше бір түрі ретінде алпауыттар қоғамының рухани өміріне тән еді. Оның ерекшелігі — сергек ойды діни сенімге бағындыруға талпыну болды. Алпауыттар қоғамының мың жылға созылған даму нәтижесінде ой керенаулығы бел алып, ой белсенділігі тоқырауға ұшырады, себебі, ғылымдар ақиқатты іздеу жолына емес, құдай болмысын дәлелдеу жолына түсіп кеткендіктен небір данышпан ақыл-ой иелері, көрнекті ғұламалар өз дәрежесінен айтарлықтай көріне алмады. Оның есесіне философиялық, ғылыми ойдың даму орталығы ортағасырлық Шығысқа ойысты да, XIV ғасырға дейін мәдени өркендеудің ошағы сонда болды.

Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!