Нөл саны туралы | туралы қазақша

0


nol-sany
Нөлдің ең алғашқы нышаны б.з.б. V ғасырда Вавилон математиктерінің алпыстық санау жүйесінде ерекше таңбамен (қосарланған сына тәрізді) бейнеленіп жазылған. Грек математиктері вавилондықтардың 60-тық санау жүйесін қабылдап алып, әлгі қос сынаның орнына өздерінің «ештеңе жоқ» — «Оуден» деген сөзінің алғашқы әрпі — «О-мен» белгілеп жазған. Осы белгіні үнді математиктері біздің заманымыздың V-VI ғасырларында қайта жаңғыртып, өздері ұсынған ондық санау жүйесінде пайдаланған.

Ұзақ уақыт нөл саны сандар қатарына косылмаған. Біздің заманымыздың III ға-сырында ғұмыр кешкен ежелгі грек математигі Диофанттан бастап ортағасырлық математиктер заманына дейінгі кезенде нөл саны ешқандай теңдеулердің түбірлері бола алмайды деген түсінік үстем болған. Тек 1637 жылы француз математигі Рене Декарттың (1596-1650) координаттар жүйесін ғылымға енгізген кезінен соң 1659-61 жылдары голланд математигі Иоганн Гудденің (1633-1704) координаттар жүйесіне оң және теріс мәндерді меншіктеуіне байланысты нөл саны өзге сандар (оң сандар мен теріс сандар) қатарынан орын алған. Кезінде неміс философы Фридрих Энгельс (1820-1895) нөлдің маңызын былай бағалаған болатын: «Нөлдің кез келген тиянақты санды жоққа шығару болып табылатындығынан оның маңызы жоқ деуге болмайды. Керісінше, нөлдің әбден тиянақты мазмұны болады. Барлық оң және теріс шамалардың арасындағы шекара ретінде ол белгілі бір сан болып қана қоймайды, сонымен бірге өзінің табиғаты бойынша барлық басқа, өзі шектейтін сандардан маңызды сан болып табылады. Расында, нөлдің кез келген саннан өзге саннан мағынасы мол. Кез келген санның оң жағынан қатарласып, ол біздің санау жүйемізде әлгі санды он есе арттырады… Нөл өзіне көбейтілетін басқа кез келген санды жойып жібереді… Қайсы бір теңдеудің шынайы маңызы… тендеу нөлге теңестірілсе ғана… әбден анық байқалады».

Нөл көп мәнді цифрлардың немесе ондық бөлшектердің жазылуында белгілі бір разрядтың болмайтындығын білдіретін цифр ретінде қолданылады. Нөлдің өзгедей қасиеттері: а*0=0; а-а=0; егер ab=0 болса, онда не а=0 немесе b=0 болмақ.

#Нөл #саны #туралы

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз